Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Оған қам жемей-ақ қой, сүйкімді Леонелла, мен ондай артық іске бармаймын, — деп қарсылық білдірді Камилла. — Өз ар-намысымды қорғауым, сеніңше, ессіздік әрі ақылсыздық сияқты көрінетін шығар, алайда мен, әуелі бақытсыздығына айыпты адамды өлтірудің орнына, кіршіксіз таза болса да өзін-өзі өлімге қиған Лукреция емеспін ғой. Иә, мен өлемін, егер өзіме лайықты жаза сол болса, бірақ әуелі қандай да бір желеу бермегеніме қарамастан оспадарсыздық көрсеткен, сөйтіп көзімнің жасын кептірмей қойған адамның сазайын тартқызып, одан кегімді алып кетуім керек.

Леонелла Лотарионы шақырып келуге бара қоймай ұзақ жалындырды, сөйтіп ақыры кетті, ол жоқ кезде ханымы өзімен-өзі сөйлесті:

— Жасаған-ай, жасаған-ай! Бұрын да талай қуып салғанымдай, Лотарионы сол жолы да қуып жібергенім жөн болатын еді ғой, өзімді ардан безген, азғын әйел санатына қосуына жол беріп қойғанымды қарашы, — өкінішке қарай, қазір онда сондай желеу бар, — бірақ бұл ойынан құлантаза арылады әлі-ақ! Сөйткенімде, сөз жоқ, жақсы болатын еді. Бірақ, қылмысты пиғыл-ниетінің ауаны алып барған жерден Лотарио түк ештеңе болмағандай аман-сау шықса, өзімнің де кегім қайтпас еді, жұбайымның да ар-намысы ласқа былғанған күйі қалар еді. Харами тілегі үшін ол сатқын өмірмен қош айтысуға тиіс! Камилланың күйеуіне деген адалдығын сақтап қалғанымен қоймай, оның намысын қорлауға талпынған адамнан өш алғанынан зиялы қауым хабардар болсын (егер зиялы қауым бұл жайында қашан да болса бір білсе). Сөйте тұрғанымен, Ансельмоны құлағдар етіп қойғаным да артық етпейтін еді деп ойлаймын. Бірақ, бұл жайында деревняға жолдаған хатымда емеурін жасадым емес пе, ал оның құлаққағыс еткен қаупімнің алдын алуға асықпаған себебі, сірә, мейірбан да ақжүрек адам болуы себепті сыннан өткен досының өз ар-намысына зардап келтіретіндей істі ойластырып жүргеніне сене алмағанынан және сенгісі де келмегенінен ғой деймін. Тіпті өзім де бұған көпке дейін мән бермей келдім ғой, сыйлап-құрметтейтініне сендіріп бағудың, бағалы сыйлықтар берудің, егіл-тегіл көз жасының астарында арам пиғылы жатқанын байқамасам, бәлкім, мән бермес те едім. Бірақ, бұндай әңгіменің қазір қажеті не? Батыл шешім біреудің кеңесіне мұқтаж бола ма? Әрине, мұқтаж емес. Ендеше, сақтан, сатқындық, дайын бол, ыза-кек! Кір ішке, опасыз, жақында бермен, өл, арам қат, одан соң не болса о болсын! Көктегі құдірет өзімді жұбай етіп қосқан жанның құшағына пәк қалпымда кірдім, енді одан пәк қалпымда шығуға тиіспін, — ол да аз: оның құшағынан өзімнің бейкүнә қаным мен жер-әлемде бұрын көз көріп, құлақ естімеген зұлым достың арам қанына малшынып шығатын болам.

Мұның бәрін ол жалаң қанжарды қолына ұстаған күйі бөлме ішін әрлі-берлі кезіп жүріп, сөз арасында ойға келмейтін оқыс қимылдар жасай жүріп және сезімге шектен тыс беріле жүріп айтты — мұны көріп тұрған адам оны ақыл-есінен айрылған біреуге балар еді, нәзік жанды әйел емес, ойлаған ісін орындамай тынбайтын нағыз қансүрек деп қалар еді.

Кілемнің тасасында тұрған Ансельмо бәрін көріп, бәріне таңырқанумен болды, сол арада оған осы көргендері мен естігендері бұдан да гөрі ауқымдырақ күмәнді сейілтуге жарап қалатындай сезілді, сөйтіп, әлденендей бір шетін оқиғаның орын алуынан қорыққан ол Лотарионың келуіне байланысты жасалатын тәжірибені тыйып тастауға бейіл берді. Осыған бекінген Ансельмо тығылған жерінен атып шығып, жұбайын құшағына алып, жұбатуға оқталған да еді, бірақ Леонелланың Лотарионы қолынан жетектеп кіріп келе жатқанын көзі шалып еріксіз іркіліп қалды. Ал, Камилла болса, Лотарионы көрген бойда-ақ қанжармен еденге шекті белгілейтін сызық сызып, былай деді:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий