Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Достым Санчо! Сен біліп қой, мен алтын заманды қайта тірілту үшін жаратқан иеміздің қалауымен темір заманда дүниеге келген адаммын. Мен — тағдыр-талайына қауіп-қатер, ірі істер, ерекше ерліктер жазылған жанмын. Тағы да қайталап айтам: мен Дөңгелек Үстел Рыцарьларының, Францияның Он Екі Пэрінің, Даңқты Тоғыз Азаматтың ісін қайта тірілту үшін, Платирлерді, Табланттарды, Оливанттарды, Тиранттарды, Фебтерді, Бельянистерді және бұрынғының бүткіл бір қауым даңқты кезбе рыцарьларының бәрін түгел көлеңкемде қалдыруға жаратылған жанмын, өйткені өзім ғұмыр кешуге жазған ғасырда менің айтып жеткізе алмайтын ғаламат зор әрі ғажайып ерліктер жасайтыным сондай, бұлармен салыстырғанда бұрынғылардың ең керемет деген істерінің өзі түкке алғысыз боп қалмақ. Адал да шын берілген атқосшым, назарың сал: мына түн қандай жабырқау, тыныс тарылтатын тыныштық қандай, ағаштар қалай тыншу таппай тұншыға шулап тұр, іздеп шыққан суымыз қалай асқар таудан ақтарылып жатқандай шуылдайды, мына бір дамылсыз дүңкіл қалай құлағымыздың құрышын жеп жатыр десеңші. Осы құбылыстардың барлығы, жалпылама алғанда да, жекелей алғанда да, тіпті Марстың25 өзінің де жүрегін қауіпке, қорқыныш пен үрейге толтыра алары кәміл, ал мұндай қатерлі істер мен шытырман оқиғаларға дағдыланбағандардың тіптен құтын қашырмақ. Ал, мен ондай емеспін: жаңа ғана өзім саған әспеттеп жеткізген жайлардың бәрі көңілімді сергітіп, күшіме күш қосады — жүрегім қуаныштан тыпыр қағып, атқақтап-ақ тұр, осынау шытырман оқиғалардың жаныма жағатыны сонша, қандай қиыншылыққа да бас тігуге бармын. Ал, енді Росинанттың айылын тартып бере ғой, сосын құдай жар боп осы арада қал да, мені үш күндей күт, егерде осы уақыттың ішінде қайтып оралмасам селомызға қайт, одан соң сенен өтініп сұрарым, Тобосоға барып жан теңгермес аяшым Дульсинеяға өзіне шын берілген рыцарьдың оның махаббатына бөленерліктей ерлік жасау жолында өмірін сарп еткенін хабарла.

Бұл сөздерді естіген Санчо Панса еңіреп жылап жіберді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий