Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Болған іс жайында кімнің көзқарасы дұрыс дейтін болсақ, алдымен шолақ найзаңызды айтар едік, — деді Санчо, — себебі, оның көз жанары тура менің басыма бағытталған болатын, — алайда тек арқама ғана тигізе алдыңыз, бірақ бұл үшін құдайдың рақымы мен өзімнің аса бір ептілікпен жалтарып үлгергеніме ғана ырзалық білдірем. Ештеңе етпес, қол сынса — жең ішінде. “Сүйем, сүйгенім үшін ұрам” деген сөз де текке айтылмаған ғой. Оның үстіне, малайын жақсылап сыбап алу, сосын іле-шала оған шалбар сыйлау ақсүйек мырзалардың дағдылы әдеті емес пе. Ал, енді бірақ жақсылап сабап алғаннан кейін қандай сыйлық берілуі керек — ол жағын білмейді екем, бәлкім кезбе рыцарьлар атқосшысын әкесін танытып төмпештегеннен кейін оған сол бойда-ақ аралды немесе құрлықтағы бір корольдікті тарту ететін шығар.

— Айымыз оңынан туып, бәрі ойдағыдай боп жатса әлгі айтқандарың түгел орындалуы ғажап емес, — деп ескертті Дон Кихот. — Арамызда болған жаңағы кикілжіңді көңіліңе алма, өйткені сен ақылсыз біреу емессің, сезімге берілген адам алғашқыда еркінен айрылып қалатынын білесің және бұл болашақта шамадан тыс оттай бермеуің үшін өзіңе сабақ болатын болсын. Ал, енді саған мынаны айтайын, өзім оқып шыққан рыцарьлық романдардан, — ал, ондай романға сан жетпейді, — атқосшылардың өз мырзаларымен сен сияқты аузына тыным жоқ сөйлесе беретін бір де біреуін кездестірген емен. Шынымды айтсам, бұл арада екеуіміздің де тарапымыздан кемшілік кеткенін көріп тұрмын: сенің кемшілігің — маған тиісті дәрежеде құрмет көрсетпегеніңде болса, менің кемшілігім — өзіме лайықты құрмет білдіруіңді талап етпегенімде. Амадис Галльскийдің атқосшысы Гандалинді мысалға алайықшы: ол тегіннен-тегін Құрлық аралының графы атанды деймісің, ал соның өзі қожайынымен тілдескен кезінде бас киімін шешіп, басын бір жағына қарай жантайтып және more turquesco26 иіліп тұрған қалпында сөйлесетін болған деседі. Ал, дон Галаонның атқосшысы Гасаваль ше? Оның сөзге сараңдығы сонша, осынау қаншалықты ұзақ-сонар болса, соншалықты шыншыл хикаяның өне бойында автор оны бар болғаны жалғыз-ақ рет еске салып өтеді — онда да тек оның адам айтса сенгісіз тұйықтығын құлаққағыс ету үшін ғана. Өзіңе осы айтқандарымнан, Санчо, қожайын мен қызметші, дворян мен малай, рыцарь мен атқосшы арасындағы айырмашылықты ешқашан ұмытпау керек дейтін түйін жасауға тиіссің. Сондықтан, ендігі жерде бір-бірімізге көбірек сыйластық білдіретін болайық, бір-бірімізді әзіл-қалжыңға айналдырғанды доғарайық, өйткені ашу үстінде не істесем де, оның салдары саған онша тиімді бола қоймайды. Ал, өзіңе уәде еткен жарылқаулар мен сыйлықтар уақыты жеткенде қолыңа тиеді, қолыңа тимеген жағдайда, әйтеуір жалақыңды алатын боласың, ол сенен ешқайда қашпайды, бұл жөнінде саған бұрын да ескерткенмін.

— Мұның бәрі өте орынды, — деп құлаққағыс етті Санчо, — алайда өзіңізден сұрайын дегенім, — егерде жарылқау жайындағы үміт ақыры біржола үзіліп тынса, сөйтіп жалақы турасында ойланатын күн туса дегенім ғой, — бұрынғы заманда кезбе рыцарь атқосшысына қанша төледі екен және оған ай сайын төлеп тұрды ма екен әлде тас қалаушылармен есеп айырысқандай күн сайын төледі ме екен, соны білейін деп ем.

— Менің білуімше, ол кезде атқосшы жалақы алмайтын, сыйлық алатын, — деп жауап қатты Дон Кихот. — Ал, мен болсам, үйімде қалған, мөр соғып бекітілген өсиетімде сенің есіміңді құр әншейін, артық етпес деп атай салғам: мына қиянатшыл заманымызда рыцарьлықты қандай

тағдыр күтіп тұрғанын кім біледі, сондықтан түкке тұрмайтын бірдеңеге бола ана дүниеде жаным азапқа түспесін дегем. Иә, сен біліп қойғын, Санчо, бұл дүниеде шытырман оқиға іздеуден асқан қатерлі кәсіп жоқ.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий