Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Құдіретіңізге құлдық, ізгі жүректі және даңқты сеньора, осынау жиіркенішті жанның өзіңізге енді ешқандай жәбір көрсете алмайтынына сене беріңіз. Ал, өзім болсам, берген сертімнен енді азатпын деп санауыма болады, өйткені жасаған иеміздің жарылқауы мен бір сол үшін ғана тіршілік етіп, тыныс алып жүрген сүйіктімнің қамқорлығы арқасында, ол сертімді кәдімгідей ғып орындап шықтым.

— Не деп едім сіздерге? — деп айқайлап жіберді бұл сөздерді естіген Санчо. — Мас емес едім ғой, ешқандай. Сыбағасын берген ғой дәуге қожайыным, олла-біллә! Қысқасы, істің беті бері қарады, графтығым да ұзамай қолыма тиіп қалар!

Мырзасы мен малайының — екеуінің бірдей сандырақтап тұрғанына кім күлмейді дейсің? Бәрі де күлді, тек бекетші ғана күлмей, бұларды қарғап-сілеумен болды. Ақыр соңында священник, Карденьо мен шаштараз үшеуі қатты шаршап-қалжыраған Дон Кихотты әке-көкелеп жүріп төсегіне қайта жатқызды, анау жатқан бойда ұйқтап кетті. Оны ұйқысын қандырсын деп сол жерде қалдырған олар дәудің басын ақыры таба алмаған Санчоның көңілін жұбату үшін есік алдына шықты. Алайда, одан гөрі местерінің мезгілінен бұрын опат болғанына опынып, өлшеусіз қайғыға батқан бекетшіні жұбату қиынға түсті. Ал, бекетшінің әйелі болса, ол да бақырып-шақырып, зарын төгіп жатыр еді:

— Осы бір кезбе рыцарь үйіме жамандықтан басқа ештеңе әкелген жоқ, желкемнің шұқыры ғана көретін кісі екен өзі — соншалықты шығынға батырды мені! Өткен жолы түнемеге ақыры түк ештеңе төлеместен тайып тұрды: өзіне берілген, атқосшысына берілген, атына берілген және есегіне берілген нәрселерге — кешкі асқа да, төсек-орынға да, сабанға да, сұлыға да өтем жасамай кетті: мен рыцарьмын, шытырман оқиға іздеймін, дейді (сондай оқиғаларға шырматылып, шыға алмай қалғыр — өзі де, дүниедегі шытырман оқиға іздеуші атаулының бәрі де!), сондықтан төлеуге міндетті емеспін, кезбе рыцарьлар қауымының ережесінде солай жазылған, деп шайнайды. Одан соң маған мына сеньор келді, — тағы да бәрі әлгінің қырсығынан, — құйрығымды сұрап әкетті де, жұлым-жұлым қып бүлдіріп қайтып әкелді, енді оны күйеуім өз қажетіне жөндеп пайдалана да алмайды. Осының бәрі аздай, местерімді тескілеп, ішіндегі шарабын ағызып жіберу деген не сұмдық, қанын солай ағызып жібергей-дағы біреу! Мейлі не қылса да еркі білсін, бірақ, әке-шешемнің асыл бейнелерімен ант етейін, ол маған соқыр тиыныма шейін санап беретін болады, әйтпесе атымды басқа қойыңдар, өз ата-анамның қызы болмай-ақ кетейін!

Бекет ұстаушының ашу мен ызаға ерік берген әйелі міне осылай деген еді, ал мейірбан күтушісі Мариторнес оны қоштап-қуаттаумен болды. Қызы әредік-әредік мырс етіп күлгені болмаса, түк үн қатқан жоқ. Местер мен шарапқа қатысты зиянның, әсіресе бұл жерде айрықша бағаланатын құйрықтың бүлінуіне байланысты шығынның бәрін толық өтеуге уәде берген священник дау-дамайды тыйды. Доротея Санчо Пансаны жұбатып, мырзасының дәудің басын алғаны дәлелденсе, онда корольдігінде тыныштық орнаған бойда оған ең тәуір графтықты беретінін мәлім етті. Санчо бұған қатты қуанып, дәудің басын көргені рас екенін, тіпті мынадай бір ерекшелігін: бастың сақалы белуардан келетінін де есінде сақтап қалғанын айтып, принцессаны сендіре бастады, ал оның жоғалып кетуінің жалғыз ғана себебі, бұл үйдегі оқиғалардың бәріне сиқырлау мен көз байлау араласады, деді; оған бұл, Санчо, өткен жолы көз жеткізіпті. Доротея өзі де солай ойлайтынын, бекер-бос күйзеле бермеуі керегін, бәрі де ойдағыдай болатынын айтты.

Сөйтіп, бәрінің көңілі бірлеген кезде священник хикаятты аяғына дейін оқып шығуға ұсыныс білдірді, өйткені аз-ақ қалыпты. Карденьо, Доротея және басқалары одан оқып шығуын өтінді. Сөйткен соң, жиналғандарды рақатқа батыру үшін және өзі де ләззат алу үшін ол хикаятты оқуға қайта кірісті, ал хикаят мына жерден үзілген болатын:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий