Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ансельмо басқа ештеңе деген жоқ, бірақ Лотарионың қатты ыңғайсызданып, қыбыжықтап қалуына осының өзі-ақ жеткілікті болды, сөйткен соң, өтірік айтумен айналысқаны жайында өзіне тағылған айыпты жеке басын қорлау есепті қабылдаған ол сол арада тұрып Ансельмоға ендігі жерде бұл іске бар ынты-шынтысымен кірісетінін айтып ант берді, оған қоса, егер әуесқойлық танытып артынан аңдыса, бұған Ансельмоның өзі-ақ көз жеткізетінін ескертті, — алайда, мұндай қадағалауға қажеттілік туа қоймайды, өйткені Ансельмоның көңілін табу мақсатында байқатпақ елгезектігі қандай күдікке де жол қалдырмайтын болады, деді. Ансельмо оның бұл сөзіне сенді, сөйтіп анау еркінірек те батылырақ қимылдасын деген оймен қала маңайындағы деревняда тұратын танысына бір аптаға барып қайтуды ұйғарды: онымен алдын-ала келісіп алғандықтан, Камиллаға көз қылу үшін анау бұған қайта-қайта шақырту жіберіп жатқан-ды. Беу, соры қайнаған, көр соқыр Ансельмо! Немен айналысып жүрсің? Қандай қасіретке қол созып тұрсың? Қай жаққа қарай бастауға әмір еттің өзіңді? Ойлансайшы: өзіңе өзің ор қазып жүрсің ғой, өз ар-намысыңды өзің қорлағалы тұрсың ғой, өзіңді құрдымға қарай бастауға әмір еттің ғой. Жұбайың Камилла — ізгі қасиеттер иесі; жайбарақат, жаймашуақ қалыпта құшағыңа аласың оны; төсек рақатын татуыңа ешкім кедергі келтіріп жатқан жоқ саған; оның ой-ниеті төрт қабырғадан алысқа ұзамайды; жер бетінде жүрген сен оның аспаны секілдісің, арман-мақсатының шырқау шегі де сен ғана, талап-тілегінің өлшемі де сен ғана, әрқашан өз ықтиярыңмен және құдіретті күштің ықтиярымен ғана тірлік кешеді ол. Оның ар-намысының, сұлулығының, тазалығы мен қарапайымдылығының қойнауында жатқан қазына-байлықтың қай-қайсысын да қалауыңша тегіннен-тегін иеленіп отырған болсаң, бұрын-соңды кезікпеген жаңа қазына көзін іздеп жер қазудың не қажеті бар еді саған? Қасірет топырағының төбеңе опырыла құлауы да мүмкін ғой, өйткені бәрін де, шынтуайтына келгенде, әйелдің әлжуаз жаратылысының шатқаяқ бағандары тіреп тұр ғой. Есіңде болсын, қол жетпеске қол созғандар қол жетерден де құралақан қалады, бұл жайында ақын бұдан да тәуірірек айтқан:

Іздеймін еркіндік — түрмеден,

Қапас үйден — кеңістік,

Қасіреттен — жұбаныш,

Өлімнен — өмір, дерттен — қуаныш,

Ұрыдан күтем — естілік.

Құдіретті күш пен қу тағдыр,

Кестіңдер мені жазаға,

Осыным үшін мәңгілік:

Қолым жетпеске — қызығам,

Қолым жетері — әңгілік.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий