Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Қысқасы, Дон Кихоттың қылғына айқайлағаны сонша, жүрегі тас төбесіне шыққан бекетші қақпаны асығыс-үсігіс аша салып, айқай шыққан жаққа қарай жан ұшыра жүгірді, оның соңынан жаңадан келгендер ерді. Бұл айқай-шу Мариторнесті де оятып жіберген-ді, сөйтіп, бұның не себептен шығып жатқан дабыра-шу екенін жылдам аңғара қойған ол жан баласының көзіне түспей сарайға жетіп барды да, рыцарымыз салбырай ілініп тұрған ноқтаны шешіп жіберді, анау сол бойда-ақ бекетші мен жолаушылардың көз алдында жерге жалп етіп құлап түсті; жолаушылар болса, оның қасына жақындап не болғанын, не себепті сонша айқайлағанын сұрастырып жатты. Қолына байланған қайысты үн-түнсіз сыпырып тастаған Дон Кихот орнынан тұрып, Росинантқа қонғаннан кейін, қалқанын көкірегіне тұтып, найзасын көлденең ұстап, әжептәуір қашыққа ұзап кетті; сонан соң атының басын жалт бұрып, тебініп қалды да, шоқырақтай шапты, шауып келе жатқан күйі былай деп айқай салды:

— Егер де кімде-кім мені тектен-тек жадыланбаған дейтін болса, мейірбан ханымым принцесса Микомиконаның рұқсатымен сол адамның суайт екенін әшкерелеп, оны жауап беруге мәжбүр етем және жекпе-жекке шақырам!

Жаңадан келгендер Дон Кихоттың сөзіне таңырқанып қалысты, бірақ бекетші Дон Кихоттың кім екенін түсіндіріп, оған ешқандай көңіл бөлудің қажеті жоқтығын, миы шатысқан адам екенін, сондықтан таңғалмай-ақ қоюларына болатынын айтты.

Сол кезде олар бекетшіден жасы он бестердегі, қашыр айдаушы боп киінген бозбаланың ғайыптан-тайып бекетіне түскен-түспегенін сұрады, сөйтіп донья Клара ғашығының түр-сымбатын егжей-тегжейлі суреттеп берді. Қожайын бекетте адамның қарақұрым екенін, ондай баланы көрген-көрмегенін есіне түсіре алмай тұрғанын айтты. Осы арада жаңадан келгендердің бірі аудитордың күймесін көріп қалды да:

— Әрине, ол осында, — анау мырзамыз соңынан қалмай еріп келе жатқан күйме. Біреуіміз қақпаның жанында қалайық, басқаларымыз бекеттің ішінен іздесін, сондай-ақ, анау дуалдан қарғып қашып кетпеуі үшін, тағы біреуіміздің бекетті сыртынан торуылдағанымыз дұрыс болар, — деді.

— Дәп солай жасаймыз, — деді екіншісі.

Сол арада екеуі бекетке қарай кетті де, үшіншісі қақпа жанында қалды, ал төртіншісі бекетті сыртынан орағыта бастады; олардың бұл тірлігін үнсіз бақылап тұрған бекет иесі неліктен осыншама әбігершілік жасалып жатқанына қайран болды, бірақ жаңадан келгендердің әлгінде ғана ерекше белгілерін өзіне сипаттап берген бозбаланы іздестіріп жүргенін ол жақсы түсініп тұрған.

Сол екі арада күн де ұясынан көтерілген еді, бір жағынан, осы себептен, екінші жағынан, Дон Кихоттың айқай-ұйқайынан, барлығы да оянып, тұрып кеткен болатын, ал жұрттың бәрінен бұрын Клара мен Доротея тұрған-ды: біріне — ғашығының таяу маңда жүргені маза бермесе, екіншісіне — сүйгенін көруге деген ынтызарлық тыныштық бермеген-ді, бір сөзбен айтқанда, екеуінің де ұйқыларының сәні кетуіне себеп жеткілікті болатын. Төрт жолаушының бірде біреуі өзіне зәредей көңіл аудармағанын және шақыруын қабыл алмағанын көрген Дон Кихот күйініш пен ызадан жарылып кете жаздап шақ тұрды, егер рыцарьлық қарекет қағидалары кезбе рыцарьға уәдесін орындамай жатып басқа бір іспен айналыспайтыны жөніндегі сертіне қарамай-ақ жаңа бір шаруаларды қолға алып, сонымен шұғылданып кетуге ерік беретін болса, онда бұл әлгілерді қолма-қол шабуылдап, шақыруын қабыл алуға еріксізден-еріксіз мәжбүр етер-ақ еді, бірақ Микомиконаны өз корольдігіне енгізбей тұрып жаңа әрекетке кірісуіне болмайтынын және тиіс те еместігін есінде ұстаған ол сабасына түсіп, жаңадан келгендердің әурешілігі немен тынарын күтіп үнсіз қалды; ал олардың бірі сол тұста бозбаланы іздеп тауып та алған-ды, — өзін біреулер іздеп жүр-ау деген ойдан мақұрым бозбала шын мәніндегі қашыр айдаушының жанында ұйқыны соғып жатқан, ал өзінің қолға түскенінен, екібастан, бейхабар-тұғын. Жаңадан келген оны білегінен шап беріп ұстай алды да:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий