Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Біліп қой, Ансельмо, өзіңе айтуға оқталған бір сөзімді айта алмай, өзіммен өзім арпалысып, азапқа түсіп жүргеніме көп күн болды, енді оны сенен жасырар шамам жоқ және қақым да жоқ. Біліп қой, Камилла есімді қамал берілуге көнді, қандай шарт қойсам да қабылдауға дайын. Бар шындықты өзіңе осы күнге шейін айтпай келгенімнің жалғыз ғана себебі — бұл оның әйелдерге тән әншейін қылтың-сылтыңы емес пе екен, өз рұқсатың бойынша білдіре бастаған сүйіспеншілік сезімім шынайы нәрсе ме, соны сынақтан өткізіп, тексеру жайын ойластырып жүрген жоқ па екен, соған анық көз жеткізгім келген. Бұған қоса, егер Камилла адал жұбай болса және екеуіміз ойлағандай ізгі қасиеттердің иесі болса, онда өзіне ынтызарлық білдіргенімді саған хабарлайтын шығар деп ойлағам, бірақ оның бұған асықпай жүргенін көріп, берген уәдесінің жалған еместігін түсіндім, — ал маған ол киім-кешегіңді сақтайтын бөлмеде (рас-ақ: өздері әдетте дәл осы бөлмеде табысатын), өзің тағы бір жаққа кеткен кезде жолығысуға уәде етті. Алайда, ашуға ерік беріп, жедел түрде кек қайтаруға кіріспей тұра тұруыңды сұрар едім, өйткені ол әзірше тек қиялмен ғана күнә жасады, ал оны іс жүзінде жасағанша ойы өзгеріп, басқа арнаға ауытқуы, сөйтіп әлгі күнәні опасыз пиғылына деген өкініш алмастыруы әбден мүмкін ғой. Ендеше, осы күнге шейін әрдайым немесе әрдайым дерлік ақыл-кеңесімді тыңдап келсең, қазір өзіңе айтқалы отырған тағы бір кеңесіме құлақ сал: кейін бәрін көзіңмен көріп, көңілге түйгеннен кейін қандай шара қолдануыңа болатыны жайында байсалды байлам жасауың үшін мұны жақсылап есіңде сақта. Өткен жолғыдай, екі-үш күнге бір жаққа баратыныңды айт та, өзің киім-кешек сақтайтын бөлмеге тығылып қал, онда кілемдер мен басқа да мүліктер тұрғандықтан осыған өте қолайлы орын боп табылады. Сол жерде екеуіміз Камилланың қандай пиғыл-ниетте жүргенін өз көзімізбен көретін боламыз, егер ойға алған ісі опасыздық болса, солай екенінде шүбә жоқ, онда алтын басыңды қорлағаны үшін аяусыз жаза беретін, артық сөзге бармайтын, бәрін алдын-ала ескерген, ақылмен әрекет ететін жендетке айналуыңа болады.

Лотарионың айтқандары Ансельмоны әрі таңғалдырып, әрі таңдандырып, тығырыққа тіреп қойды, өйткені мұндай әңгімені енді естимін деп мүлдем күтпеген, — Лотарионың жалған үздігуін жұбайы үзілді-кесілді тыйып тастады деп ойлап, төбесі көкке елі жетпей жүрген. Еденге көз аудармай қараған қалпы ұзақ отырды, сосын ақыры:

— Сен нағыз дос екеніңді дәлелдеп бердің, Лотарио. Ақыл-кеңесіңді бұлжытпай орындайтын болам. Не істесең соны істе, бірақ мына күтпеген жағдайға орай мұны құпияда сақта, — деді.

Лотарио соған уәде етті, бірақ Ансельмоның үйінен шыққан бойда-ақ әлгі айтқандарына оңбай өкінді, мұның үлкен ақымақтық болғанын түсінді, өйткені осынша қатыгездік пен жексұрындыққа бармай-ақ Камилладан оның өзі-ақ кек ала алатын еді. Ұшқалақтығы үшін өзін-өзі қарғап-сілеп, ұстамсыздығы үшін тілдеді, бұл ағаттықты қалай жөндеп, тығырықтан жол табу үшін қандай амал жасау керегін білмей дағдарды. Ақыр соңында Камиллаға барып болған жайдың бәрін айтып айыптанғанды жөн көрді; бұның ретін келтіру оған қиынға түскен жоқ — сол күні-ақ онымен оңаша жүздесті, өздерін ешкім тыңдап тұрмағанына көз жеткізіп алған соң Камилла былай деді:

— Білесің бе, жаным Лотарио, жүрегімнің қатты ауырып, сыздап тұрғаны сонша, осы қазір жарылып кететін секілді, егер де ақи-тақи жарылмаса онда бір ғажаптың көмегімен ғана аман қалуы мүмкін. Бері қара: Леонелланың арсыздыққа салынғаны сонша, көңілдесін үйіме алып келіп түні бойы ойнап-күлетінді шығарды, мұнысы менің жақсы атыма нұқсан келтіріп жүр, өйткені әлгі жігіттің беймезгіл уақытта үйімнен шығып бара жатқанын көргендердің ойына не түрлі күмән кіруі мүмкін ғой. Маған әсіресе ауыр тиетіні — оны не жазалай алмайтыным, не ұрсып-сөге алмайтыным, өйткені өз іс-қылықтарымыздың басы-қасында жүргендіктен оның іс-қылығы жайында жұмған аузымды ашпауға мәжбүр болам, осының бәрі бір бәлеге бастай ма деп қорқам.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий