Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Бұл мәтелдің сізге қатысы жоқ, — деп қарсылық білдірді Леонелла, — себебі, махаббат, естуімше, бірде құс боп ұшса, бірде жаяу жүреді, біреумен құйғытса, екінші біреумен митыңдайды, біреулерді мұздатса, өңгелерді өртеп жібереді, біреуді жарақаттаса, екінші біреуді шейіт қылады, оның тілегі қас қағымда тұтанып, қас қағымда өшуі мүмкін, таңертең ол қамалды қоршауға алады, ал кешкісін қамал қирап жатады, өйткені, оған қарсы тұрарлық күш жоқ. Олай болса, неден қауіптеніп, неден үрейленіп отырсыз? Себебі, Лотарио да тап сондай кепті бастан кешті емес пе, өйткені махаббат екеуіңізді бірдей тізе бүктірудің құралы етіп қожайынымның сапарға кетуін қалап алды ғой. Махаббат ойластырған нәрсе тап сол Ансельмоның үйде жоқ кезінде, ол қайтып келгенге шейін іске асуға тиіс еді, өйткені оның сапардан қайтып оралуы бәрінің шырқын бұзатын: себебі, тілегін орындауға келгенде махаббат үшін оңтайлы жағдайдан артық жақсы көмекші жоқ қой, сондықтан ол мұны, әсіресе алғашқы кездерде, ойға алғандарын орындауға барынша пайдаланып қалуға тырысады. Мұның бәрін негізінен өз тәжірибемнен білем, әлдекімнен естіген әңгімем емес, кейін бір реті келгенде өзім жайында айтып берермін сізге, синьора, — себебі мен де ет пен сүйектен жаралған жанмын ғой, оған қоса әлі жаспын. Айтайын дегенім, синьора Камилла, сіз оған салған жерден сеніп, бірден көне кеткен жоқсыз, көз жанары, күрсінісі, айтқан сөзі, берген уәдесі мен тартуларына қарап алдымен оның жан дүниесіне терең бойладыңыз, сөйтіп оның адамгершілік қасиеттерін танып, махаббатқа әбден лайық екеніне көзіңіз жетті. Олай болса, екі жүзділік пен менмендік сыбырына құлақ түрмеңіз, Лотарионы қалай сыйласаңыз, оның да сізді солай сыйлайтынына өзіңізді сендіріңіз: махаббат торына тұтылғаныңызға ол соншалықты қуанышты әрі бақытты, осынау махаббат торы оның алдындағы қадір-құрметіңізді бұрынғыдан да арттыра түседі, оған қоса ол әрбір түтіні түзу ғашыққа тән болуға тиіс делінетін төрт Б-мен ғана емес, яғни басы бостығы, байқампаздығы, болаттай беріктігі, бүкпелей білетіндігімен ғана емес, күллі әліппемен де мақтана алады — мұқият тыңдаңыз, қазір оны сізге жатқа айтып берем. Өз түсінігімше, ол ақылды, одан соң әлгі төрт Б келеді, дәріпті, есті, жігерлі, зейінді, инабатты, келбетті, лауазымды, мейірімді, намысқой, орнықты, парасатты, рақымды, сабырлы, тәуекелшіл, уәзипалы, шалымды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий