Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Егер мұны мойындасаң, шынайы махаббаттан садаға кеткір сүмелек, — деді Камилла, — менің алдыма қай бетіңмен келіп тұрсың? Мен, өзің де жақсы білетіндей, досыңның қарап отыратын айнасы емес пе едім? Оны қаншалықты жазықсыз жәбірлеп жүргеніңді көруің үшін жүзіне деміл-деміл көз салып қойсаң нетті? Бірақ, мен қандай бақытсыз едім! Өйткені, достық парыз алдындағы жауапкершілігіңді жылы жауып қоюыңа не түрткі болғанын шамалау да онша қиын емес: сірә, мені әлденендей бір әдепсіздікке барды деп ойлау керек шығар, — мен мұны ұятсыздық деп атай алмас едім, себебі мұнда алдын-ала ойланып істелген ештеңе болған емес, әлденендей бір ағаттық қана жіберілуі мүмкін, әдетте әйелдер қауіп етер дәнеңе жоқтығын білген кезде аңғырттығы салдарынан осындай ағаттыққа ұрынып жатады. Шынында да, айтшы өзің, опасыз: жалбарынышты лепесіңе жауап ретінде пасық пиғылыңның жүзеге асуына зәредей болса да үміт ұшқындататын бір ауыз сөз айттым ба немесе белгі бердім бе саған? Сүйіспеншілік сөздеріңді түкке алғысыз етіп әжуалап, барынша қатыгездікпен және қаталдықпен мінеп-сөкпеген кезім болды ма? Аузыңнан ағыл-тегіл ақтарылған көп сөздің ең құрығанда біреуіне сеніп пе едім, сол айтқан сөздеріңнен де көп сыйлықтарыңның ең болмағанда біреуіне қол созып па едім? Дегенмен де, егер үміт үкісі желбіремесе махаббат жайындағы тәтті қиялдың жетегінде ұзақ уақыт жүруге болмайды ғой деп ойлаймын, сол себепті сенің есерсоқтығың үшін өзім жауап бермекпін, өйткені, өз тарапымнан жіберілген әлденендей бір аңдаусыздық маған деген төтенше ықыласыңа осы уақытқа шейін сүйеу боп келгені анық, — міне сол үшін өзімді жазалап, сенің айыбың үшін өзім құрбан болғым келеді. Егер өзіме өзім осынша рақымсыз болсам, саған да басқаша бола алмайтынымды түсінуің үшін, өзің қолыңнан келгенінше қорлап біткен, сондай-ақ арам ниетіңе дес беріп, дәмелендіретін жайлардан бой тартуға, — шамасы, ақыры бой тарта алмағаным ғой, — бар ынты-шынтымды салмауым салдарынан өзім де қорлауға үлес қосқан, ақпейіл де ақжүрек жұбайымның жәбірленген ар-намысы жолына шалмақ құрбандығымның куәсі болғаныңды қалаймын. Қайталап айтам: сенің ойыңда осындай оғаш арманның орнығуына аңғалдығым себеп болды ма деген күдік мені әсіресе қатты күйіндіреді, міне тап осы үшін ғана өзімді өз қолыммен жазаға тартқым келеді, өйткені маған басқа біреу жендеттік жасаса, онда айыбымның ауыздан ауызға тарап кетері хақ. Бірақ, мен тек өзім ғана о дүниелік болып қоймай, өлсе ғана кек алу арманым орындалатын адамды да өзіммен бірге ала кеткім келеді; бұл — мені күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айырған кек, өйткені, мен қандай жолмен болсын қайтарылған кекті туралығын айтатын төрелік тағайындаған жаза деп білем және оны орындауға өзімді осындай торығуға тап қылған адам түк те қарсы тұра алмайды!

Аяқ асты құбылып, қабағын қарс түйіп, қолындағы қанжарын тік көтеріп алған ол кеудесіне кірш еткізе қадамақ ниетпен Лотариоға тұра ұмтылды, мұны көрген анау бұл Камилланың ойыны әлде шыны екенін білмей аңтарылып қалды, өйткені оның соққысын дарытпау үшін бар ептілігі мен күш-қайратын жұмсауына тура келген-ді. Камилла болса, осынау алабөтен ойынды еш қысылып-қымтырылмай еркін ойнады және желігіп алғаны сонша, осы өтіріктің бәрін шындық бояуына шылау мақсатында оны өз қанымен қызартудан да тайынбайтынын байқатты, өйткені Лотариоға қанжар сала алмайтынына көзі жеткеннен кейін немесе көзі жеткендей түр жасағаннан кейін:

— Заңды тілегімнің ақыр аяғына дейін жүзеге асуына тағдыр-талайым оң қабақ танытпай тұр, бірақ ол қаншалықты құдіретті болғанымен бұл ойымды жартылай болса да іске асыруға кедергі келтіре алмайды! — деді.

Соны айтып, жұлқынып, Лотариодан қолын босатып алды да, қанжардың ұшын өз денесіне қарай бағыттап, бірақ жарақат аса терең болмауын қадағалап, оны сол жақ бүйіріне, иықтан сәл төмендеу жерге қадады, сөйтті де естен танып қалғандай кейіпте еденге құлап түсті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий