Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бұның не екенін білген Дон Кихот тұрған орнында үнсіз қатты да қалды. Оған көз салған Санчо мырзасының қатты ыңғайсызданған адамша басын тұқыртып алғанын көрді. Дон Кихот та, өз тарапынан, Санчоға көз қиығын салып, оның езуі жайылып кеткенін, күлкіден жарылайын деп тұрғанын, енді болмаса пырс ете қалуға әзір екенін аңғарды; аяқ-асты пайда болған қайғы-шері тұла бойын әлі түгел баурай қоймағандықтан, Санчоның түр-сықпытына көзі түскен оның өзін-өзі күлкіден тежейтіндей шарасы қалмап еді, Ал, Санчо болса, қожайынының езу тартқанын байқаған бойда-ақ күлкіге ерік берді дейсің келіп және ішек-сілесі қата қарқылдап күлгені сондай, жарылып кетпес үшін ішін қолымен басып алды. Ара-арасында кідіріп дамыл тапқандай болғанымен, өзін-өзі ұстай алмай қайтадан қарқылдай күліп шиыршық атты; соны көрген Дон Кихот мынау шайтанның шалығына ұшыраған жоқ па екен дейтін ойға қалды, ал Санчоның бұл күлкісі өзін мазақ еткендей көрінген сәтте тіптен ашу шақыруға мәжбүр болды:

— Сен біліп қой, беу, достым Санчо, мен алтын заманды қайта тірілту үшін жаратқан иеміздің қалауымен темір заманда дүниеге келген адаммын. Мен — тағдыр-талайына қауіп-қатер, ірі істер, ерекше ерліктер жазылған жанмын...

Сөйтіп, Дон Кихот әлгі қорқынышты дүңкіл құлақтарына алғаш шалынған сәтте айтқан сөзін түгел немесе түгелге жуық қайталап шықты.

Санчоның өзін келеке етіп тұрғанын түсінген, ұят пен намыстан күйіп кете жаздаған Дон Кихот шолақ найзасын алды да, оны бар күшімен соғып-соғып жіберді; егер бұл соққылар арқасына тимей, басына тиген болса, онда атқосшы алажақ жалақыны бәлкім оның өзі емес, мұрагерлері алған болар ма еді, кім біледі. Ойынның түбі шойынға айналып бара жатқанын Санчо тез түсіне қойды; сосын қожайыны тым қатты кетіп жүрер деп қорқып, мүләйім кейіпте:

— Сабаңызға түсіңіз, тақсыр. Құдай ақы, жай қалжыңдаған болатынмын, — деді.

— Сізге күлкі керек, ал мен болсам неғыларымды білмей дал боп тұрмын, — деді наразы Дон Кихот. — Бері қараңыз, әзілқой мырза, егер шұға басатын балғалар орнында өзімді басқа бір қатерлі жағдаят тосып тұрса, онда мені бұл істі бастауға және аяқтауға жетерлік батылдық көрсете алмайды деп ойлаудан саумысыз өзіңіз? Оның үстіне, бұл балға ма әлде басқа ма, оны мына мен, рыцарь, дыбысына қарап айырып, ажыратып беруге тиіс пе екем? Ал, егер бұл өмірі көрмеген нәрсем болса ше? Мына сіз, можантопай міскін, сондай нәрселердің арасында туып-өскен жансыз. Одан да осынау алты балғаны алты алыпқа айналдырып жіберсеңіз етті, сосын олар бір-бірлеп болсын, бәрі жабылып болсын төбелеске шықса етті! Егер олардың бәрін түгел аяғын аспаннан келтірмесем, міне, қалжыңдасаңыз тек сонда ғана айызыңыз қанғанша қалжыңдауыңызға болар еді.

— Сабыр етіңіз, мейірімді мырзам, — деді Санчо. — Шектен тыс масайрап кеткенімді мойындаймын. Ал, енді қазір, біз татуласқан кезде, — осы шытырман оқиғадан аман-сау шыққаныңыздай басқа да барлық оқиғадан дені-қарныңыз сау құтылуыңызды тілеймін ғой, әрине, — өзіңіз айтыңызшы, тақсыр, зәремізді зәр түбіне жіберген бұл оқиға, шынымен-ақ күлкілі және айта жүрерліктей оқиға емес пе? Өз басым, мысалға, көресімді әбден-ақ көрдім. Ал, енді сізге келсек, қорқыныш дегеннен де, үрей дегеннен де мүлдем мақұрым адам екеніңіз өзіме бек жақсы мәлім ғой.

— Бұның күлкі шақыратын жағдай екенін теріске шығармаймын, — деді Дон Кихот. — Алайда, қандай кепке тап болғанымыз жайында жұртқа жария қылудың қажеті жоқ, өйткені жұрттың бәрі бірдей саналы емес және болған іс жайында бәрі бірдей дұрыс көзқарас ұстана бермейді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий