Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Егер ертегіңді бұдан әрі қарай да осылай жалғастыратын болсаң, — деп Дон Кихот оның сөзін бөліп жіберді, — және әр сөзіңді екі реттен қайталайтын болсаң онда мұны айтып бітіруіңе кем дегенде екі күн керек болады. Айтатын болсаң ақыл-есі бүтін адамдарша ретімен, жөнімен айт, әйтпесе үндемей-ақ қой.

— Біздің жақта жұрттың бәрі ертегіні осылай айтады, — деп қарсылық білдірді Санчо, — басқаша айту қолымнан келмейді, сондықтан, тақсыр, менен тыңнан бірдеңе ойлап табуды талап етпесеңіз екен.

— Жарайды, білгеніңше айта бер, — деді Дон Кихот. — Әңгімеңді естімейтіндей жерде болуға тағдыр өзіме ақыры бейіл бермей отыр екен, амал жоқ, жалғастыра бер.

— Сонымен, мейірімді мәртебелім, — деп сөзін жалғады Санчо, — сол бақташы жігітті айтам-ау, мына қызықты қарасаңызшы, Торральба есімді бақташы қызды ұнатып қалыпты, ал ана қызға келсек, ол өзі кесек денелі, қыңыр мінезді және аздап еркек пішіндес болыпты, өйткені мұрты бар екен, — онысын көз алдыма ап-анық елестетіп тұрмын.

— Немене, сен оны көріп пе ең? — деп сұрады Дон Кихот.

— Жоға, көргем жоқ, — деп жауап қатты Санчо, — бірақ бұл хикаяны маған айтып берген адам бұның бәрі айна-қатесіз шындық, егер оны басқа біреуге айтып беруіңе тура келсе, онда осының бәрін өз көзіммен көрдім деп ант-су ішіп, қарғанып-сіленуіңе болады деген еді. Сөйтіп, арада көп уақыт өтті ме, аз уақыт өтті ме, кім білсін, әйтеуір тыным тауып жатуды білмейтін, дұрысты бұрысқа, бұрысты дұрысқа айналдырып былықтырып жүретін түлен ақыры бақташы жігіттің бақташы қызға деген сүйіспеншілігін жеккөрушілік пен өштікке айналдырып жібереді. Ал, істің шын мәнісіне келсек, өсек-аяңға әуестердің айтуынша, бұған әдеп дегенді, ар-ұят дегенді адыра қалдырған қыздың жігіт бойында қызғаныш сезімін туғыза бергені себеп болыпты. Не керек, ақыры сол кезден бастап қызды соншалықты жек көріп кеткен жігіт, көзден кетсе көңілден кетеді дегендей, оны енді қайтып көрмес үшін туған жерін тастап жат жұртқа қоныс аудармақшы болады. Ал, бұрын түк ешқандай ықылас білдірмеген Торральба, Лопе өзін жақтырмайтынын байқаған бойда-ақ оған ғашық бола қалады.

— Әйелдің бәрі сондай, — деп ескертті Дон Кихот. — Олардың табиғатына тән қасиет — өзін сүйгенді өңменінен итереді, өзін сүймейтінге өңмендей ұмтылады. Айта бер, Санчо.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий