Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Қанға былғанып еденде сұлап жатқан Камиллаға қарап қалған Леонелла мен Лотарио таңғалып-таңырқанумен болды: шыны осы екенін әлде құр алдаусыратып жатқанын олар әлі түсіне алмаған-ды. Үрейі ұшқан Лотарио Камилланың қасына жүгіріп барды, бірақ жарақаттан келер қауіп жоғын көріп сабасына түсті де, сүйкімді Камилланың зеректігіне, тапқырлығы мен ақылдылығына тағы да тағы қайран болды; сөйтіп, бұл арада өзін қалай ұстауы керегін есіне алып, құдды бір Камилла марқұм боп кеткендей өкіре жылап, өзіне де, оны осындай тақсірет тартуға жеткізген жанға да қарғыс сөзді қардай боратты. Ансельмо досы бәрін естіп тұрғанын білетіндіктен, оның не түрлі сұмдықты айтқаны сонша, бұл сөзге құлақ салғандар, тіпті Камилланың дүниеден қайтқанынан хабардар болған күннің өзінде де, одан гөрі бұған көбірек жанашырлық білдірер еді. Леонелла Камилланы көтеріп алып, кереуетке апарып жатқызды; сосын Лотариодан сүйікті ханымын жан баласына білдірмей жасырын емдеп жазатын дәрігер табуын сұрап жалынды, одан соң ханымы сауығып шыққанша қайтып орала қалса, Ансельмоға Камилланың жарақаты жайында не айтса болатыны жөнінде кеңес беруін өтінді. Лотарио оған қалай ұйғарсаң, солай жауап бер дегенді айтты, — қазір жөндем кеңес бере алатын халде еместігін, одан жалғыз ғана өтініші — қанды тезірек тоқтатуын сұрайтынын, өйткені өзі жұрттың көзінен жоғалмақ ойы барын мәлім етті, — сөйтті де, қатты қайғырып, уайымға батқан адамның кейпінде бөлмеден шығып кетті. Ешкім көрмейтін оңашаға шыққаннан кейін ол Камилланың айла-шарғысына және Леонелла істерінің қалайша боямасыз, барынша табиғи боп көрінгеніне таңырқауы таусылмай, үсті-үстіне шоқына бастады. Ансельмоның енді жұбайын Порцияның өзімен теңестіретініне ол кәміл сенімді еді, сондықтан шындықтың қос жауырынын бірдей жерге тигізген өтіріктің бұрын-соңды болып көрмеген жеңісін бірге атап өту үшін онымен кездеспекке асықты.

Сол екі арада Леонелла ханымының қанын тоқтатты, — оның қаны ойластырылған істің шындыққа ұқсас боп шығуына дәлме-дәл жететіндей мөлшерде ғана аққан болатын, — сосын жарақатты шараппен шайды да, мұқият түрде байлап тастады; осы шаруаны атқара жүріп айтқан сөздерінің өзі-ақ, егер бұл жерде бұдан бұрын басқа бір ауыз сөз айтылмаған күнде де, жұбайы — ізгі қасиеттердің қайнар бұлағы екеніне Ансельмоны әбден иландыруға жетіп жататын. Леонелланың лепесіне Камилланың өз лепесі де қосақталды, — ол өзін қорқақ, қоянжүрек деп атады, өйткені, әбден ығыр қылған тіршілікпен қош айтыспаққа ниет қылғаныммен, жеме-жемге келгенде рухымның беріктігінен айрылып қалдым, деді. Сосын күтушісінен болған оқиға жайында ардақты жұбайына хабарлаудың қажеті бар-жоғын сұрады; анау айтпай-ақ қойғаны жөн деп тапты, өйткені оның Лотариодан кек алуды мақсат тұтуы мүмкін, ал бұл оның өз басы үшін өте қатерлі іс боп табылады, — қамқор әйел күйеуін шатаққа айдап салмайды, керісінше, оны қолынан келгенінше ұстап қалуға тырысады, деді. Камилла оған кеңесі көңіліне қонатынын, дәл солай істейтінін, бірақ байқалмай қалмайтыны кәміл мына жарақаттың жайын Ансельмоға қалай түсіндіруге болатынын ойластыру керектігін айтты; Леонелла болса, бұған жауап ретінде өзінің қалжыңдап болса да өтірік айта алмайтынын мәлім етті.

— Ал мені айта алады деймісің, бикеш-ау? — деп дауыстап жіберді Камилла. — Тіпті өмір сүрер-сүрмесім соған тіреліп тұрған күнде де, бәрібір, не ойдан шығаруға, не жалған куәлік етуге дәтім жетпес еді. Сондықтан, алдап-сулап құтылу қолымыздан келмейтіндіктен, өтірік соғып айыпты болғанша, бәрін жасырмай баяндап бергеніміз дұрыс.

— Қапа болмаңыз, синьора, — деп жұбатты оны Леонелла, — ертең таңертеңге дейін не айту керегін ойлап табармын, оның үстіне жарақатыңыз да ол аңғара қоятындай жерде емес, жаратқан иеміз жанашырлық білдіріп, ақ тілеу, адал ниетімізге қолдау көрсетпес деймісің. Сабыр етіңіз, ханым, құтыңыз қашып отырғанын мырзам байқап қоймасы үшін сабаңызға түсіңіз, ал қалғанын өзіме және ізгі тілектерге қашан да оң көзбен қарайтын жаратқанға тапсырыңыз.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий