Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бақташыдан естігендері Дон Кихотты қатты толғандырып, осынау есалаң байғұстың кім екенін білуге деген құштарлығын бұрынғыдан да бетер күшейте түсті, сөйтіп ол ойға алған ісін аяғына дейін жеткізуге өзіне-өзі серт берді, анығырақ айтқанда: тауды түгел сүзіп, барлық қуыс-қалтарысы мен үңгірін тінтіп, қайткен күнде де оны тауып алмақ болды. Алайда, тағдыр бәрін өзі жобалағаннан немесе күткеннен әлдеқайда тәуір үйлестіріп берді, өйткені дәл осы қас-қағымда бұлардың тура қарсы алдынан, таудың аңғарынан өздері іздеп жүрген жігіт бой көрсетті: ол әлдене жайында өзімен-өзі сөйлесіп келе жатыр еді, оның не деп келе жатқанын тіпті жақын жерден де ешкім ұғып болмайтын, ал жырақтан екібастан. Үстіне кигені жоғарыда сипатталған киім еді; оған қоса, оның қасына таяп келген Дон Кихот бұның жыртық-жыртық бешпетіне амбра иіс суы себілгенін сезді, бұл жағдай рыцарымызды мұндай киім киетін адам қара халықтан шықпайды деген ойға біржола орнықтырды.

Жақындап келген жас жігіт бұларға қарлығыңқы бәсең дауыспен, бірақ мейлінше инабаттылықпен сәлемдесті. Дон Кихот оның иіліп берген сәлеміне одан артық болмаса кем түспейтін ізеттілікпен жауап қатып, атынан түсіп, оны ешбір қысылып-қымтырылмастан айрықша достық пейілмен құшағына қысты және бейне баяғыдан білетін адамынша ұзақ уақыт бойы құшағынан босатпай тұрып алды. Дон Кихотты Қайғылы Бейне Рыцары дейтініміз сияқты, Аянышты Бейне Мүсәпірі деп атауымызға әбден болатын жас жігіт әу баста өзін құшақтауға ерік бергенімен, кейін Дон Кихотты сәл-пәл әрі итеріп, иығына қолын қойған қалпы, бұл өзі бұрын көрген адамы ма, әлде жоқ па, соны ажыратып алғысы келгендей оған тесіле қарап тұрып қалды; өзі Дон Кихотты қаншалықты қатты таңғалдырған болса, Дон Кихоттың кескін-кейпі, сымбаты мен сауыт-сайманы да оны, шамасы, тап сондай дәрежеде таң-тамаша қалдырған болса керек. Құшақтасқаннан кейін, ақыр соңында, әлгі мүсәпір бірінші боп сөз бастады, ол жайында алдағы тарауда әңгіме болады.

ХХІҮ тарау

Мұнда Сьерра Моренадағы шытырман оқиға жайындағы әңгіме әрмен жалғасады

Тарихта Дон Кихот үсті-басы адам көргісіз алба-жұлба Тау Рыцарын мейлінше зор ықыласпен тыңдады деп жазылған, ал анау әңгімесін былай бастаған еді:

— Әлбетте, сеньор, сіз кім болсаңыз да, — өйткені, сізді танымаймын, —көрсеткен құрмет-қошеметіңіз үшін ырзашылығымды білдіруді парызым санаймын, сонымен бірге осы арада өзіңіз көрсетіп те үлгерген ізгі ықылас-пейіліңізге жауап ретінде өзім де сізге сондай ықылас-пейіл білдірумен ғана шектеліп қалмасам деп едім, алайда тағдыр маған өзіме жақсылық жасаған жандардың қай-қайсысына да бар болғаны тек оның қарымтасын қайтару жайындағы ізгі ниетім арқылы ғана ырзашылық таныту мүмкіндігін қалдырып отыр.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий