Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Мені галераға өзімнің екі немере қарындасыммен және басқа да тағы екі қарындасыммен, — бірақ, бұлар өзімдікі емес, — ойнап-күлгенім үшін жіберіп жатыр. Бұл қыздармен арадағы ойынымның түбі шойынға айналып, нәтижесінде шайтанның өзі де шатасатын туысқандық пайда болды. Айыбымды мойындамас амалым қалмады, қанатының астына алар ешкім табылмады, ақша тағы жоқ, сондықтан өзімді дар ағашы тосып тұрғанына еш күдігім болмаған, бірақ маған алты жыл галера берілді, мен келістім: өзіме де сол керек! Оның үстіне әлі жаспын, бар өмірім алда, ал тірі адам тырбанса дегеніне жетпей қоймайды. Егерде, сеньор кавальеро, біз секілді сормаңдайларға аз да болса көмегіңіз тисе, жаратқан иеміз ана дүниеде сізді шапағатына бөлер еді, ал біз мына дүниеде өзіңізге дұғамызды бағыштап, ұзақ жасап, бақуатты, бақытты ғұмыр кешуіңіз үшін түн баласы бар ізгі тілегімізді арнап, құдайға құлшылық етумен болар ек, өйткені өзіңіз секілді, бір қарағанда-ақ байқалып тұрған мейірбан адам сондай ғұмыр кешуге әбден лайықты-ақ қой.

Бұл — үстіне студент киімін киген жігіт еді, айдауылдардың бірі оны бір кісідей көппе және біршама жақсы латинист деп атаған-ды.

Оның артында отыздардағы еркек келе жатқан, бір көзі екіншісіне қарай көбірек үңіле беретіні болмаса, түр-кескіні әжептәуір сымбатты болатын. Серіктеріне қарағанда ол өзгешелеу түрде бұғауланған-ды: аяғы ұзын-шұбақ шынжырмен кісенделген болатын, шынжырдың ұзындығы сонша, бүкіл денесін орап тастауға еркін жететін, ал мойнына екі шығыршық салынған-ды, — бірі шынжырға дәнекерленіп тасталыпты, ал досыңды күзет немесе достық құшақ деп аталатын екіншісі екі қолға салынған темір бұғаумен екі темір шыбық арқылы белдің тұсынан тоғысыпты, қолдағы бұл бұғаулар үлкен құлыптармен бекітілгендіктен анау не қолын аузына апара алмайтын, не басын төмен түсіре алмайтын. Дон Кихот басқаларға қарағанда бұл адамда бұғаудың неге мұнша көптігін сұрады. Айдауыл оған бұның бір өзі ғана мыналардың бәрі жабылып жасаған қылмысты қосып есептегендегіден де көп қылмыс жасаған деп жауап қатты, оның үстіне аяқ-қолы бірдей кісенде болғанына қарамастан мұның өжеттігі мен айрықша айлакерлігін білетін күзетшілердің оған онша сеніңкіремейтінін және қашып кете ме қорқатынын да айтты.

— Бар-жоғы тек галераға жіберуге үкім шығарылса, сонда мұның қандай қылмыс жасағаны? — деп сұрады Дон Кихот.

— Бірақ, бұл галераға он жылға жіберіліп отыр ғой, — деді айдауыл келіспей, — ал ол да бір, азаматтық өлім де бір. Бұл сүйкімді жігітіміз —атышулы Хинес де Пасамонте деген болады. Кейде оны Хинесұмпай де Зәбірильо деп те атайды.

— Сеньор комиссар! Тіліңізді тартыңыз, — деп сотталған жігіт сөзге араласты. — Біреудің есімі мен лақап атын сан-саққа жүгіртпеңіз. Мәртебелі мырзаның айтып тұрғанындай, менің есімім Хинесұмпай емес, Хинес, мен Зәбірильо әулетінен емес, Пасамонте әулетіненмін. Біреуге бірдеңе демес бұрын жұрттың өз сықпытына көз салып қойғаны жаман болмас еді.

— Шектен шықпаңыз, сеньор бірінші дәрежелі қарақшы! — деп комиссар оған ақырып жіберді. — Әйтпесе аузыңызды жаптыра қоюым қиын емес.

— Адам не айтпайды, құдай өз дегенінен қайтпайды, деген ғой, — деп құлаққағыс етті қылмыскер, — бірақ, қалай болған күнде де, әйтеуір менің есімім Хинесұмпай Зәбірильо ма әлде басқа ма, арада бірқатар уақыт өткенде оның бірқатар адамға бек жақсы мәлім болары кәміл.

— Ау, сені жұрт солай атамаушы ма еді, алаяқ-ау? — деп айқайлап жіберді айдауыл.

— Атағандарынша атар, сосын ауыздарын жабар, — деп жауап қатты Хинес, — керісінше жағдайда, атын айтуға қолайсыздау жерлеріндегі жүнін бір талдап жұлып берем. Сеньор кавальеро! Бізге бірдеңе беріп жарылқамақ ойыңыз болса, беріңіз де жөніңізді табыңыз, әйтпесе бөтен біреудің күйкі тіршілігіне деген әдепсіздеу әуесқойлығыңызбен бізді әбден ығыр қылдыңыз. Егер сізді менің өмірім қызықтыра қалса, онда біліп қойыңыз, мен Хинес де Пасамонте деген болам және ғұмыр жолымды өз қолыммен жазып шыққан адаммын.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий