Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Тұла бойын толқу билеген сеньора басын жалт бұрды, бірақ айқайлаған адамның кім екенін көре алмаған соң, орнынан тұрып әлгі бөлмеге қарай өткісі келді, алайда кавальеро оны тоқтатып, адым аттатпай қойды. Көңіліне алаң кіріп, қатты абыржыған сеньора бетін жауып тұрған бүркеуіш матаның қалай төмен түсіп кеткенін аңдамай қалды, жиналып тұрғандар болса, оның сәл қуқыл тартқан, бірақ көруге көз керек әдемі әлпетін көріп аңырып қалды, — сондай-ақ, қыздың өңінен үрейге бой алдырғаны да аңғарылып тұр еді, өйткені жанарына іліккен нәрсенің бәрін шапшаңдата шолып шыққаны сонша, құдды есін жоғалтып алғандай көрінді; осынау түсініксіз құбылыс Доротеяның да, оған көз тігіп тұрғандардың да бойында үлкен аяныш туғызды. Кавальеро қызды иығынан қатты қысып құшақтап алған болатын, осыған зейіні ауған ол бетіндегі перденің сырғып бара жатқанын аңғармады, сөйтіп, бетпердесі ақыры жерге құлап тынды; сеньораны сүйемелдеп тұрған Доротеяның осы сәт оған көзі түсіп кетті де, сеньораны иығынан құшақтап алған жанның басқа ешкім емес, өзінің күйеуі дон Фернандо екенін көрді; оны таныған бойда-ақ кеудесінен аһ ұрған зарлы үн шығып, талықсып кетті; егер жанында тұрған шаштараз шап беріп ұстай алмағанда жерге құлап түсерінде күмән жоқ-ты. Сол арада оған священник көмекке келіп, бетін бүркеген жамылғыны қайырып тастап, су шашты, анау қыздың бетін ашқан кезде дон Фернандо, — екінші қызды иығынан құшақтап тұрған сол еді, — Доротеяны қолма-қол танып, абыржып тұрып қалды, бірақ Лусинданы босатуды қаперіне де алмады — иә, оның қолынан босанып шықпаққа тырысып жатқан Лусинданың тап өзі еді: күрсінген дауысына қарап ол Карденьоны таныған болатын, ал Карденьо оны танып еді. Доротеяның ес-түссіз құлаған кезіндегі аһ ұрған дауысын Карденьо да естіген, соны құлағы шалған бойда бұл өзінің Лусиндасы екен деп ойлап шошып кеткен ол басқа бөлмеден сыртқа атып шықты, шыққан бойда көзіне алғаш шалынғаны — Лусинданы құшақтап тұрған дон Фернандо болды. Дон Фернандо Карденьоны да бірден таныды, сөйтіп Лусинда, Карденьо және Доротея үшеуінің таңғалғаннан тілдері байланып қалды, — олар қандай кепке тап болғандарын өздері де білмей аңтарылып тұрған-ды.

Олар үн қатпай бір-біріне тесіле қарап тұрды: Доротея дон Фернандоға, дон Фернандо Карденьоға, Карденьо Лусиндаға, Лусинда Карденьоға қарап қалған болатын. Ақыры алғаш боп Лусинда тіл қатып, дон Фернандоға былай деді:

— Босатыңызшы мені, сеньор дон Фернандо, — басқа ештеңені ұят санамасаңыз да, дворяндық ар-намысыңыздың аяқ-асты болатынына ұялсаңызшы, — өзім шырмауығы боп табылатын қабырғаға, үздігуіңіз, қорқытып-үркітуіңіз, уәделеріңіз бен сыйлықтарыңыз жұлып ала алмаған тірегіме жіберіңізші мені. Қараңызшы, қандай ғажайып әрі адам сенгісіз жолдармен жаратқан иемнің мені жан жарыма жолықтырып тұрғанын, ал оны қаперімнен тек ажал ғана біржола ығыстырып шығара алатынын өзіңізге осыншалықты қымбатқа түскен тәжірибеңіз арқылы жақсы білуге тиіссіз ғой. Жаныңызға батыра айтылған осынау ашық мойындау маған деген махаббатыңызды — ашу-ызаға, мейіріміңізді — өшпенділікке айналдырса нетті (қолыңыздан келетін бұдан басқа ештеңе жоқ қой), сөйтіп, мені мүрдем кетіруге итермелесе екен, — сүйікті жұбайымның көз алдында жан тапсырсам, бұл дүниеде босқа ғұмыр кештім демес ем: бәлкім, осылайша өлім табуым өмірімнің ақырғы сәтіне шейін адал болғандығыма оның көзін жеткізетін шығар.

Сол екі арада Доротея өзіне-өзі келіп, Лусинданың сөзіне қарап оның кім екенін түсіне қойды, сосын дон Фернандоның Лусинданы босату ойында жоғын әрі оған ешқандай жауап қатпай тұрғанын көріп, бар күшін жұмсап түрегелді де, аяғын құшақтай құлап, егіл-тегіл еңірей жылап жатып мынадай әңгіме айтты:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий