Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Осыны айтып ғашық бала үнсіз қалды; дон Луистің өз сезімі жайында шешілген кездегі шешендігі мен парасат-пайымы аудиторды қатты таңырқатты, сонымен бірге ол не істеу керегін білмей дағдарып та қалған, өйткені бәрі аяқ астынан, күтпеген жерден болған-ды; осыған байланысты ол әзірше оған ештеңе айта да алмады, ақыл-кеңес те бере алмады, бар-жоғы тек сабасына түсіп, бәрінің де көңілін көншітетін шешімнің жайын асықпай ойластыру үшін малайларды ертеңге шейін ұстап қалу керек деген ұйғарым жасады. Қарсылық білдіргеніне қарамай дон Луис оны қолынан сүйіп, көзінің жасымен суғарды, оның бұл ісі аудитордың жүрегін ғана емес, тастан жаралған жүректі де жұмсартқан болар еді, ал аудитордың өзі, ақылды адам болуы себепті, бұл некенің қызына қандай игілік әкелетінін бек жақсы біліп тұрған; ол тек бұлардың, мүмкін боп жатса, дон Луистің әкесінің ақ батасы бойынша ғана үйленгендерін ғана қалаған, ал оның баласына ақсүйектік атақ алып беруді көздеп жүргенін құлағы шалған-ды.

Дон Кихоттың қорқытып-үркітуіне емес, сендіре, көңілге қонымды дәлелдер келтіре айтқан сөзіне ден қойған меймандар сол екі арада бекетшімен татуласып, ақысын толық өтеген еді, ал дон Луистің малайлары болса мырзаларының аудитормен әңгімесі немен аяқталарын және қандай шешім қабылдарын тосып тұрған, міне дәл осы кезде қашан да сергек жүретін қағылез шайтанның азғыруымен бекетке ана жолы Дон Кихот Мамбрин дулығасын тартып алған, ал Санчо Панса тәуірлеу ер-тұрманын зорлық қылып өз әбзеліне ауыстырып алған, шаштараздың келіп кірмесі бар ма! Есегін ат қораға қоймақ болған шаштараз Санчо Пансаның ер-тұрманмен әуре боп жатқанын көріп қалып, өзінің ерін сол бойда танып, ызадан жарылып кете жаздап Санчоға айқайды сала тап берді:

— Әй, сен, алаяқ, ақыры қолға түстің бе! Сақал қыратын легенімді, ерімді және өзің ұрлап әкеткен ноқта-жүгенімді қайтар жаның барында!

Күтпеген жерден мұндай шабуылға тап болған және өзін қалай сықпырта боқтап жатқанын құлағы шалған Санчо бір қолымен ерге жармасып, екінші қолымен шаштаразды беттен бір салып, аузын қан қылды; бірақ, бұған қарамастан шаштараз олжасын — яғни, өзінің меншікті ерін, қолдан шығара қоймады, керісінше, айқайды күшейтіп жібергені сонша, бораған боғауыз бен шаң-шұң дауыс бекеттегі барлық тұрғынның назарын аударды.

— Әділ сот, мұнда кел, король атымен шақырам! — деп айқайлады ол. — Мен өз мүлкімді қайтармақ боп жатырмын, ал мына қара жолдың қарақшысы мені өлтіргісі келеді!

— Оттапсың, — деп наразылық білдірді Санчо, — мен қара жолдың қарақшысы емеспін, ал мына олжаны қожайыным Дон Кихот әділ сайыстың арқасында қолға түсірді.

Дон Кихот та осы араға жетіп үлгерген-ді; атқосшысының қалайша қорғанып, қалайша шабуыл жасап жатқанына сүйісіне қарап қалған ол, бұл өзі әбден лайықты адам екен-ау деген тұжырымға біржола орнығып, құйттай қолайлы сәт туған бойда-ақ оны рыцарьлар қатарына өткізуге өзіне-өзі сөз берді, өйткені Санчо оған рыцарьлар орденінің беделіне бедел қосатын адам секілді боп көрінді. Айтқандайын, ұрыс-керістің қызған шағында шаштараз былай деп мәлім етті:

— Құдайдың маған өлім жіберетіні қандай анық болса, бұл ердің де өзімдікі екені сондай анық, сеньорлар; және бұл ерді туған баламдай жақсы танимын. Оған қоса, мына жерде, атқорада есегім тұр, нанбасаңдар содан барып сұраңдар, әйтпесе өздерің өлшеп көріңдер — егер ерім оған құйып қойғандай шақ болмаса, онда мен арсызбын. Бұл бұл ма: тап сол ерім қолды болған күні жап-жаңа мыс легенімнің де жоғалып кеткенін білдім, — ал ол үшін аз да емес, көп те емес, тұтас бір эскудо төлегенмін.

Сол арада Дон Кихот шыдамай кетті де, екеуінің арасына барып килігіп, ажыратып жібергеннен кейін, ақиқат анықталғанша көптің көз алдында тұруы үшін ерді жерге қойып, былай деді:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий