Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Лотарио! Саған айтарым мынау: егер мына шектен аттайтын болсаң немесе оған сәл де болса жақындайтын болсаң, онда сол ниетіңді байқап қалған сәтімде-ақ мына қанжарды кеудеме қадаймын! Енді сен жауап ретінде әлдене айтып үлгергеніңше, саған өзім бірер ауыз сөз айтқым келіп тұр, одан соң қалай хош көрсең, солай жауап бере жатарсың. Біріншіден, Лотарио, сен өзің күйеуім Ансельмоны білесің бе және оны қалай бағалайсың, соны айтсаң, ал екіншіден, сен өзің мені білесің бе, соны айтып берсең. Қане, жауап бер, ұялма және қандай жауап қайтарам деп ойланып тұрып алма, өйткені сұрақтарым қиын емес.

Камилланың не істемек ойы барын әу бастан, Ансельмоны жасырып тастауға тапсырма берген кезінде-ақ, сезіп-білуіне Лотарионың сұңғылалығы жететін; сондықтан бірден Камилланың ыңғайына көшіп, тапқыр да ұтқыр жауап қайтара бастады, сөйтіп екеуінің асқан шебер ойынына байланысты осынау өтірікті ақиқат шындық ретінде қабылдамау еш мүмкін емес-ті; ал, оның Камиллаға қайтарған жауабы мынандай болды:

— Аяулы Камилла, мені мұнда шақырғаныңда көздеген мақсатыма мүлдем маңайласпайтын нәрселер жайында жауап алады екен деп әсте ойламағам. Егер бермек болған сыйлығыңды кейінге қалдыруға ниет қылсаң, онда әу бастан дәмелендірмей-ақ қойғаның жөн еді, өйткені үмітің неғұрлым көбірек болса, арман еткенің де соғұрлым үздіктіре түспек. Бірақ, сауалдарыма жауап қайтарудан қашқақтайды деп ойлап қалмауың үшін, оның бәріне де жауап беремін: иә, жұбайың Ансельмоны білемін, бір-бірімізді бала кезден білеміз, бірақ қандай ғаламат жаңсақ басу болсын қашан да ақтап алуға әзір махаббаттың сыбыр-күбірі бойынша жасаған жамандығыма өзім куәгерлік етпесім үшін өзіңе жақсы мәлім достығымыз жайында саған бірдеңе айтып жатпаймын. Мен сені де білемін, оған қандай қымбат болсаң маған да сондайсың: себебі, ізгі қасиеттер иесі болмасаң дворяндық парызыма ешқашан қиянат жасамас ем және қазір өзім махаббаттың, осынау әлеуетті қаскөйдің, сыбыр-күбірі бойынша мансұқ етіп отырған шынайы достықтың қастерлі қағидаларына қарсы әрекетке бармас ем.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий