Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ашынған Доротея әлі де талай сөз айтты және сезімге беріліп, көзінің жасын төгіп отырып айтқаны сонша, тіпті дон Фернандоның серіктері де, сол жерде жиналып тұрғандар да көзіне жас алды. Дон Фернандо оның бір сөзін бөлмей мұқият тыңдады, ал Доротея болса, айтарын түгел айтып болған соң, аһ ұрып, солқылдап жылай бастады, оның қаншалықты қайғы шегіп жатқанын көрген және жан ашырлық білдірмеген адамның жүрегі тастан жаратылуға тиіс-ті. Қайғысына ортақтастық білдіріп, сұңғылалығы мен ажарына сұқтанған Лусинда одан көз аудара апмай қалды; жақын барып, жұбату айтқысы да келген, бірақ дон Фернандо оны әлі құшағында ұстап тұрған болатын. Дон Фернандо Доротеяға ұзақ уақыт қадала қарап тұрды, ақыры өте ыңғайсыз жағдайда қалған әрі мұндайды күтпеген ол құшағын жазып, Лусинданы босатып жіберді де:

— Сен жеңдің, аяулы Доротея, сен жеңдің. Айтқан сөзіңнің бәрі ақиқат шындық екенін мойындамасқа дәті жетер жан табылмас, — деді.

Лусинда ес-түстен айрылудың аз-ақ алдында еді, дон Фернандо оны босатқан кезде теңселіп кетті, бірақ дон Фернандо танып қоймасы үшін оның арқа тұсында тасаланып тұрған Карденьо қорқынышын былай серпіп тастап сол сәтте-ақ оны сүйемелдеуге ұмтылып, құшақтай алды да, былай деп тіл қатты:

— Егер шапағаты мол құдірет саған тыныштық таптыруға ниет етіп, солай ұйғарған болса, беу, жүрегімнің адал да табанды һәм сүйікті әміршісі, ондашы бұл тыныштығың менің құшағымнан басқа еш жерде жайбарақат бола алмайды, міне енді сені құшағыма аламын және тағдыр мендіксің деп атауға бұйырған шақтарда бұл құшаққа өзіңді бұрын да талай алғанмын.

Осы сөздерді құлағы шалған, Карденьоны әуелі дауысы бойынша танып қойған Лусинда оған жанарын тіктеді, сосын көз шарасында оның тап сол екені айқын кейіптелген кезде, тұла бойын кернеген қуаныштан әдеп атаулыны былай жиып қойып оны мойнынан құшақтай алды да, бетіне бетін басып тұрған күйі былай деп үн қатты:

— Бейшара тұтқын қыздың заңды қожайыны жалғыз сен ғана, беу, мархабатты мырзам, дұшпан-ниет тағдыр бұған қанша қарсылық жасамасын мейлі, сенің өміріңмен өмір сүретін менің өміріме қандай қауіп-қатер төнбесін мейлі, бәрібір оған өзің ғана қожасың, басқа ешкім де емес!..

Дон Фернандо мен сол жерде жиналып тұрғандар үшін бұл бір ғажайып көрініс болды, бәрі де осынау өте сирек кездесетін оқиғаға таңырқана қарап тұрысты. Доротеяға дон Фернандоның өңі бозарып кеткендей және Карденьодан кек алуды мақсат тұтқандай кейіпте қолын шпагасының тұтқасына қойғандай көрінді; осы ой жылт еткен сәтте-ақ ол асқан әбжілдікпен оның аяғын қос қолдап құшақтай жығылды да, аяғын үсті-үстіне сүйіп, қозғала алмайтындай етіп қатты қысып алған күйі әрі ботадай боздап жылаған күйі былай деп сөйлеп кетті:

— Беу, менің жалғыз ғана жан саям, осынау жеме-жемде не істегелі тұрсың сен? Өз жұбайың аяғыңды құшып жатыр, ал өзің жұбай қылмаққа ниет еткен ару күйеуінің құшағында тұр. Ойланып көрші, құдіретті күштің өзі орайын келтірген нәрсенің шырқын бұзған дұрыс па әлде барлық қиындықты бастан кешіп, шын берілгендігі мен пиғыл-ниетінің пәктігін өзіңе дәлелдеп берген, екі көзін өзіңнен ала алмай, заңды қосағының беті мен омырауын махаббаттың көз жасына суарып тұрған жанды бауырыңа тартқаның дұрыс па? Жаратқан иеме жалынамын және ар-ұятыңа тапсырамын, белгілі болған бұл жағдай ашу-ызаңды қоздырмаса екен, керісінше, оны бәсеңдетсе екен, сонда осынау ғашықтардың өз тарапыңнан ешқандай кедергі көрмей, жаратқан иеміз тарту еткен мерзімнің ұзына бойында тату-тәтті ғұмыр кешуіне ренжіп-налымай ықыласты түрде пұрсат берер едің, осылайша сен абзал да пәк жаныңның тектілігін танытар едің, сөйтіп жұрттың бәрі сенің ындынқұмарлықтан гөрі ақыл-парасатқа көбірек бас иетіндігіңе көз жеткізер еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий