Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Тамаша, — деп жуаси үн қатты Ансельмо. — Сөйтіп, Камилла сөзге төтеп бере алды, — ал енді іске қалай төтеп берер екен, соны көрейік. Ертең саған екі мың алтын теңге табыс етем, мұны оған сыйлық ретінде ұсынатын боласың, сосын алтын-күміс пен асыл тастан жасалған әшекей сатып алуы үшін тағы екі мың берем, бұл оны ерекше еліктіруге тиіс, — өйткені, жер бетінде қанша әйел болса, соның бәрі, тіпті сертіне шектен тыс беріктері де, сәнді киім киіп, салтанат құрғанды ұнатады, соның ішінде әсіресе әдемі әйелдер мұны айрықша жақсы көреді, ал егер ол осы арбауға да төтеп берсе, онда өзімді қанағат таптым деп санаймын да, одан әрі басыңды ауыртпайтын болам.

Лотарио оның бір істі бастаса аяғына дейін жеткізбей қоймайтынын, тіпті құр босқа сүлдері құрып, тақырға отыратынын алдын-ала біліп тұрғанына да қарамайтынын байқады. Ертеңіне ол төрт мың эскудо алды, онымен бірге алдынан төрт мың қиыншылық өре түрегелді, өйткені тағы қандай өтірік ойлап табарын білмеп еді: алайда ақыр соңында Камилла мақтау сөзге қалай немқұрайды болса, сыйлықтар мен серттерге де сондай немқұрайды екен, сондықтан босқа әуреленудің қажеті жоқ, ол уақытты босқа жіберу боп шығады, дегенді айтпақ болды. Бірақ тағдыр бәрін басқа арнаға салды: әдеттегіше Лотарио мен Камилланы оңаша қалдырған Ансельмо көрші бөлмеге кіріп кілттеніп алған соң, олардың не істеп, не қойып жатқанын білмекке кілт салатын тесіктен сығалап, тың тыңдаумен болған-ды, сөйтіп жарты сағат бойы Лотарионың Камиллаға қарап ләм деп ауыз ашпағанын көріп, тіпті екеуін тұтас бір жыл бірге қалдырса да ештеңе айтпайтынын біліп, досының аузынан естіген Камилла жауаптарының бәрі бастан-аяқ ойдан шығарылған өтірік деген қорытындыға келді. Сосын осыған ақи-тақи көз жеткізу үшін олардың үстіне кірді де, Лотарионы былай шығарып алып, не жаңалық барын, Камилланың көңіл күйі қалай екенін сұрады. Лотарио оған ендігі жерде бәрін жылы жауып қоятынын, өйткені Камилла қайтарған жауаптардың қаталдығы мен қайырымсыздығы сондай, онымен әңгімені әрі жалғауға жүрегі дауаламайтынын айтты.

— Әй, Лотарио, Лотарио! — деп дауыстап жіберді Ансельмо. — Достық парызыңды орындауға неге құлқың жоқ сенің, өзіңе деген шексіз сенімімді ақтауға неге салғыртсың сен! Жаңа ғана қолымдағы мына кілтті салатын тесіктен сені қадағалап тұрдым, Камилламен бір ауыз тілдеспегеніңе куә болдым. Соған қарап, сен онымен әлі ештеңе жайында сөйлеспеген екенсің деп түйдім. Егер бәрі нақ солай болса, — ал, осылай екенінде шүбә жоқ, — онда не үшін мені алдап жүргеніңді, әртүрлі айла-шарғыға барып, өз мақсатыма өзгешелеу жолмен жетуіме не үшін бөгет жасағаныңды айтшы?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий