Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Одан соң күтуші қыз бен арада болған жайды мәлім қылмаққа, сондай-ақ Леонелланың ертең өзі үшін ерекше маңызы бар әлде бір жайды айтып беруге уәде еткенін Камиллаға хабарламаққа жатын бөлмесіне қарай тартты. Бұл хабардан Камилла шошынды ма әлде жоқ па, ол жағын сөз ғып жатудың қажеті бола қоймас, — Леонелла Ансельмоға өзінің ойнас жасап жүргенін айтпақшы-ау деген жорамалдан (бұл арада басқа бірдеңе жайында жорамалдаудың еш қисыны жоқ-ты) иманы тас төбесіне шығып, дегбірден айрылып қалған ол, күмән-күдігі ақталар-ақталмасын күтуге де мұғдары болмай, Ансельмоның ұйқтап қалғанына көз жеткізген бойда, сол күні түнде, ең бағалы заттары мен азын-аулақ ақша алып, ешкімнің көзіне түспей үйден шықты да, жан ұшыра жүгіріп Лотариоға барып, болған жайды баяндап бергеннен кейін одан өзін бір жерге жасырып тастауын немесе Ансельмо іздеп таба алмайтындай бір жаққа барып өзімен бірге бой тасалауын өтініп, жалынып-жалбарына бастады. Бұның бәрі Лотарионы төбеден ұрғандай есеңгіретіп жіберді, не айтарды да, не істерді де білмей дағдарды. Ақыры Камилланы апайы басқарушы болып істейтін монастырьға апармақшы болды. Камилла келісті, сөйтіп осындай жағдайларға лайық асығыстықпен Лотарио оны монастырьға апарып салды, сосын өзі, ешкімге ләм деп ештеңе айтпастан, қаладан шығып кетті.

Ертеңіне таңертең, Камилланың қасында жоқтығына да көңіл аудармаған, Леонелланың өзіне не айтпақ болғанын білуге аңсары ауған Ансельмо орнынан тұрған бойда күтуші қызды кілттеп кеткен жеріне қарай асықты. Есікті ашып ішке кірді, бірақ Леонелланы таппай қалды: тапқаны тек терезе жақтауына байланған ақ жаймалар ғана болды — бұл оның осы жаймалар арқылы төмен түсіп, қашып кеткендігінің айқын белгісі әрі дәлелдемесі еді. Бұған қатты күйінген ол бәрін Камиллаға айтып бермек болды, бірақ оны төсегінен де, үйдің ішінен де, еш жерден таба алмаған соң, бойын үрей биледі. Малайлардан сұрастырып көріп еді, ешқайсысы ештеңе білмейтін боп шықты. Алайда, Камилланы іздестіріп жүрген ол сандықтарының ашық қалғанын кездейсоқ көзі шалды, сондай-ақ көптеген бағалы зергерлік бұйымның жоқ екенін байқады, міне осы арада ғана ол қандай қасіретке тап болғанын ұғынды және оған кінәлі Леонелла еместігін де түсінді; сөйтіп, сол тұрған қалпында, үстіне жөндем киім де киместен, ауыр ойға берілген күйде, қандай бақытсыздыққа ұшырағанын айтпаққа досы Лотариоға аттанды. Бірақ, Лотарио да үйінде болмай шықты, малайлары түнде оның бар ақшасын қалтасына салып, атқа мініп бір жаққа кетіп қалғанын хабарлады, мұны естіген Ансельмо ойы он саққа жүгіріп, ештеңенің ұштығын ұстай алмай мәңгіріп тұрып қалды. Ал, үйіне қайтып оралған кезінде, жығылғанға жұдырық дегендей, малайларының бәрі, еркек-әйелі бар, бірі қалмай түгел қашып кеткенін, үйінің қаңырап бос қалғанын көрді.

Ол не жайында ойлауды да, не істеуді де, не айтуды да білмеді — жынданып кете жаздап шақ тұрғанын ғана сезді. Бір дегеннен біржола әйелінен, досынан, малайларынан айрылғанын көріп те, түсініп те тұрған-ды, құдіретті күш өзінен теріс айналғанын, ал, ең бастысы, ар-ұяттан жұрдай болғанын сезінген, өйткені Камилланың үшті-күйлі жоғалуы ар-ұятын жоғалтумен бірдей еді. Ұзақ ойланғаннан кейін ол ақыры деревнядағы жолдасына баруды ұйғарды, оның үйінде ол бұрын да талай қонақ болған, ал өзі сонда жүргенде мұнда қайғы-қасіретінің өрмегі тоқылып жататын. Үйін құлыптап, атына қарғып мінді де, басымен қайғы болған күйі әрі-сәрі халде жолға шықты; бірақ жарты жолдан асқанда жанын жегідей жеген ойлардан дәрмені құрып, тоқтап, атын ағашқа байлап қойды да, еңірей жылап, аһ ұрып жерге құлай кетті; сол жерде қараңғы түскенше жатып, көз байланар шақта қала жақтан келе жатқан салт аттыны көріп, сәлемдескеннен кейін, Флоренцияда не жаңалық барын сұрады. Қаладан келе жатқан жолаушы былай деп жауап берді:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий