Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Қапелімде аузынан шығып кеткен, салмағы зілбатпан ауыр уәдесін қожайыны қолма-қол орындап қояр деп қауіптенген Санчо жым болды.

Ал, енді Дон Кихоттың көзіне елес берген дулыға, жылқы және салт атты дегендердің не екенін айтар болсақ, бұлардың мән-жайы мынадай еді: осы араға жуық маңда екі елді мекен бар болатын, оның ірілеу біреуінде дәріхана да, шаштараз да бар-тын, ал көршісінде, шағындауында, ондай орындар атымен жоқ-ты, осы себепті, ірілеу мекендегі шаштараз шағындау мекенде тұратындарға да қызмет көрсететін; өзімен бірге мыс легенін ала шыққан ол қазір сондағы науқас адамнан қан алмаққа және екінші бір тұрғынның шашын қимаққа беттеп келе жатқан-ды; алайда, тағдыр-талайына байланысты жаңбырдың астында қалғандықтан қалпағы су болмасы үшін, — шамасы, онысы жаңа қалпақ болса керек, — легенін басына киіп алған-ды, мейлінше мұқият тазартылғандықтан жарты шақырымнан астам жерден жарқырап көрініп тұрған да сол еді. Санчо айтқандай, ол шұбар есекке мініп келе жатқан, ал аталмыш жағдаяттар Дон Кихотқа теңбіл сұр ат, салт атты, алтын дулыға түрінде елес берген, өйткені ол қандай нәрсе көзіне шалынбасын мейлі бәрін рыцарьлыққа әуейілігіне байланысты туындайтын болжалдары мен қырсыққа жетелейтін қияли ойларына оп-оңай орайластыра қоятын. Солай болғасынғы жерде, бейшара салт аттының таяп қалғанын көрген бойда-ақ, оған әлдене деп тіл қатып жатпастан және әй-шайға қаратпай түйреп тастауға ниеттеніп найзасын алдына өңгеріп алған күйі Росинантты қос аяқтап шаптырып алға ұмтылды; алайда, шауып келе жатып былай деп айқайлап та үлгерді:

— Қорған, қасиетсіз хайуан, әйтпесе заңды түрде иеленуге қақым бар нәрсемді өз еркіңмен бер маған!

Мынандай елес-күлеспен ойда жоқта бетпе-бет кездесермін деген нәрсе шаштараздың ойына да кіріп-шықпаған болатын, алайда мән-жайды жылдам аңғара қойған ол найзаның ұшы кеудесіне дарымас үшін сол бойда-ақ есектен жерге домалай кеткенді жөн көрді, сөйтіп жерге жамбасы тиісімен ұшып тұрып желге де жеткізбейтін жылдамдықпен құлдыраңдап зытып берді. Леген жерде қалды, соған қанағаттан Дон Кихот мына мәжуси дұрыс істеді, бүйткенде ол, шамасы, аңшылар жан алқымға алған кезде өзін неге бола қуғындап келе жатқанын табиғи түйсігі бойынша тауып, сол жерін тісімен қырқып үзіп кететін құндыздардың қылығына еліктеген болды, дегенді айтты. Онан соң Санчоға дулығаны жерден көтеруге әмір етті, анау оны қолына алып:

— Құдай ақы, жақсы леген, бұның құрығанда сегіз реал тұратыны кәміл, — деді.

Сосын дулығаны қожайынына табыс етті, Дон Кихот оны сол бойда басына киіп көріп, біресе олай, біресе былай бұрып, бірақ ақыры бет жабарын таба алмай:

— Мына тамаша дулыға кезінде, шамасы, басы қазандай бір мәжусидің өлшемі бойынша соғылған-ау. Ал, ең жаманы, дулығаның жарты бөлегі жоқ екен, — деді.

Сақал қыруға арналған легеннің дулыға атанғанын естіген Санчо тарқ етіп күліп жіберді, бірақ мырзасының ашуланшақ мінезі ойына оралып, сол бойда-ақ аузын жаба қойды.

— Сен неменеге күлдің, Санчо? — деп сұрады Дон Кихот.

— Күлген себебім, — деп жауап қатты анау, — әлгі өзіңіз айтқан мәжусидің, мына дулыға иесінің деймін-ау, басы қандай сұмдық үлкен болған десеңізші: өйткені, бұл кәдімгі шаш қиюға арналған леген ғой.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий