Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Аһ, мейірімді Леонелла! Райымнан қайтаруға тырысып әуре бола ма деп ойға алған ісім жайында өзіңе ештеңе айтпағанмын, соны қазір орындауға дәтім жетпей тұр, қане, Ансельмоның қанжарын алшы, қасиетсіз кеудеме қадашы оны! Жо-жоқ, тұра тұр, неге мен біреудің кінәсіне бола қасірет шегуге тиіспін? Ең алдымен, Лотарионың ардан жұрдай әдепсіз көзі бойымнан соншалықты не тапқанын, неге бұлайша аяқ асты батырлық көрсетіп, қара ниет құштарлығын маған баян еткенін, сөйтіп өзінің досын масқарашылыққа ұшыратып, менің ар-намысымды аяққа басқанын білгім келеді. Баршы терезеге, Леонелла, шақыршы оны, — қазір оның көшеде тұрғаны анық: арсыз тілегім қашан орындалар екен деп тосып тұрған шығар. Бірақ, одан бұрын менің тілегім — қатыгез болғанымен қасиетті тілегім орындалар.

— Аһ, қадірлі ханым! — деп сарнап қоя берді әрі аңғарымпаз, әрі бәрінен хабардар Леонелла. — Қанжар сізге не керек? Шынымен-ақ өзіңізді өзіңіз өлтіргіңіз келе ме әлде Лотарионы өлтірмексіз бе? Бірақ, қандай жағдайда да бәрібір ар-намысыңыз бен жақсы атыңызды харап қыласыз. Одан да іштен тыныңыз да, осынау азғынды өзіміз оңаша отырғанда табалдырықтан аттатпаңыз. Ойлап көріңізші, синьора, біз нәуетек әйелміз, ал анау ер адам және оның үстіне әй-шайға қарамайтын дөкір біреу. Егер ол мұнда құштарлықтан көзі қарауытып, арам пиғыл жетегімен келген болса, онда ойға алғаныңызды орындаймын дегенше өзіңіз үшін өлімнен де жаман боп шығатын ниетін іске асырып та үлгеруі мүмкін ғой. Әй, осы Ансельмо мырзамды-ай, анадай алдамшыны үйінде еркінсітіп қойғаны несі екен? Айталық, синьора, оны өлтірдіңіз дейік, — меніңше, көздеп жүргеніңіз де осы сияқты, — сонда мәйітті қайтпекпіз?

— Не істейміз дейсің бе? — деді Камилла. — Оны Ансельмо жерлесін, — бұл іс оған көңілді демалыс секілді көрінетін шығар, өйткені ол жерге өзінің масқарашылығын көмеді ғой. Ал, шақыр енді оны мұнда, — қара ниеті үшін қайтарылатын кекті кешеуілдете беруім — жұбайылық адалдыққа берген сертіме сатқындық жасаумен бірдей секілді боп тұр өзіме.

Ансельмо бәрін естіп тұрды және Камилланың әр сөзінен ол жайында қаншалықты теріс ойда болғанын түсініп тұрды; ал Лотарионы өлтіруге анық бекінгенін аңғарған кезде, мұндай істі болдырмас үшін тығылған жерінен шыға келіп, бой көрсетуге оқталды, бірақ ештеңеден шімірікпейтін осынау өжеттік пен осынау ізгі ниетті шешім немен аяқталарын білуге деген құмарлық оны кідіртіп қойды, жеме-жемге келгенде ғана шығып, Камиллаға тоқтау салармын деп ұйғарды.

Ал, бұл екі арада Камилла өтіріктен ес-түстен айрылып, талып кеткен болды, сөйтіп кереуетке гүрс етіп құлаған кезінде Леонелла шар ете қалды да:

— Ойбай, бұл не деген сұмдық! Қандай бақытсыз сорлы едім — жер бетіндегі тазалықтың жауһары, ізгі қасиетті жұбайлардың әулиесі, ұстамдылықтың қайталанбас үлгісі көз алдымда дүниеден озғалы жатыр ғой... — деп зар илеп жылай бастады.

Бұған қосымша ол тағы талай нәрсені айтты, мұны естіген жанның бәрі де оны әлемдегі ең жанашыр және адал күтуші, ал ханымын қуғын көріп жүрген жаңа Пенелопа деп ойлап қалар еді. Камилла көп күттірмей-ақ есін жиды, басын көтеріп, жан-жағына қаранған соң:

— Саған не болған, Леонелла, күн астындағы және ай астындағы әлемге біткен ең адал досты неге шақырмайсың мұнда? Асықсаңшы, барсаңшы, жүгірсеңші, ұшсаңшы, жайбасарлығың ашуымның күшін азайтып жібермесе неғылсын, арман еткен әділ кегім қаһар төгіп, қарғыс айтумен сейіліп кетпесе неғылсын, — деді.

— Барам, бара жатырмын, ханым, — деді Леонелла, — тек әуелі қанжарыңызды маған беріңізші, әйтпесе мен жоқ кезде бірдеңе жасап қоярсыз да, жақын-жуықтарыңыз кейін өмір бойы жылаумен өтер.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий