Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Мен жеңілгендерді тонап дағдыланған адам емеспін, — деп реніш білдірді Дон Кихот, — оған қоса, жауының атын тартып алып, жаяу жіберу деген нәрсе рыцарьлықтың салтында жоқ; тек сайыс кезінде сәйгүлігі майып болған жағдайда ғана жеңімпаз әділ айқаста қолға түсірген олжа ретінде жеңіліс тапқан дұшпанның атына ие болуға қақылы. Сондықтан да, Санчо, бұл атты немесе есекті, — қалай атағың келсе, солай атай бер, — жайына қалдыр, жырақтап кеткенімізді көргенде қожайыны оған қайтып оралады.

— Бұған өзім ие болуға, тым құрығанда есегіммен айырбастауға қалай құлқыным құрып тұрғаны бір құдайға ғана аян, өйткені менің есегім мұнымен шендесе де алмайды ғой, — деп шынын айтты Санчо. — Бір есекті екінші есекке айырбастауға рұқсат етпейтін рыцарьлықтың заңдары да шынымен қатал-ақ екен. Айтыңызшы, тақсыр, бәлкім, онда ер-тұрманды айырбастауға болатын шығар?

— Болады деп кесіп-пішіп айта алмаймын, — деп жауап қатты Дон Кихот. — Расында да, бұл өзі өте күрделі мәселе, дегенмен, бұл тұрғыда толық мағлұмдар болмауым себепті, оны айырбастауға саған уақытша пұрсат бере алам, бірақ тек соған айрықша мұқтаждық сезіп тұрсаң ғана.

— Айрықша мұқтаж боп тұрғаным сондай, — деді Санчо, — егер бұл ер-тұрман тіпті өз қара басыма қажет болған жағдайда да бұл жайында осыншалықты уайым шекпеген болар ем.

Рұқсат алған ол қолма-қол mutatіo caparum27 ісін атқарып үлгерді,

сөйткеннен соң көз жауын алатын көркем әбзелге ие болған есектің

құлпырып шыға келгені сонша, қарасаң көз тоймайтындай түр тапты. Бұдан кейін олар ана жолы жүк артылған қашырдан олжа еткен азықтарын жеп, бұлақ суымен шөл қандырды, осы шаруаларымен айналысып жатқан шақтарында әлгі зәрелерін зәр түбіне жіберген жеккөрінішті шеберхана жаққа ешқайсысы көз қиығын да салған жоқ.

Жандары жай тауып әрі көңілденіп сала берген олар ақыры көліктеріне мінді; әлденендей бір мақсат-мұрат көздемей-ақ бет-алды қаңғылестей беру кезбе рыцарьлардың дәстүріне айналғандықтан, бұлар да Росинанттың ықтиярына бағынып еш мақсатсыз алға қарай аса берді — қожайынының еркімен қатар, серіктік сезім жетегімен қайда барса да соңынан қалмай еріп жүрген есектің еркі де соның ықтиярында болатын. Қалай болған күнде де, әйтеуір олар қайтадан күре жолға түсіп, ешқандай мақсат-мұратсыз соқыр тәуекелмен тартып кетті.

Сөйтіп, осылай ілініп-салынып жүріп келе жатқан кездерінде ойда жоқ жерден Санчо мырзасына қарап былай деп тіл қатты:

— Сеньор! Бәлкім, өзіңізбен азын-аулақ шүйіркелесуге кеңшілік етерсіз? Әйтпесе, маған сөйлеуге қатаң тыйым салған кезіңізден бері әңгіме етуге тұрарлық бес жағдаят ішімде босқа өліп кетті, сыртқа шығуға талпынып тілімнің ұшында тұрған мына ең соңғысы да солардың кебін құшпаса екен деп ем.

— Ал, айт, ендеше, — деді Дон Кихот, — бірақ тек барынша қысқа бол, өйткені мылжың сөзді ешкім де тыңдамайды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий