Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Алда ғана сорым-ай! — деп сол арада бекет ұстаушы айқайлап жіберді. — Ана антұрған Дон Кихот бас жағындағы қызыл шарап құйылған местің бірін тесіп жіберген ғой, ал мына кеще төгілген шарапты қан деп ойлаған!

Осы сөзді айтқан ол шоланға барып кірді, қалғандары соңынан ілесті, сол сәт олардың алдынан адам айтса нанғысыз әлем-жәлем қияпаттағы Дон Кихот шыға келді. Үстінде жалғыз көйлек қана екен, шолақтығы сонша, қара санына әзер жетеді, ал арт жағы тіпті бес-алты елідей қысқа көрінді; сидиған ұзын, жүндес сирақтары жуылмағанына көп болғанын жария қып тұр; басына бекетшінің май сіңді қызғылтым түнгі телпегін киіпті, сол қолына Санчоның есіне қайдағы-жайдағыны салатын көрпені орап алыпты, ал оң қолына семсерін ұстаған, онысын оңды-солды сұққылайды әрі өзі құдды дәумен айқасып жүргендей қоқилана сөйлеп қояды. Ең жақсысы, көзінің жұмық болғаны болды, өйткені ол ұйқы құшағында еді, дәумен түсінде сайысып жатқан: бастан кешпек шытырман оқиғаларын көз алдына айқын елестеткені сонша, өзін Микомикона корольдігіне келіп жеткендей, сөйтіп дұшпанымен айқасқа кіріскендей сезінген еді; сөйтіп, дәуге семсер сілтеп жүрмін деп ойлап, местердің бәрін тескілеп тастаған-ды, нәтижесінде шоланның іші көл-көсір шараптан көлкіп жатқан. Соны көрген бекетшінің құтырынып кеткені соншалық, Дон Кихотқа тұра ұмтылып, оны төмпештің астына ала бастады, егер Карденьо мен священник ара түспегенде Дон Кихоттың дәумен шайқасы мәңгілікке аяқталған болар еді, ал бейшара рыцарь тіпті соның өзінде де ұйқысынан оянған жоқ; ақыры шаштараз барып құдықтан үлкен қазанға толтырып салқын су құйып әкелді де, оны басынан аяғына дейін малшындырды, Дон Кихот содан кейін ғана оянды, бірақ ұйқылы-ояу күйде өзінің қандай кейіпте екенін байқамады. Доротея болса, оның шолақ та жеңіл-желпі киімін байқап қалып, досы мен дұшпанының арасындағы шайқасты қызықтамай-ақ қоюды ұйғарған.

Санчо еденнен дәудің басын іздеп, қарамаған жері қалмай, ақыры таппаған соң былай деді:

— Бұл үйсымақты білем — үй емес, барып тұрған жын-шайтанның ордасы. Өткен жолы тап осы арада беймәлім біреу ал кеп ұрып, ал кеп ұрып әңкі-тәңкімді шығарды, — ал, соның кім екенін өзім осы күнге шейін көрген емен, — қазір енді бас жоғалып отыр, ау оны қалай шауып түсіргенін өз көзіммен көрдім емес пе: қан деген шелектеп ақты ғой.

— Ау, сен қайдағы қанды, қайдағы шелекті айтып тұрсың, жаратқан иеміз бен қасиетті әулиелердің жеккөрінішті жетімегі-ау? — деп айқайлап жіберді бекетші. — Ей, сен өзің көріп тұр емеспісің, алаяқ-ау, қанның местері тесілген шелектерден ағып жатқанын, — жоға, дұрысында, керісінше болып жатыр дегім келіп еді, — мына арадағы дүниенің бәрі қызыл шарапта қалқып жүр, местерді тескеннің жаны да тозақта тап осылай қалқып жүргей!

— Түк түсінсем бұйырмасын, — деп жауап қатты Санчо, — білетінім тек, сол басты іздеп таппасам, ең бақытсыз адам өзім болмақпын, өйткені графтыққа жетем деген арманым суға батқан тұздай із-түзсіз жоғалмақ.

Ояу жүрген Санчо ұйқтап жүрген Дон Кихоттан да жаман болды — мырзасы берген уәдеге бар ықылас-пейілімен ұйып қалғаны байқалады. Қожайынының есерлігі мен атқосшысының жайбарақаттығы бекетшінің жынын келтірді, сөйткен соң, енді бұлар менен оңайлықпен құтылмайды, өткен жолғыдай түк төлемей кетіп қала алмайды, деп қарғанып-сіленді, — бұл жолы рыцарьлықтың айрықша құқы дегеннің оларға көмегі болмайды, өткен жолғыға да, осы жолғыға да төлейді, оған қоса, жыртылған местерге жасалатын жамаудың да өтемін қайтарады, деді.

Священник Дон Кихотты қолынан ұстап тұрған, сондықтан анау шытырман оқиға аяқталған екен, қарсы алдымда принцесса Микомикона тұр екен деп ойлап қалып, священниктің алдына тізерлей кетті де, былай деп үн қатты:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий