Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Соны айтып, көп ойланып жатпастан, аса бір әбжілдікпен комиссарға тап берді, қорғанып та үлгеруге мұршасы болмаған анау дұшпанының найзасына түйреліп жерге топ ете қалды; бұл Дон Кихот үшін сирек кездесетін сәттілік болды, өйткені тек комиссар ғана мушкетпен қаруланған еді. Мына күтпеген оқиғадан айдауылдар қатты абыржып, аңтарылып қалған болатын; бірақ тез арада оңалып, аттылысы семсерін, жаяулары найзасын оңтайлап бәрі бірігіп Дон Кихотқа тұра ұмтылды, — Дон Кихот болса, былқ етпей сабырмен тосып тұрды; егер бостандыққа қол жеткізер сәт туғанын сезе қойған қылмыстылар соны пайдаланып қалуға жан салып, бір-біріне қозыдай көгенделген шынжырды үзуге кіріспегенде Дон Кихоттың жағдайы онша жақсы бола қоймайтыны анық-ты. Адам түсініп болмайтын аласапыран басталды: айдауылдар біресе шынжырды үзіп жатқан қылмыскерлерге қарай жүгірді, біресе өздеріне қайта-қайта төніп келе берген Дон Кихотты жасқап әлек болды — әйтеуір еш пәтуалы іс тынбады. Санчо өз тарапынан Хинес де Пасамонтенің босап шығуына көмектесті, сөйтіп бұғаудан алғаш боп құтылып, бостандық алған ол жүгіріп барып жаралы комиссардың шпагасы мен мушкетін қолынан жұлып ап, айдауылдарды біресе шпагамен түйреуге талпынып, біресе оларды нысанаға іліктірмек боп әрекеттеніп бақты; бірақ ақыры оқ ата алмады, өйткені бұл нысана іздей бастаған сәтте-ақ майдан алаңы қаңырап бос қалған-ды: айдауылдар бір жағынан Пасамонтенің мушкетінен қорқып, екінші жағынан бұғаудан босаған қылмыстылардың қарша бораған тас кесектерінен бас сауғалап тым-тырақай қаша жөнелген болатын. Бұл оқиға Санчо Пансаның көңілін жабырқатып қойды, өйткені ол қашып құтылғандардың болған жайды Қасиетті ағайындыққа барып мәлім қылатынын, олардың дабыл қағып, қылмыскерлерді іздеуге қолма-қол аттанатынын қауіп етіп еді. Осы қауіпін ол Дон Кихотқа баян қылып, бұл арадан мүмкін болғанынша тезірек қараны батырып, жақын маңайдағы таудың арасына барып жасырынуға кеңес берді.

— Жарайды, жарайды, қандай шара жасау керегін өзім білем, — деді Дон Кихот.

Одан соң ол каторгаға кесілгендерді түгел жанына шақырып алды, ал бұл кезде комиссарды түгін қалдырмай тонап алған олар, айнала-маңайға шашырап кеткен-ді; не айтар екен деп күткен қылмыстылар Дон Кихоттың төңірегіне топырласты, ал анау оларға мына тұрғыда әңгіме айтты:

— Тәрбиелі жандар өздеріне қызмет қылған адамға тиісінше қарымта қайтаруға тиіс, өйткені күнә атаулының ішінде жаратқан иеміздің ашуына әсіресе қатты тиетіні — жақсылықты білмеушілік. Мұны айтып тұрған себебім, сендер, сеньорлар, өздеріңе қызмет қылғаныма өз тәжірибелерің арқылы көзбе-көз куә болдыңдар. Сөйтіп, енді сендерге айтар тілегім, — және мұны өздеріңе міндет қылып та тұрмын, — осы жақсылығымның өтеміне әлгінде өзім босатқан бұғауларыңды қайта киіп, қазір қолма-қол аттанып кетіңдер де, Тобосо қаласына жеткен соң, сеньора Дульсинея Тобосскаяның алдына барып оған өз рыцарының, яғни Қайғылы Бейне Рыцарының, сәлемін айтып, осынау ғажайып шытырман оқиға жайында, арман еткен бостандықты қалай алғандарың жайында егжей-тегжейлі баян етіңдер. Одан соң қайда барғыларың келсе сонда, қалаған жақтарыңа кете берулеріңе болады.

Барлығы үшін Хинес де Пасамонте жауап берді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий