Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Осы секілді және осыған ұқсас басқа да әңгімемен олар түнді де өткізді. Ақыры, таңның атуына аз қалғанын аңғарған Санчо ақырын ғана Росинанттың тұсауын ағытып, шалбарының бауын байлап алды. Росинант әдетте жуас мінезінен жаңылмайтын жануар-ды, бірақ осы жерде еркіндік алғанын сезініп азды-кем алағызып қалды, алайда, намысына тигелі отырған ештеңеміз жоқ, орғып-қарғуға қабілетсіз болғандықтан, бар-жоғы тек тұрған орнында тыпыршумен ғана шектелді. Росинанттың мына ісін көрген Дон Кихот бұл жақсылықтың нышаны ғой — қатты қайырым айқасқа шығатын кездің келгенін аңғартқан нышан ғой деп ойлады. Осы екі арада таң әжептәуір ағарып атып, айнала маңдағының бәрі айқын таныла бастаған, сол жерде Дон Кихот өзінің биік ағаштардың аясында тұрғанын, бұның каштандар екенін және бұлардан қою көлеңке түсіп тұрғанын көрді. Оған қоса, түндегі дүңкілдің әлі толас таппағанын аңғарды, бірақ оның не пәле екенін түсіне алмады, сондықтан еш кідірместен Росинантты шпормен бір тебінді де, Санчомен қайта қоштасып, өзін үш күннен артық күтпеу жөніндегі бұйрығын тағы бір нықтады; егер де осы уақыттың ішінде қайтып оралмаса, онда оның осынау қатерлі айқас кезінде тіршілік жолы тәмамдалғанын жаратқанның өзі жөн көргені, деді. Онан соң сеньора Дульсинеяға өз атынан қандай сәлем жеткізіп, не айтуы керегін тағы бір мәрте Санчоның есіне салды; ал, көрсеткен қызметіне тиесілі ақы жайы алаңдатып тұрса, онда Санчоның бұл турасында ешқандай уайым шекпеуіне болады; өйткені, ол, Дон Кихот, селодан аттанар алдында өсиет жазып қалдырған көрінеді, онда өзіне қызмет атқарған күндері үшін бұған жалақы төлеу жайы ескертіліпті; ал егер жаратқан осынау аса қауіпті айқастан аман-есен, жеті мүшесі сау күйінде шығуына жәрдемін тигізсе, онда бұның уағда етілген аралдың қожасымын деп есептей беруіне болады. Мейірбан мырзасының осынау аянышты лебізін тағы естіген Санчо жылап жіберді де, бұл істің ақыр аяғына дейін одан ешқашан қол үзбеуге бел байлады.

Санчо Пансаның көз жасы және оның аса жоғары бағалауға тұрарлық ізгі ниеті осы хикаяның авторын, бұл, өзі тегін адам емес-ау, — қалай дегенде де, нағыз ақ пейілді христиан-ау деген ойға жетелейді. Атқосшысының жанашырлығы қожайынын толқытып жіберді, алайда қобалжуға бой алдыра қоймады, керісінше, көңілі толқығанын түк сездірмей, атын тебініп, судың сарылдаған дыбысы мен дүңкіл шығып жатқан тұсты бетке алып тартып кетті. Санчо сол баяғы әдетінше өзінің қайғыны да, қасіретті де бірге бөлісіп жүрген сенімді серігі — есегін тізгінінен жетелеген күйі соңынан жаяу жүріп келе жатты. Олардың жолы әуелі каштандар мен басқа да саялы ағаштар арасымен өтті, сосын бұлар ұшар басынан алапат мол ағын күркірей ақтарылып жатқан биік жартастардың етегіндегі көкорайға тап болды. Жартастар етегінен үйден гөрі оның қираған жұртына көбірек ұқсас ескі лашықтар жер бауырлай орын теуіпті, әліге шейін бір тыншу таппаған дүңкіл мен күрсіл де тап сол маңайдан шығып жатқандай көрінді. Ағын судың күркірі мен соққының даусынан Росинант үркектей бастаған еді, бірақ Дон Кихот оны сабасына түсірген соң, өз тағдыр-талайын жүрегінің әміршісі Дульсинеяның қамқорлығына басы-бүтін табыс етіп, осынау қатерлі жорығы мен ойға алғандарын атқарып шығуына күш-қуат беруін өтініп, осымен бір мезгілде жаратқаннан да жақсылығынан құр қалдырмауын сұрап жалбарынып, әлгі үйлерге қарай жай басып жақындай берді. Мырзасының соңынан ізбе-із еріп келе жатқан Санчо өзін осынша таңырқау мен жабырқауға ұшыратқан нәрселер Росинанттың сирақтары арасынан көрінбес пе екен деп мойнын созып, үңіле көз тігумен болды. Одан соң олар тағы да жүз қадамдай алға ілгеріледі, міне, тап осы жерде, жартас қалқасынан айналған шақтарында, түнімен аза бойларын қаза қылып, тыныш таптырмаған сол бір жан шошырлық үрейлі дүңкілдің себепшісі көз алдарына көлденеңдеп тұра қалды. Бұл — тек сен ренжи де, өкіне де көрме, оқырман! — шұға шығаратын шеберхананың алты шой балғасы еді, әлгі адам айтқысыз дүңкіл осылардың бір қалыпты соққысынан шығып тұрған болатын.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий