Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Шаштаразды Карденьо да, дон Фернандо мен оның серіктері де жақтап шықты; дон Луистің мәселесін қалай біржақты қылу жайындағы ойдың шырмауына ілікпегенде тіпті аудитордың да соның жағына көшері кәміл еді, бірақ әлгіндей маңызды шаруамен басы қатып жүргендіктен ол мынадай ермекке ешқандай дерлік көңіл аударған жоқ.

— Жасаған құдай сақтай гөр! — деп айқайлап жіберді дал болған шаштараз. — Апырай, қадірменді мырзалардың мұны сақал қыратын леген емес, дулыға деп табандап тұрып алғаны неғылғаны? Мұны естісе тіпті ғылым-білім қордаланған тұтас бір университеттің өзі таңғалғаннан талып түсері анық. Бұл арада енді бас қатыратын не бар: егер мына леген — дулыға болса, онда, мына сеньор өңештеп қоймай тұрғандай, ердің де — жабу болғаны ғой, шамасы.

— Меніңше, бұл ер секілді. Әйтсе де, бұрын айтқанымдай, мен бұл іске араласпаймын, — деді Дон Кихот.

— Ер ме, жабу ма — оны сеньор Дон Кихот айтуға тиіс, — деп мәлім етті священник, — рыцарьлық жабдық-жарақтың жайын мына сеньорлар да, мен де бұл кісіден артық білмейміз.

— Құдай атымен ант етейін, мархабатты мырзалар, — деп Дон Кихот қайта сөйлеп кетті, — өзім екі рет тоқтаған мына қамал-сарайда неше түрлі ғажайыпты бастан кешкенім сонша, аталмыш мекен-жайға қатысты сауалдардың қандайына да оң жауап беруге тәуекелім бармайды, өйткені мұнда болып тұратын оқиғалардың бәрі де жадылау арқылы жүзеге асатынын сезем. Алғашқы жолы осында жатқан жадыланған мавр маған көрмегенді көрсетті, оның жандайшаптарынан Санчо да сыбағасын алды, ал бүгін түнде қолымнан байланған қалпымда екі сағаттай салақтап тұрдым, мұндай кесепаттың басыма қайдан тап болғанын әлі түсіне алар емеспін. Міне, сондықтан да мына бықи-тықи былықтар жайында бірдеңе айту менің тарапымнан әбестік боп шығар еді. Бұл дулыға емес, леген дейтін пікірді ұстанғандарға жауабымды беріп те қойдым, ал енді анау ер ме әлде жабу ма дейтінге келер болсақ, бұл жайында нақты бір байламға тоқтай алмай тұрғаным себепті, мұны, мархабатты мырзалар, өз қалауыңызға қалдырам: өзім секілді рыцарьлар қатарына қабылданбағандықтан сіздерге жергілікті сиқыршылар ешқандай дәрмен жасай алмайтыны себепті, осыған орай ұғым-түсініктеріңіз тәуелсіз болатыны себепті, аталмыш қамал-сарайда болып жататын жайлардың бәріне өз долбар-пайымымша баға беретін маған қарағанда, бәлкім, сіздер әрі әділ, әрі шындыққа сай келетін пікір айтатын шығарсыздар.

— Бұған дау жоқ, — деп сөзге дон Фернандо араласты, — сеньор Дон Кихот тамаша айтты: шын мәнінде де бұл мәселені біздің шешкеніміз жөн, сол үшін, шешім салмақты да салиқалы боп шығуы үшін, мен құпия түрде мына сеньорлардан пікір жинаймын, нәтижесі қандай болғаны жайында соңынан толық есеп берем.

Дон Кихоттың дәлдүріштігін білетіндер ішек-сілесі қатып күліп жатты, ал өңгелерге, оның ішінде дон Луистің төрт малайы мен дон Луистің өзіне де, сондай-ақ бекетке енді ғана келіп кірген, түрлеріне қарағанда жасауыл тәрізді көрінген, кейін анықталғанындай, шын мәнінде де жасауыл боп шыққан, үш жолаушыға да, мұның бәрі адам айтса нанғысыз ақымақшылық іспетті көрінді. Бірақ, басқаларға қарағанда жеке меншік легені көз алдында Мамбрин дулығасына айналып шыға келген, ал есегіне салатын ері дәл қазір, оған зәредей күмән жоқ, керемет көркем жабуға айналмақшы шаштараз көбірек күйіп-пісіп, зығырданы қайнап тұрған; ал бұл кезде жұрт дон Фернандоның қалай пікір жинап жүргенін көріп мәз бола күлісіп жатқан-ды: ол әркімге кезекпен-кезек жанасып, сыбырлай сөйлеп, үлкен дау-дамай тудырып жатқан мына асыл қазынаның ер ме әлде жабу ма, не екенін өзіне құпия түрде айтып беруін сұрастырып жүрген-ді; Дон Кихотты жақсы білетіндердің пікірлерін жинастырғаннан кейін ол, жұрттың бәрі еститіндей ғып мынаны жария етті:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий