Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ар-намысын мүрдем кетіру трагедиясын ойнап жатқандарды Ансельмо бар ықылас-зейінін сала тыңдап, тамашалап тұрды, ойынға қатысушылардың өз рөлдерін ерекше құлшыныс, шынайы ықыласпен орындағандары сонша, бейнелеп жатқан кейіпкерлері бұлардың тап сол өздері секілденіп кетті. Ансельмо үйден шығып, мейірбан досы Лотариомен жүздесіп, жұбайының беріктігін сынаққа салу арқылы тапқан баға жетпес інжу-маржанына бірге қуану үшін кеш түсуін тағатсыздана күтті. Камилла мен Леонелла оның үйден шығып кетуіне қолайлы жағдай тудырып, ол мұны тиімді пайдалана қойды, сөйтіп үйден шыққан бойда Лотариоға тартты; екеуі ақыры жолықты, жолыққан кездегі оның досын қалай құшақтағанын, қуанышын қалай жеткізгенін және Камилланы қалай жер-көкке сыйғызбай дәріптегенін айтып беруге адамзат тілі дәрменсіз. Лотарио оны селқос тыңдады, өйткені досының қаншалықты тұрпайы түрде алданып жүргені және өзінің оған қаншалықты қиянат жасағаны жайында ой кешіп кеткен-ді; Ансельмо Лотарионың қуанбағанын көріп тұрғанымен, бұнысын Камилланы жараланған халде қалдырып кеткеніне және осынау бақытсыздыққа өзін кінәлі санайтынына жорыды; сондықтан Ансельмо, айта кеткен жөн, Лотарионың Камилла жайында алаңдамауына болатынын, өйткені өзінен жасырып қалғысы келетіндеріне қарағанда, жарақатының қауіпсіз екеніне кәміл сенетінін мәлім етті, — олай болса, қорқатын дәнеңе жоқ, бірге қуанып, көңілденуі керек, себебі оның айлакерлігі мен делдалдығы оны, Ансельмоны, жан рақатының ең жоғарғы шыңына шығарды, деді; енді өзінің, Ансельмоның, жұбайына арнап өлең жазудан басқа ештеңемен шұғылданғысы келмейтінін, Камилланың кейіндеу өрбитін ұрпақтар қаперінен орын алуын қалайтынын хабарлады. Лотарио оның бұл ізгі ниетін мақұлдап, осынау ғажайып ескерткішті тұрғызуға өзі де үлес қосатынын айтты.

Ансельмо осындай таңырқауға тұрарлық түрде алдауға ұшырады; шаңырағына атақ-абыройын асыратын бағбанды енгіздім деп ойлаған ол, ар-намысын күлге айналдырған тажалды енгізді. Камилла Лотарионы қарсы алған кезде жүзі қоңырайғанымен, жүрегі қоңыраулатып тұратын болды. Бұл алдау әлденеше айға созылды, сонан соң Фортуна ақыры сыртын берді, нәтижесінде соған шейін асқан шеберлікпен бүркемеленіп келген азғындық әшкереленіп, Ансельмо пәруайсыз әуестігі үшін жан тапсырды.

ХХХҮ тарау

Бұл тарауда Дон Кихоттың қызыл шарап құйылған местермен өліспей-беріспейтін қырғын шайқасы жөнінде айтылады және Пәруайсыз әуестік жайындағы хикаят тәмамдалады

Хикаяның аяқталуына аз ғана қалғанда Дон Кихот демалып жатқан шоланнан үрейі ұшып үргелектенген Санчо Панса айқайын сала атып шықты:

— Мұнда келіңіздер жылдам, сеньорлар, көмектесіңіздер қожайыныма, — қожайыным өліспей-беріспейтін аяусыз айқасқа түсіп жатыр: өзім өз болғалы мұндайды ешқашан көрген де, білген де емен. Әлгі дәуді, сеньора принцесса Микомиконаның дұшпанын, шауып кеп қалғанда басы қарбыздай домалап кетті, оллаһи шыным!

— Өй, не деп тұрсың, бауырым? — деп дауыстап жіберді, оқуын үзген священник. — Есің дұрыс па өзіңнің, Санчо? Дәу осы арадан екі мың миль алыста емес пе, ол қайдан шыққан бәлекет?

Осы мезгілде шолан жақтан сатыр-гүтір дыбыстар мен Дон Кихоттың:

— Тұрған орныңнан тырп етпе, ұры-қары, қарақшы, қорқақ! Енді менен құтыла алмайсың, наркескеніңнен де енді саған қайыр жоқ! — деген дауысы естілді.

Осы сөздерді айтқан кезде ол, шамасы, семсерімен қабырғаны бар күшпен салып жіберген болса керек. Санчо былай деді:

— Ау, неғып тұрсыздар аңқиып, — не төбелесіп жатқандарды ажыратыңыздар, не қожайыныма көмектесіңіздер. Бірақ бұған қажеттілік те жоқ қой деймін, өйткені дәудің тырапай асқаны сөзсіз, ендігі ол жаратқанның алдында арамза істерге толы өмірі жайында есеп беріп те жатқан шығар. Олай деп тұрғаным, қаны судай аққанын, шарап құйылған торсық секілді дығал басының қалай ұшып түскенін өз көзіммен көргем.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий