Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Досымның лебізін айрықша ынта-ықыласпен тыңдадым және айтқан сөздерінің көкейіме қона кеткені сонша, бір ауыз бірдеңе қарсы айта алмай сол бойда қолма-қол келісім бердім де, оның осы ой-тұжырымынан пролог құрастыра салғанды қош көрдім; ал сен, ықыласты оқырман, қазір енді осыған қарап досымның ақыл-парасаты қандай екенін өзің-ақ аңғарарсың, жан қиналған сәтте мұндай ақылманды жолықтырудың маған қандай үлкен олжа болғанын түсінерсің, сөйтіп атақты Ламанчалық Дон Кихоттың хикаясы өзіңе ешқандай жамау-жасқаусыз, бар болмыс-бітімімен жетеді деген ойдан көңілің жай табар деп ойлаймын — олай дейтінім, бүкіл Монтьель өңірі оның сол аймақтан шығып, танымал болған тәмам ғашық ішіндегі ең бір ұстамдысы, тәмам рыцарь ішіндегі ең бір көзсіз батыры болғандығын бір ауыздан айтып жүр ғой. Әйтсе де, өзіңді осындай ізгі ниетті, осындай құрметті рыцарьмен таныстырғанда өз еңбегімнің қадірін асыра көрсетуге құштар боп отырған жоқпын; маған керегі тек оның айтулы атқосшысы Санчо Пансамен таныстырғаным үшін ырзашылық білдіргенің ғана, өйткені, өз есебімше, оның бойына атқосшыға тән барлық ізгі қасиетті сіңірген секілдімін, ал мағынасы мәнсіз қисапсыз рыцарьлық романда атқосшы бейнесі үзік-үзік түрде ғана елес беріп жүргені баршаға мәлім. Олай болса, құдайдан тілейтінім, ол саған да саулық берсін, мені де ұмыт қалдырмасын. Vale.

Ламанчалық Дон Кихот жайындағы кітапқа

Ұстатпайтын Ургандадан

Егерде ойлы жаранға

Жолыққан болсаң сен, кітап,

Ешкім сені сөкпейді,

Жоқты соғып шаттың деп.

Егерде сен аңдаусыз

Қолына түссең топастың,

Оқымысты, білгір боп

Көрінуге құштар тыраштың —

Өзің жайлы не түрлі

Естірің кәміл нақақтың.

Тәжірибеден білеміз:

Жапырағы қалың ағаштың

Ыстықта салқын саясы.

Ендеше, аттан Бехарға:

Онда бар патша-бәйтерек,

Бұтағы толы бекзаттар,

Арасында сымбатты,

Александр дерлік герцог бар.

Көлеңкесін соның саяла,

Тәуекел ет, тартынба!

Не қилы мылжың кітаптан

Миы ашыған бейбаққа,

Ламанчалық дворян

Хикаясын айтып бер.

Ханымдар, рыцарьлар, турнирлер

Басын оның қатырған,

Қаһарлы Роландпен де

Бақталас боп жүр: ғашығын —

Дульсинеяны Тобосолық,

Семсер күшімен қаратпақ.

Кітаптың титул парағын

Автор гербімен сәндеме:

Картадағы артық қағаздан

Ұпай саны артпайды.

Алғысөзде анық бас,

Біреулер деп жүрмесін:

“Ганнибалмен теңеспек,

Альваро де Лунамен де,

Жә, король Францискімен

Түрмеде бірге қор болмақ!”

Ғұлама негр даңқты

Хуан Латино секілді,

Авторыңда ақыл болмаса

Латынға әуес болма сен.

Осал жер оңай сөгілер,

Ескерте берме ескі кітапты,

Сырыңды жедел сезінер

Табылар тағы оқырман:

“Басымды неге қатырасың?”

Деп күлер сені мазақтап.

Бой тарт ұзақ мылжыңнан,

Кейіпкер жанын кеулеме,

Онда әрқашан қараңғы,

Қараңғыда көз шығар.

Сөз ойнатып, сарнама:

Қалжыңбасқа құрмет жоқ.

Бар күшіңді сал, бірақ,

Жетуге жақсы атаққа.

Өйткені, надан қаламгер

Қашанда күлкі қауымға.

Есіңде болсын, тұрағың —

Шатыры шыны мекен-жай.

Көршілерге тас ату

Кещенің ісі боп шықпақ.

Өзін сыйлар қаламгер —

Байыпты да байсалды.

Күлдірмек үшін біреуді,

Жазығы жоқ қағазды

Бүлдіретіндер шимайлап

Жоқты-барды сөз қылар7.

Амадис Галльский

Ламанчалық Дон Кихотқа

С о н е т

Саған, өзім секілді тағдыр жазған, —

Зорлық боп, сүйіктімнен жырақ кеткем,

Жұпыны Жартас биігін тұрақ еткем,

Сағыныш пен уайымнан көңілім сазған;

Саған, аңызақ пен аяздарда зар шеккен,

Көз жасымен сусап шөлін қандырған,

Қалтасы бос, қайғы ойламай қаңғырған,

Жердің дәмін жерден жұлып нәр еткен —

Мәңгілікке аңыз болу бұйырған,

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий