Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Айтайын дегенім, сеньор, — деп бастап кетті сөзін Санчо, — міне, бірнеше күн болды, шытырман оқиға іздеп шарқ ұрудың қандай тиімсіз әрі кірісі де аз шаруа екенін ойлап бас қатырумен жүрмін; өйткені, тақсыр, сіз ондай шытырман оқиғаларды қу медиен дала мен жол тораптарынан іздейсіз, ондай жерлерде қанша жеңіске жетсеңіз де, қандай қатерлі оқиғаны ойдағыдай өткерсеңіз де, бәрібір оны ешкім көрмейді де, білмейді де, сондықтан өзіңіз қаншалықты құштар болғаныңызбен ерлік істеріңіз мәңгі-бақи беймәлім күйде қалады, ал, бұл, әрине, сізге үлкен қиянат. Осы себептен де бізге ең дұрысы, — әрине, тек мұны өзіңіз жөн көрсеңіз, — әлде біреулермен соғыс жүргізіп жатқан императордың немесе басқа бір құдіретті әміршінің қарауына қызметке кіру ғой деп ойлаймын, міне тек сөйткенде ғана, тақсыр, көзсіз батырлығыңызды, білегіңіздің таңғаларлық қуатын және ақыл-ойыңыздың одан да асқан таңғаларлық қабілетін анық таныта алар едіңіз, ал өзіміз қызмет ететін әмірші князь ынта-ықыласымыздың қандай екенін көрген соң еңбегімізге қарай екеуімізден де бар жақсылығын аямас еді, сондай-ақ ол жерден ерлік істеріңізді шежіреге мәңгі өшпестей етіп жазып қалдыратын адамның да табылмай қоймайтыны күмәнсіз. Ал, өзімнің ерлік істерім жайында жақ ашпай-ақ қояйын, өйткені атқосшыға өзі тікелей атқаруға тиісті шаруалар шеңберінен шығуға тыйым салынған, — алайда, осы сөзіме сеніңіз, егер рыцарьларда атқосшылар ерлігі жөнінде жазатын дәстүр қалыптасқан болса, онда менің істерім жайында да жүрдім-бардым айтыла салмас еді деп ойлаймын.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий