Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Карденьо оған қас қақпай қарап отырды; қазір ол ақыл-естен ажыраңқырап қалған халде еді, сондықтан әңгімесін жалғай алмайтын, ал Дон Кихот болса, ештеңе тыңдағысы келмейтін жағдайда болатын, өйткені королева Мадасима жөнінде естігендері оны шамадан тыс шамдандырып жіберген. Таңғаларлық нәрсе: ол королеваға бейне бір өзінің шын мәніндегі, яғни туа бітті сеньорасы ретінде ара түскен-ді, ал соның бәрі әлгі түкке тұрғысыз жеркенішті романдардың қырсығы болатын! Карденьо, әлгінде айтылғандай, онсыз да ауытқыңқырап отырған, ал оған суайт, жексұрын және басқа осындай атақтар таңылған кезде быт-шыт боп ашуланды да, жерде жатқан тас кесекті ала салып Дон Кихотқа жіберіп қалды, тас оның кеудесіне барып тиіп, анау отырған жерінде етпетінен құлап түсті. Қожайынына жәбір жасалып жатқанын көрген Санчо Панса делқұлыға жұдырығын ала жүгірген, бірақ анау оны лайықты қарсы алды: бір-ақ ұрып жалпасынан түсіріп, іле-шала үстіне қонжия кетіп, айызы қанғанша соққылады. Санчоны қорғамаққа талпынған бақташы да соның кебін киді. Сөйтіп үшеуін үш жаққа лақтырып, сілейтіп салған мүсәпір түк ештеңе болмағандай асықпай аяңдап тау арасына кіріп қарасын жоғалтты. Санчо орнынан тұрып, жоқ жерден бостан-бос таяқ жегеніне жаны күйіп, ашуын бақташыдан алды: бәріне кінәлі сен, өйткені бұл адамның есі кіресілі-шығасылы екенін алдын-ала ескерткен жоқсың, егер ондайын білген болсақ қам жасар едік те, сыбағасын берер едік, дегенді айтты. Бақташы ескерткенін, егер оны Санчо естімесе, онда өзінің кінәсі жоғын айтып қарсылық білдірді. Сөйтіп, Санчо Панса оны бір сөзбен мұқатып, анау оған екі сөзбен жауап қатып, осындай қызды-қызды сөз алмасудың нәтижесі бір-бірінің сақалына жармасып, бір-бірін төмпештің астына алуына әкеп соқтырды, егер Дон Кихот келіп тыныштандырмаса, екеуінің де пәрша-пәршасы шығатыны кәміл-ді.

Бақташымен айқастан айызы қанбаған Санчо айқайын салып:

— Неңіз бар менде, тақсыр, сеньор Қайғылы Бейне Рыцары! Ол да мен сияқты қарапайым пенде ғой, рыцарьлар қатарына қабылданған адам емес қой, ендеше жәбір көрсеткені үшін оны еш қысылып-қымтырылмастан төмпештеп алуыма және әділдікті сүйер адам ретінде жекпе-жек күш сынасуға қақым бар ғой! — деді.

— Солайы солай, бірақ, менің білуімше, болған жайда оның ешқандай кінәсі жоқ, — деді Дон Кихот.

Оның бұл ескертпесі қарсыластарды сабасына түсірді де, Дон Кихот сол арада бақташыдан Карденьоны қалай іздеп табуға болатынын тағы сұрады, өйткені оның бастан кешкен оқиғаларын аяғына шейін тыңдауға айрықша құштар көрінеді. Бақташы оған әу баста айтқанын қайталады, яғни Карденьоның анық қай жерді мекен ететінін білмейтінін, бірақ егер Дон Кихот осы өңірді асықпай араласа, онда оны — есі дұрыс қалпында ма әлде ауыш күйінде ме — әйтеуір бір таппай қоймайтынын айтты.

ХХҮ тарау

Ламанчалық ержүрек рыцарьдың Сьерра Моренада бастан кешкен ғажайып оқиғалары және оның Қапалы Серіге еліктеп басына азап артуы жайында

Бақташымен қоштасқан Дон Кихот қайтадан Росинантқа қонып, Санчоға соңынан еруге әмір етті, есегі секілді бұл да бұйрықты өте ықылассыз орындады. Ақыры олар таудың адам жүре алмайтын нағыз ойқы-шойқысына келіп жетті, сол арада Санчоның мырзасымен қалай тілдесерді білмей қыпылықтап есі кетті, бірақ өткен жолғы ескертпесі жадында жүргендіктен, бірінші болып өзі сөз бастауын күтті. Алайда үнсіздік тым ұзаққа созылып кеткендіктен, төзімі таусылған ол былай деп тіл қатты:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий