Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бұл әліппе Камилланың көңілін сергітіп жіберді, сөйтіп ол Леонелланың махаббат мәселесіндегі тәжірибесі сөзіне қарап бағалауға болатыннан, шын мәнінде, әлдеқайда молдау екен деп шешті. Сол арада Леонелла мұнысын мойындап, өнегелі шаңырақтан шыққан, сол қаланың тұрғыны боп табылатын бір жас жігітпен ойнап-күліп жүргенін Камиллаға жайып салды; бұл хабар Камилланы шошытып жіберді, ар-ұятына қатер туса осы бір тұстан тууы мүмкін-ау деп, үрейленіп қалды. Қадағалай сұрап, қатынастары қаншалықты тереңдегенін білмек болды. Анау еш қысылып-қымтырылмастан қатынастары тіптен тереңдеп кеткенін айтты. Әлбетте, әрдайым осылай болады: ханым мүлт кетсе болды, күтуші әйел де қолма-қол ұятын жоғалтады, сөйтіп, ханымның сүрінгенін көріп өзі де сылти бастайды, оны жұрттың біліп отырғанынан қымсынбайды. Амалы таусылған Камиллаға Леонелладан сүйген жігітіне өзінің ашыналығы жайында айтпауын сұрап жалынудан басқа ештеңе қалмады, сондай-ақ Ансельмо мен Лотарио біліп қоймасы үшін жеке басының жеңіл жүрісін де құпияда ұстауын өтінді. Леонелла уәдені берудей-ақ берді, бірақ оны орындау жағын оңдырмағаны сонша, Камилланың осы қыздың қырсығынан абыройдан айрылып қалуым мүмкін-ау деген сезігі ақыры расқа шықты, өйткені қожайын әйелдің бұрынғы өктемдіктен қол үзе бастағанын байқаған және көңілдесімен жатқан жерінің үстінен түскен күнде де бәрібір ұстап бермейтініне кәміл сенімді, ұят дегенді ұмытқан, әдепсіз Леонелла жігітін үйге алып келуден тайынбаған-ды, — қожайын әйелдер жасайтын күнәнің зардапты салдарының бірі осындай: олар күтушілерінің күңіне айналып, жағымсыз да жиіркенішті істерін бүркемелеп отыруға мәжбүр болады. Камилла да тап осындай кепті бастан кешті: үйіндегі бөлмелердің бірінде сүйіктісімен құшақ қауыштырып жатқан Леонелланың бір емес, бірнеше рет үстінен түсті, алайда оған тіпті реніш білдіруге де батылы жетпеді, керісінше жігітін жасырып тастауға жәрдемдесіп, Ансельмоның көріп қалмауы үшін қолынан келгеннің бәрін жасап бақты. Алайда, олардың осындай айла-амалдарына қарамастан, бір жолы Лотарио әлгі жігіттің ала таңда Ансельмо үйінен шығып бара жатқанын байқап қалды; бұның кім екенін білмеген ол әу баста көзіме қос көрінген екен деп ойлады; бірақ, плащын қаусырынып алған әлгінің асқан сақтықпен, адымын абайлай басып жылыстап бара жатқанын көргенде аңғал болжамынан айнып, басқа бір тұжырымға келді: ақыр аяғында Камилла жол тауып шықпағанда бұл тұжырымының салдарынан бәрі де оңалмастай опық жеген болар еді. Леонелланың бұл дүниеде бар-жоғын Лотарио мүлдем ұмытып кеткен-ді, сондықтан Ансельмоның үйінен осындай мезгілсіз уақытта шығып келе жатқан адамның Леонеллаға келуі мүмкін-ау деген ой қаперіне кіріп те шықпаған; сол арада ол өзіне оп-оңай ыңғай бергені секілді, бұл жолы да Камилла көңілшектік жасап, жылдам көне қойған екен деп түйді, — жеңіл жүріске салынған жұбайдың жаман құлығынан туындайтын салдар осындай болады: тіптен сол жалынып-жалпаю, уәде беру арқылы тар төсекте табысуға қол жеткізген ашынасының алдында да қадірі қалмайды, өйткені ашынасы оның басқа біреумен табысуы ендігі жерде бұдан әлдеқайда жеңілге түседі деп ойлайды, сол себепті болмашы күдіктің өзі оған енді ақиқат шындық секілді елес береді. Осыны көрген Лотарио, шамасы, ақылын жоғалтып алса керек, ұстамды мінезінен айрылып, дебдіреп қалды, өйткені жанын жегідей жеген жойқын қызғаныш апшысын қуырған, Камилладан қалайда өш алуға ынтыққан ол, — шын мәнінде өзінің алдында еш айып-кінәсы болмаса да, — бас қатырып жатпай, әлі төсегінен де тұрып үлгермеген Ансельмоға жүгіріп барудан басқа тәуір де жөндем ештеңе ойлап таба алмады, сөйтіп оған былай деп тіл қатты:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий