Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Осы кезге шейін айтқанымның бәрі бір өзіңе ғана қатысты болатын, Ансельмо, енді өзім жайында да айта кеткенім артық етпес және егер бұл ұзаққа созылып кетсе, кешір, — өзің тап болған және менің көмегіммен жарыққа шығуды көздеп отырған тас қараңғы жолың осыны талап етеді. Мені дос санайсың, сөйтесің де, мені ар-намыстан айырғың келеді — бұл достыққа жатпайтын нәрсе. Бұл да аз: өз тарапымнан менің де өз ар-намысыңды аяққа таптағанымды қалап отырсың. Мені ар-намыстан айырғың келетіні — айдан анық нәрсе; өйткені, өтінішіңе орай Камиллаға көз сала бастасам, оның мені ар-ұяттан жұрдай және азғын деп ойлайтынында еш күмән жоқ, себебі дос деген атым мен парызымның шектеулі шеңберінен шалғай шығатын қадамға барғаннан кейін мені басқаша қалай деп атауға болады. Сондай-ақ, өз кезегімде, өзіңнің де ар-намысыңды қорлағанымды қалайтыныңа шүбә жоқ, өйткені ынтық екенімді сездіре бастағанымды көрген Камилланың, шамасы, бұл бойымнан әлденендей бір жеңілтектікті байқап қалған екен, сөйтіп арам пиғылын сездіруге батыл кіріскен екен деп ойлайтыны сөзсіз, бірақ сен оның сүйген жарысың ғой, сондықтан егер Камилла ар-намысым қорланды деп тапса, таяқтың екінші ұшы саған да тиеді. Кеңінен тараған мына бір салт та осыдан тамыр жаяды: әйелінің кінәлі іске барғанынан күйеуі мүлдем бейхабар болса да және жеңіл жүріске салынуына сылтау тауып бермесе де, оны аз десек, осы бақытсыздықтың алдын алуға мүлдем шарасыз болса да, — себебі, бұл оның қамсыздығына немесе ағаттық жіберуіне байланысты істелген нәрсе емес қой, — қайткен күнде де, бәрібір жұрт жеңілтек әйелдің күйеуіне намысына тиетін, қорлайтын неше түрлі ат қойып, айдар тағады. Тіпті зайыбының құшаққұмарлығын жақсы білетін, өз басының айып-кінәсына байланысты емес, әйелінің қылтың-сылтыңына байланысты сормаңдай боп жүргенін іштей жақсы сезіп тұрған жандардың өзі оған аяушылықпен қарамайды, жиренішпен қарайды. Ал, енді мен саған зайыбының опасыздық жасағанынан мүлдем хабарсыз, онда еш айыбы жоқ, оған еш қатысы жоқ және оған сылтау тауып бермеген күннің өзінде де жеңілтек әйелдің күйеуін жұрттың бәрі неліктен ар-намысын жоғалтқан адам санайтынын түсіндірейін. Сөйтіп, енді сөзіме мұқият құлақ қой, — бұның да саған пайдасы болмаса зияны жоқ. Қасиетті жазбада құдайтағала жердегі жәннатта арғы атамызды жаратқан кезде оған қатты ұйқы жіберіпті делінеді, сөйтіп Адам ұйқтап жатқанда оның сол жақ бүйірінен қабырғасын суырып алып, одан арғы анамыз Хауаны жаратыпты. Адам ұйқысынан оянып, Хауаны көрген кезде: “Бұл менің тәнімнен жаралған тән, сүйегімнен жаралған сүйек”, депті. Құдайтағала айтыпты: “Әйелі үшін адам әкесінен де, шешесінен де жырақтайды, сөйтіп бір тәнге айналады”, депті. Міне, тек өлім ғана ара жігін ажыратуға ықтиярлы некенің қасиетті құпиясы сол кезден бастау алған еді. Некенің айрықша күш-қуатқа ие болатыны сонша, әр түрлі екі адам біртұтас тәнге айналады; бұл да аз: сүйіп қосылған жұбайлардың жаны — екеу, бірақ арман-мақсаты — біреу ғана. Бұдан шығар қорытынды, егер күйеуі мен әйелін бір тән десек, онда әйелінің тәніндегі дақтар мен кем-кетіктер, әлгінде айтып өткенімдей, ешқандай айыбы болмаған күннің өзінде, күйеуінің де тәнін былапыттайды. Бәрі біртұтас тән болуы себепті, адамның аяғы немесе басқа бір дене мүшесі ауырғанын тұла бойы түгел сезінетініндей, сөйтіп балтырдың ауырғаны ешқандай айып-кінәсы жоқ бастың да мазасын алатынындай, күйеуі де әйелінің арсыз ісінің құрбаны болады, өйткені екеуі біртұтас тәнге айналғандар. Ендеше, бұ дүниедегі арлылық пен арсыздық атаулының бәрі, соның ішінде жеңілтек жұбайдың арсыздығы да, тән мен қанға тікелей қатысты болатын болса және солардан туындайтын болса, онда күйеуіне де одан тиісті үлес тиеді, ештеңеден хабарсыз жүргенімен, бәрібір, ар-намысы аяққа басылады. Жайбарақат тірлік кешіп жатқан ақ ниетті абзал жарыңды әуреге салу арқылы қандай қатерге бас тігетініңді ойла, Ансельмо. Пәтуасыз да пәруайсыз әуестігің жібі түзу жұбайыңның бойында бұғып жатқан құпия құштарлық қақпасын ашып жіберуі мүмкін екенін ойла. Ұтысың шамалы ғана болатынын ұғын, ал ұтылысың шаш-етектен келмек, ол жайында үндемей-ақ қояйын, өйткені оны сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Егерде осы айтқанымдарым арам пиғылыңнан айнытуға мәжбүр ете алмаса, онда абыройсыздығың мен бақытсыздығыңның бағбаны болуға басқа біреуді таңда, мен ондай бола алмаймын, тіпті осының салдарынан арамыздағы достық қатынастың үзілетініне де қарамаймын, ал мен үшін бұдан асқан құрбандық жоқ.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий