Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бір мезгілде оқыс басын көтерген ол мырзасының Росинантты тоқтатып қойып, жердегі әлде бір буманы найзасының ұшымен көтермек боп әлекке түсіп жатқанын көрді, бұл көрініске таңырқаған ол қол ұшын бермекке жылдам жүгіріп қожайынының жанына жетті, бірақ бұл келген кезде Дон Кихот әлденендей көпшік пен оған байланған жартылай, тіпті толықтай дерлік шіріп, бүлінген шамаданды шолақ найзасының ұшына іліп көтере бастаған да еді; алайда бұл заттардың ауырлығы сонша оларды көтеру үшін Санчоға арқалап жүрген жүгін жерге тастауға тура келді; бұдан соң Дон Кихот оған шамаданда не жатқанын қарауға әмір етті. Санчо айрықша ыждағаттылық көрсетті, осынау іріп біткен, тесік шамаданда не барын білуге оның құлпы да, шынжыры да бөгет жасай алмады, — онда жұқа голланд кенебінен тігілген төрт көйлек пен тап сондай таза әрі тап сондай қымбат іш киімдер жатыр екен; ал бет орамалдан қос уыстай алтын теңге табылды. Соны көрген Санчо:

— Бізді осындай өте пайдалы шытырман оқиғаға жолықтырғаны үшін жаратқанға мың алғыс! — деп дауыстап жіберді.

Одан соң іздеуін әрмен жалғастырып, тәп-тәуір мұқабамен тысталған қойын дәптер тауып алды. Дон Кихот дәптерді алды да, ақшадан бас тартып, Санчоға оны қалтаңа салып қой деді. Есі кетіп қуанған Санчо бұл жомарттығы үшін оны қолынан қайта-қайта сүйіп, алғысын жаудырды, сосын шамадандағы барлық киімді азық-түлік дорбасына сықастырып салып алды. Осыны үнсіз бақылап тұрған Дон Кихот былай деді:

— Маған мынандай ой келіп тұр, Санчо: шамасы, бағдарын жоғалтқан әлдебір жолаушы осы тауларда адасып қалған шығар, оған қаныпезерлер тап беріп, өлтіріп тастаған болар, ал денесін адам жүрмейтін мына жапан түздегі бір жерге көміп кеткен шығар — шынымен-ақ осындай оқиғаның орын алғанына еш күмәнім жоқ.

— Олай болуы әсте мүмкін емес, қарақшылар ақшаны қалдырып кетпес еді, — деді Санчо келісіңкіремей.

— Бұның көңілге қонады, — деді Дон Кихот, — бірақ, ондай жағдайда мұның бәрінде нендей мән барын түсіне алмай тұрмын, тіптен ақылым жетпейді. Алайда, тоқтай қал: мына қойын дәптерді қарайық, бәлкім, мұнда өзімізге ой-түрткі болуға жарайтын, білмекке аңсарымыз ауып тұрған нәрселеріміз жайында әлденендей бір мәлімет беретін жазба бар шығар.

Ол қойын дәптерді ашты, оның беттерінен ең алғаш ұшырасқаны — сонет болды, қайта көшіріліп жазылмағанымен жазуы анық та әдемі екен, Дон Кихот сонетті Санчоға алғашқы жолынан ақырғы жолына шейін дауыстап оқып берді:

Әлде Купидон салды ма мені мазаққа,

Әлде мүлдем жаңылды ма жобадан,

Әлде нендей тауқымет бар ма зобалаң —

Тең келмейтін тағдырым берген азапқа.

Бірақ, Купидон құдай ғой биік айбары —

Ол кемеңгер, емес және тас бауыр.

Азабымның қайда, ендеше, бастауы,

Қайда күллі қуаныш-шаттық қайнары?

Сенде деп те, Филида, айтпан әңгіме:

Жақсылыққа жуыспайды жамандық,

Ізгілік пен зұлымдық қоңсы қонбайды.

Бір нәрсе анық: қабірге кетем мәңгіге,

Өйткені, енді қалмады қызық маған түк —

Себебі жоқ сырқатқа дауа болмайды.

— Бұл жырдан бірдеңе түсіне қою қиын екен, — деді Санчо, — оған қоса онда қайдағы бір бәңгілер жайында айтылады екен.

— Қандай бәңгілерді айтып тұрсың? — деп сұрады Дон Кихот.

— Маған сіз бәңгіге деген секілді болдыңыз.

— Ау, бәңгіге деген жоқпын, мәңгіге дедім ғой, — деп түзетті оны Дон Кихот. — Шамасы, автор өзінің ұзамай ана дүниеге аттанатынын айтқысы келген сықылды. Байқауымша, бұл әжептәуір жақсы ақын тәрізді, егер поэзиядан бірдеңе білетін болсам.

— Сонда сіздің, тақсыр, өлең жайынан да хабарыңыз болғаны-ау? — деп сұрады Санчо.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий