Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Лотарио үйіне қайтты, Ансельмо болса мәз-шат көңілде қала барды. Осынау өрескел әурешіліктің ойдағыдай аяқталуы үшін не істеу керегін білмей басы қатқан Лотарио, алайда, сол күні түнде-ақ Ансельмоны қалай алдап, Камилланы қалай ренжітпеудің жолын ойлап тапты. Сөйтіп, ертеңіне досының үйіне түстенуге барды, Камилла оны жайдары көңілмен қарсы алды — жалпы, қашан барса да ол мұны айрықша жылы мейіріммен қарсы алып, жаны қалмай күтетін, өйткені оған деген күйеуінің ықылас-пейілі қандай екені өзіне жақсы мәлім-ді. Міне, түскі ас та ішілді, ыдыс-аяқ та жиналды, сол арада Ансельмо Лотариоға тығыз шаруамен бір жерге баруы керек боп тұрғанын, бір жарым сағаттың айналасында қайтып оралатынын айтып, оған шейін Камилламен бірге бола тұруын сұрады. Камилла оған бармай-ақ қойсаңшы деп жалына бастады, Лотарио оны шығарып салуға тілек білдірді, бірақ Ансельмо табандап тұрып алды, — Лотарионы қайткенде де өзін күте тұруға көндірді: оның, Ансельмоның, мұнымен аса маңызды бір шаруа жайында сөйлесуі керек көрінеді. Ал, Камилладан өзі қайтып оралғанша Ансельмоны жалғыз қалдырмауын сұрады. Қысқасы, жедел шаруамен, шындығында, жүдә өтірік шаруамен, асығыс кетіп бара жатқандай көрінгені сонша, мұның жалғандығына ешкім күмән келтіре алмаған болар еді. Ансельмо шығып кетті де, асханада Камилла мен Лотарио екеуі ғана қалды, өйткені малайлар түскі асын ішіп жатқан. Лотарио өзін бейне бір майдан алаңында, — Ансельмо өзі тап болса екен деп армандаған майдан алаңында, — қалғандай, қарсы алдында айдай сұлу ажарымен-ақ қарулы рыцарьлардың қалың тобын жер жастандыратын жау тұрғандай сезімде болды, — Лотарионың не себепті қорқынышқа бой алдырғанын түсінерсіз деп ойлаймын. Сондықтан, креслоның таянышына шынтағын қойып, алақанымен жағын тіреген ол, ең дұрысы, әдепсіздігі үшін Камилладан кешірім сұрап, Ансельмо оралғанша кішкене көз іліндіріп алғысы келетінін айтқан ғой деп шешті. Камилла оның креслода ұйқтағанша, эстрадоға жайғасқаны жайлырақ болатынын байқап, Лотарионың сонда барып жатуын сұрады. Алайда, Лотарио одан бас тартып, Ансельмо келгенше креслода жатып ұйқы соқты, ал анау Камилланы өз бөлмесінде отырған жерінен, Лотарионы ұйқтап жатқан жерінен тауып, кішкене кідіріңкіреп қалған екем, бұлар, шамасы, сөйлесіп те, тіпті шамалы қалғып та алуға үлгерген екен деп ойлады, сөйткен соң Лотарио ұйқысынан оянғанша дегбірі кетіп дызақтап бітті — оянған бойында оны үйден алып шығып, қандай жаңалық барын сұрамақ еді. Бәрі де тілегеніндей-ақ болды: Лотарио оянды, сол бойда екеуі сыртқа шықты, ол Лотариоға сұрақ қойды, анау алғашқы кездесуде-ақ бәрін жайып салған жарамсыз болар деп тапқанын, сондықтан әзірше тек оның сұлулығына сұқтанып, ақыл-парасаты мен ажары қала жұртының аузынан түспей жүргенін айтып мақтаумен болғанын хабарлады, сондықтан ол, Лотарио, негіз қаланды деп есептейді: Камилланың ықыласын баурауға бағытталған әрекетін бастап та кетті және оны алдағы әңгімеге дайындап қойды, осы себепті келесі жолы ол мұның аузынан шыққан әр сөзге жан-тәнімен құлақ қоятын болады, сол үшін бұл әр адымын аңдап басатын адамды тура жолдан тайдыру мақсатында шайтанның өзі қолданатын қулыққа барып отыр: түнектің рухы боп табылатын шайтан жарықтың рухына айналып, мейірімділік кейпіне енеді емес пе, өтірігі әу баста-ақ әшкере боп қалмаса, қашан ойлаған мақсатына қол жеткізгенше бет-бейнесін ашып көрсетпейді емес пе. Бұл айтылғанның бәрі Ансельмоның көңілінен шықты, сөйтіп ол енді күн сайын, тіпті үйден кетпей-ақ, әлденендей үй-ішілік шаруамен шұғылданған боп жүріп-ақ, оны Камилламен оңаша қалдыратынын, мұның әншейін айла-шарғы екені Камилланың қаперіне кіріп те шықпайтынын мәлім етті.

Сөйтіп, біраз күн бойы Лотарио Камилламен жақ ашып бірде бір мәрте сөйлескен жоқ, ал досын онымен әңгімелесіп жүрмін, бірақ осынша уақыттың ішінде оны тура жолдан аз да болса ауытқитындай ештеңеге үгіттеп көндіре алмадым, дәме етерліктей дәнеңе сездірген жоқ, деп сендірумен болды; ол өз алдына, егер пасық пиғылдан арылмасаң, бәрін күйеуіме айтып берем деп қорқытады, деді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий