Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Рас айтасыз, — деді Санчо. — Кезіп жүріп шытырман оқиға іздейтін өзіңіз секілді, тақсыр, айбынды рыцарьдың есін алып, құтын қашыруға балға дүңкілінің өзі-ақ жеткілікті боп шықты. Бірақ, енді маған кәміл сенуіңізге болады, ендігі жерде аузымды ашсам, бастан кешкен жайларыңызға күлу үшін емес, жалғыз ғана тек сізді қожайыным және туа бітті сеньорым ретінде құрмет тұту үшін ғана ашатын болам.

— Сонда өзің де жайлы өмір кешетін боласың, — деп іліп әкетті оны Дон Кихот, — өйткені, қожайының — екінші әкең іспетті, сондықтан оны әкеңмен бірдей құрмет тұтуың керек.

ХХІ тарау

Бұл тарауда Мамбрин дулығасы секілді бағалы олжаны қолға түсірумен аяқталған айрықша маңызды оқиға туралы және жеңіліс дегенді білмейтін рыцарымыз бастан кешкен басқа да жайлар жөнінде баяндалады

Сол екі ортада жаңбыр себезелей бастады да, Санчоның әлгі шұға шығаратын шеберхананың біріне кіріп отыруға ықыласы ауды, алайда тағдырдың күлкі-мазағына ұшыратқан бұл орынға айрықша жеркенішпен қарап тұрғандықтан Дон Кихот онда кіруден бас тартты, оңға қарата бұрылып, алдында өздері жүргенге ұқсас бір жолға барып түсті. Арада шамалы уақыт өткенде Дон Кихот басында алтындай жалтылдаған әлденендей бір заты бар салт аттыны көріп қалды, сөйтіп, соны көзі шалған бойда-ақ Санчоға қарай бұрылып былай деп тіл қатты:

— Менің білуімше, Санчо, қандай мақалдың болмасын өзегінде шындық жатады, өйткені ол ғылым атаулының анасы саналатын тәжірибе негізінде қорытылған түйін боп табылады, соның ішінде әсіресе: “Бір есіктің жабылғаны — екінші есіктің ашылғаны” деген сөзде үлкен мән бар. Мұны айтып тұрған себебім, кеше ғана жазмыш өзіміз іздеген шытырман оқиғаға кірер есікті қарсы алдымыздан сарт еткізіп жауып тастаған, өйткені шұға шеберханасының тарсыл-гүрсілі бізді жаңылыстырып жіберген-ді, ал енді бүгін ол алдымыздан басқа бір, тәуір және болмай қоймайтыны кәміл, шытырман оқиғаға енгізетін есікті айқара ашып тұр, егер осыған да кіре алмасам, онда бұл арада бәріне кінәлі өзім ғана боп шығам және түннің қараңғылығы да, шұға шығарумен жете таныстығымның жоқтығы да сылтау бола алмайды. Бұны айтып тұрғаным, қателеспесем, қарсы алдымыздан Мамбрин дулығасын киген біреу келе жатыр — бұл, өзің білетіндей, ана жолы ант-су ішетін дулығам ғой.

— Тақсыр, не айтып тұрғаныңыз жөнінде, ал, ең бастысы, қандай қарекет жасағалы жатқаныңыз жайында ойланып көрсеңізші, — деп құлаққағыс етті Санчо. — Ойламаған жерден бұл тағы да шұға шығаратын, бірақ әдеттегі емес, басқа, екеуіміздің есімізді шығаратын, сілемізді қатыра соққыға жығатын шеберхана боп шықса қайтесіз?

— Жоғал әрі, сандалмай! — деді Дон Кихот. — Дулығаның шұға шеберханасына қатысы қанша?

— Білмеймін, — деп жауап қатты Санчо. — Бірақ, өзіме бұрынғыдай еркінірек сөйлеуге ерік берілер болса, онда мен, шын сөзім, мейірімді мырзам қателігін жете түсінерліктей дәлелдер келтірер-ақ едім.

— Ау, сонда мен неден қателесіп тұрмын, ешкімге сенбейтін есуас-ау? — деп айқайлап жіберді Дон Кихот. — Айтшы қане, қарсы алдымыздан теңбіл сұр мінген, басына алтын дулыға киген салт аттының келе жатқанын көріп тұрғаның өтірік пе?

— Өз есегімнен аумайтын тарғыл есек мінген бір адам келе жатыр, одан басқа ештеңе көріп тұрғаным жоқ, — деп жауап қатты Санчо. — Ал, басына жылтыраған бірдеңе киіп алған.

— Міне, Мамбрин дулығасы деген тап сол, — деді Дон Кихот. — Сен былайырақ кет те, онымен оңаша қалдыр мені. Бұл шаруаны артық сөзге бармай-ақ ә дегенше қалай тез тындыратынымды көресің сонда, сосын армандап жүрген дулығама ие болам.

— О не дегеніңіз, әрине, былайырақ барып тұрам ғой, — деді Санчо. — Бірақ қорқып та тұрғанымды жасыра алмаймын: құдай сақтасын, әйтеуір, тек шұға шеберханасы баланың ойынындай көрінетін бірдеңе күтіп тұрмаса болғаны.

— Ей, шырақ, сізге көп сандала бермеңіз, шұға шеберханасы деген нәрсеңізбен басымды қатырмаңыз деп ескерткен тәрізді едім ғой, — деп тиып тастады оны Дон Кихот. — Әйтпесе, ант етем, мен... қысқасы, көкеңізге көрістірем!

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий