Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Қазір құшағыңда ұстап тұрған күн сәулесі көзіңді қарықтырмағанда, аяғыңның астында сұлап жатқан, қашан өзің құтқарып алғанша қасірет құлдығында қала беретін бейшара Доротеяны әлдеқашан байқаған да болар едің-ау. Мен — сол өзің білетін, қайырымдылығың арқасында әлде көңіл ауанымен өзің зор құрмет көрсеткен, сөйтіп сүйгенім деп атаған шаруа қызымын. Мен — сол өзің білетін, қарапайымдылық аясынан әрі аспайтын қуанышты ғұмыр кешіп жатқан, бірақ ақырында үздігуіңе, шынайы секілді боп көрінген сезіміңе үн қатып, оңаша тірлігінің қақпасын ашып тастаған, сөйтіп бостандығының кілтін қолыңа табыс еткен қызбын, алайда осынау ақ-адал пейіліме сен қара ниеттілік таныттың, бұған өзіммен оңаша кездескен кезің және қандай кейіпте жүз көрсеткенің айқын дәлел бола алады. Сонымен бірге, мені бұл жерге ар-намысымның аяққа тапталуы айдап келді деп ойлап қалмағаныңды қалар едім, — жоқ, бұл жерге мені өзімді ұмыт қалдырғаныңнан туған өкініш пен күйік айдап келді. Сен менің өзіңдікі болғанымды қаладың және сондай керемет құштарлық көрсеттің, сондықтан, қазір тіпті басқаға аңсарың ауып тұрған күнде де, бәрібір мендік болмай қоя алмайсың. Ойланып көрші, әміршім, сен ғой сол арудың әдемілігі мен текті жерден шыққанына бола менен теріс айналдың, ал менің шетсіз де шексіз махаббатым оның әдемілігі мен тектілігінің өтеміне жарамай ма екен? Сен аяулы Лусиндаға жар бола алмайсың, себебі сен — мендіксің, ол да саған жар бола алмайды, себебі ол — Карденьонікі. Осы жөнінде ойланып көрші, сонда өзіңнен жиренетін жанға ұнауға ұмтылғаннан гөрі, өзіңді ардақ тұтатын жанға бейіл беруге өзіңді-өзің көндіру әлдеқайда жеңілге түсетініне көзің анық жететін болады. Сен қамсыз-мұңсыз жүргенімді пайдаланып кеттің, пәктігімді арбауға түсірдің, қандай шаңырақтан шыққаным да саған құпия болған жоқ, өз ырқыңа қалай көнгенімді де жақсы білесің, — ендеше, алданып қалдым деп өкінетіндей себебің де, негізің де жоқ. Егер осының бәрі рас болса, егер шынайы кавальеро екенің секілді, шынайы христиан болсаң, онда әу баста қол созым жерде ғана тұрғандай көрінген бақытымды әртүрлі айла-шарғылар арқылы неге алыстата бересің? Егер мені дәл осы қалпымда сүймейтін болсаң, ал мен шын мәніндегі әрі заңды түрдегі зайыбыңмын, ондашы мені, тым болмағанда, күңің ретінде жақсы көріп, жаныңа жақындатсаңшы, өйткені қарамағыңда қызмет етіп жүргенімді өзім үшін зор бақыт, тағдырдың оң қабақ танытқаны деп бағалар едім. Тастама мені, бас тартпа менен, өйтсең менің масқара болғаным жайында жұрт не түрлі өсек пен қауесет таратады, ата-анамды қартайғанда қайғы жұтудан құтқар: себебі олар сенің ата-анаңа ақ пейіл, адал ниетпен қызмет етті ғой, сондықтан өзіңнен оң шешім күтуге ықтиярлы. Егер де менің қаныммен араластыру арқылы өз қанымды қорлаймын дейтін болсаң, онда мына нәрсеге ой жүгіртіп көр: текті рулардың бәрі немесе бәрі дерлік осындай жолдан өткен, сондай-ақ текті жерден шыққандықты анықтар кезде шешенің қаны есепке алынбайды. Оның үстіне, шынайы тектілік адамның ізгі қасиеттері бойынша танылады, егер сен толық қақым бар нәрсенің өзін бұйыртпай өңменімнен итеріп, мейірімсіздік көрсетер болсаң, ондашы менің сенен гөрі тектілеу болғандығым. Сонымен, сеньор, сөзімнің соңында өзіңе айтарым мынау: хош көресің бе, жоқ па, ол өз еркің, бірақ мен сенің жұбайыңмын, бұған куә — өзің айтқан сөздер, оның жалған болуы мүмкін емес және тиіс те емес, егер тек мені қадір тұтпауға себепкер болып тұрған нәрсеңді шыныңмен-ақ қадір тұтатын болсаң; бұған куә — берген сертің, бұған куә — өтірік айтпағаныңа куәлік етуге шақырған көктегі құдірет. Егер мұның бәрі аз болса, онда сауық-сайран кешіп отырған шағыңда ар-ұятыңның үнсіз айқайын еститін боласың, ол өзім айтқан шындықты есіңе салып, мәз-шат көңіліңді жер ететін болады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий