Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Камилланың көруге көз керек ажары мен жан сұлулығы, сондай-ақ ақылсыз күйеуінің арқасында оңтайы келген жағдай Лотарионың адалдығынан жұрнақ та қалдырмады; сөйткен соң, Ансельмо кеткеннен кейін арада үш күн өткенде, өз тілегін тұншықтыру мақсатындағы арпалыстан жеңіліп, тек құштарлығының ғана жетегіне ерген ол, соншалықты толқу үстінде және соншалықты ынтызарлықпен Камиллаға сүйіспеншілік сезімін ағыл-тегіл ақтара бастады: не қыларын білмей есі шыққан Камилла үн-түнсіз орнынан тұрды да, бөлмесіне кетіп қалды. Алайда, оның салқындығы Лотарионың үмітін үзген жоқ, өйткені үміт махаббат сезімімен бір мезгілде пайда болады, — керісінше: оның ықылас бөлетініне деген үміті бұрынғыдан да арта түсті. Ал, Лотариодан мұндайды өмірі күтпеген Камилла не істерді білмеді; ақыры ойлана келіп, оған сүйіспеншілік сезімін қайта ақтаруға сылтау тауып беру және мүмкіндік жасау әрі қатерлі, әрі әдепсіздік болар деп тауып, Ансельмоға мынадай мазмұнда хат жазып, малай арқылы беріп жіберуге тәуекел етті — және оны сол күні кеште аттандырып та үлгерді:

ХХХІҮ тарау

Мұнда Пәруайсыз әуестік жайындағы хикаят одан әрі жалғасады

“Әскердің қолбасшысыз, қамалдың комендантсыз қалғаны жаман деседі, — ал мен, әлденендей бір тосын жағдайлар тап келмесе, жас келіншектің күйеуінен ажырап қалғаны одан да жаман дер едім. Қасымда жоқтығыңыз маған өте ауыр тиіп тұр және бір-бірімізден қол үзіп қалғанымыздың қиыншылығы сондай, тез арада келмесеңіз, ата-анамның үйіне барып тұруға, үйіңізді күзетшісіз қалдыруға мәжбүр болам, өйткені мені күзетуге қалдырған адамыңыз, — егер бұл шынымен күзетші болса, — Сізге қатысты нәрседен гөрі өзінің рақат-қызығы жайында көбірек ойлайтын секілді. Ақылды адамсыз ғой, не айтпақ болғанымды онсыз да түсінерсіз, оның үстіне бұған тағы бірдеңе қосудың өзі маған жараспайды-ақ”.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий