Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сөйтіп, Камилланың көргенділігі мен әдептілігіне көз жеткізген Ансельмо қамсыз-мұңсыз күн кешті, ал Камилла анау күдік алып қалмауы үшін Лотарионы көргенде қабағын жорта қарс жауып алатынды шығарды; Лотарио да, өз тарапынан, Ансельмоның көңілін орнықтыра түскісі келіп, енді оның үйіне барғысы келмейтінін айтып, бұл үшін оған ренжімеуін өтінді, өйткені, Камилланың өзімді жақтырмайтынын сезіп жүрмін, деді; алайда, алдауға ұшыраған Ансельмо бұған үзілді-кесілді қарсы шықты, — міне, осындай сан қырлы өрнек арқылы ол ар-намысын аяққа басудың өрмегін тоқи берді, ал өзі болса мұны бақыт өрмегі деп ойлап жүрген-ді. Ал, махаббат ойнағына қатаң бақылау жоқтығына мәз, ханымының ұятқа қалдырмайтынына, қажет болған жағдайда тіпті белгі беретініне, сондықтан құштар ісімен енді ештеңеге алаңдамай, ештеңеден қорықпай айналысатынына кәміл сенімді Леонелла болса, күнәкарлық құшағына көзді тарс жұмып қойып та кеткен-ді. Сөйтіп жүргенде, бір күні түнде Ансельмо Леонелла бөлмесінен аяқ дыбысын естіді, мұның кім екенін білмекке тәуекел етіп ішке бас сұқпақ болғанында, есікті іштен итеріп тұрғандарын сезді, бұл жағдай оның есікті қайткен күнде де ашуға деген ынтызарлығын оятты; бар күшін салып итерген соң, есік ақыры ашылып, ішке кірді, бірақ сол арада әлдебіреудің терезеден сыртқа секіріп кеткенін көзі шалып қалды; Ансельмо оны ұстап алмаққа, немесе, тым құрығанда, кім екенін көріп қалмаққа, соңынан тұра ұмтылды, алайда бұл ойының ешқайсысын да орындай алмады, өйткені Леонелла оны қос қолдап құшақтай алған-ды.

— Сабыр етіңіз, қайырымды мырзам, — деді ол, — абыржымаңыз және секіріп кеткеннің соңынан да жүгірмеңіз, — бәріне кінәлі — мен, қысқасы, ол менің күйеуім.

Ансельмо оған сенген жоқ, — ашуға булыққан ол қанжарын суырып алды да, Леонеллаға ештеңе жасырмай бәрін түгел жайып салуға әмір етіп, әйтпесе өлтіретінін айтып, қанжарды салып алуға оқталды. Зәресі зәр түбіне кеткен күтуші, не айтып, не қойып тұрғанын өзі де білмей:

— Өлтіре көрмеңіз мені, сеньор, өзіңіз үшін одан гөрі әлдеқайда маңыздырақ нәрсе жайында баяндап берейін, — деді.

— Айт, әйтпесе өлесің, — деді Ансельмо.

— Қазір айта алмаймын, — деді Леонелла, — қазір құтым қашып, берекем кетіп тұр. Таңертеңге шейін шыдаңыз, таңғалғаннан талып түсетін не қилы жайларды естисіз. Тек сіз бекерге абыржымаңыз: жаңа мына жерден секіріп кеткен жас жігіт өз қаламыздың тұрғыны, ол маған үйленуге уәде етті.

Ансельмо мұны қанағат тұтып, таң атқанша күте тұруды ұйғарды, өйткені Камилла жайында әлденендей бір жаман сөз естимін деген ой үш ұйқтаса түсіне кірмейтін нәрсе еді, — жұбайының көргенділігі мен әдептілігіне деген сенімі соншалық болатын; осы себепті бөлмеден шықты да, Леонелланы сыртынан кілттеп, өзіне айтпақ болған сөзін айтпайынша бұл жерден ешқайда аттап баспайтынын ескертті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий