Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Ендеше, — деп іліп әкетті Санчо, — өзімізді құдайдың құзырына тапсырып, тағдыр-талайымызға сену ғана қалады, бізді соның өзі-ақ жарылқаудай жарылқайды.

— Жасаған ием, тілегімді бере гөр, — деп күбір етті Дон Кихот. — Сенің де, Санчо, не нәрсеге мұқтаж болсаң соныңды таптыра көрсін, ал мүсәпірлік өзін мүсәпір санайтындардың үлесінде қалсын.

— Айтқаныңыз келсін, — деді Санчо. — Мен таза қанды христианмын ғой, ал граф болуым үшін осының өзі-ақ жетеді.

— Артығымен жетеді, — деді Дон Кихот. — Тіпті сен ондай болмаған күннің өзінде де, бұл ештеңеге бөгет жасай алмас еді: король тағына отырған бойымда-ақ саған дворян атағын берем, оны сатып алып та, сол үшін ұзақ жылдар бойы қызмет атқарып та әуреленбейсің. Саған граф атағын қалай берсем, солай дворян боп шыға келесің, одан соң жұрт не десе о десін; арыммен ант етейін, әркім-ақ сені еріксізден-еріксіз мәртебелі мырза деп дәріптейтін болады.

— Мен граф деген атауға кір келтірмеймін, оған кәміл сеніңіз! — деді Санчо.

— Атауға демеу керек, атаққа деу керек, — деп түзетіп қойды оны Дон Кихот.

— Мейлі, солай-ақ болсын, — деп келісе кетті Санчо Панса. — Айтайын дегенім, мен оған тез оңтайлана алам: ертеректе, — оллаһи шыным, өтірік емес, — бір діни қауымда қызмет еткенмін, сондағы қызметшінің киімі маған өте үйлесіп тұратын, соны көрген жұрт мына етженді пошымыма қарап, қауымды басқаруға әбден лайық екенсің дейтін. Ал, егер иығыма герцог мантиясын іліп, шет ел графтарынша алтын мен інжуге малынып жүрсем ше? Басымды бәске тігуге бармын, мені бір көріп қайту үшін жұрт жер-жерден ағылып келе бастайтын болады.

— Әрине, ондай жағдайда кейпіңнің көзге тартымды көрінері анық, — деді Дон Кихот. — Алайда, жиі қырынып тұруыңа тура келеді, әйтпесе сақалыңның мына қазіргі түрі тым сұрықсыз — әрі қалың, әрі ұйысып, үрпі-түрпі боп кеткен, күн ара болса да қырынуды дағдыға айналдырмасаң, мушкет оғы жететін жерден-ақ кім екенің көрініп тұрады.

— Оның жолы оңай ғой, шаштараз жалдап, жалақы беріп жанымда ұстасам болмай ма? — деді Санчо. — Грандтың соңынан ерген атшы секілді ол да қасымнан қалмай еріп жүретін болады.

— Ау, грандтың соңынан атшы еріп жүретінін сен қайдан білесің? — деп сұрады Дон Кихот таңырқап.

— Қазір айтып берейін сізге, — деді Санчо. — Бұдан біраз жыл бұрын астанада бір айдай тұрғанмын, сонда тәпелтек бойлы бір мырзаның, — жұрттың айтуынша, бойы аласа болғанымен биік мансап иесі көрінеді, — көшеде қыдырыстап жүргенін көргем; бір қызығы, ол қалай қарай бұрылмасын мейлі, бір салт атты қыр соңынан қалмай ереді де отырады. Мен жұрттан бұл атты кісі неге онымен қатар жүрмейді, неге әрдайым артта болады деп сұрадым. Маған жұрт: бұл оның атшысы, грандтарда қайда барса да атшысын соңынан ертіп жүретін дәстүр бар, деп түсіндірді. Сонда бұл сөзді жадымда жақсылап сақтап қалғам, әлі күнге шейін ұмытпаппын.

— Бұл ойыңды қолдайтынымды және соңыңнан шаштараз еріп жүретіндей себеп сенде баршылық екенін айтуға тиіспін, — деп құлаққағыс етті Дон Кихот. — Дәстүрлер біртіндеп қалыптасып, қолданысқа да біртіндеп енеді, аяқ асты пайда бола кетпейді, сондықтан сен соңынан шаштараз еріп жүретін тұңғыш графқа айналасың. Оның үстіне ат ерттейтін адамнан гөрі сақал қыратын адамға көбірек сенім артуға болады.

— Шаштаразға қатысты мәселе — менің шаруам, — деді Санчо, — ал сіздің шаруаңыз, тақсыр, король болуға тырысу және мені граф атандыру.

— Солай болады да, — деді Дон Кихот нық сеніммен.

Соны айтып, басын көтеріп жол бойына көз жіберген ол әлде бір оғаш көріністі байқап қалды, ал бұл жайында келесі тарауда әңгімеленеді.

ХХІІ тарау

Баруға мүлдем ықылассыз жақтарына күшпен айдалып бара жатқан бақытсыз сорлыларды Дон Кихоттың қалай құтқарғаны жайында

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий