Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Рыцарьмысыңдар немесе атқосшымысыңдар, кім болсаңдар да мейілдерің! Қамал-сарайдың қақпасын тарсылдатып қаққанды қойыңдар, өйткені мынадай құлқын сәріде ондағы тұрғындардың тәтті ұйқыда жататыны өзінен-өзі түсінікті ғой, оған қоса, қай қамалдың да қақпасы күн өз сәулесін күллі әлемге таратқан кезде ғана ашылатыны мәлім. Сөйтіп, ат басын бұрыңдар да, таңның атуын күтіңдер, сендерге қақпаны ашуға бола ма, әлде болмай ма, оны кейін көре жатамыз.

— Қайдағы қамалды немесе қамал-сарайды айтып тұрсыз және бізге әлденендей бір шарт қойып, әрнені шатып тұрғаныңызға жол болсын! — деп айқайлап жіберді салт аттының бірі. — Егер бекет иесі болсаңыз, онда қақпаны ашсын деп әмір етіңіз, — атымызды жемдеп аламыз да әрі кетеміз: шұғыл шаруамен бара жатырмыз.

— Апырай, рыцарьлар-ай, мен бекеттің қожасына ұқсай ма екем? — деп сұрады Дон Кихот.

— Кімге ұқсайтыныңызды мен білмеймін, — деп жауап қатты екінші салт атты, — білетінім тек сандырақтап тұрғаныңыз ғана, өйткені бекетті қамал-сарай деп атайсыз.

— Бұл — қамал-сарай, — деді Дон Кихот айтқанынан қайтпай, — және қандай — айнала-маңдағы ең тәуірлерінің бірі, бір кезде тұрғындарының қолында — аса таяқ, басында — тәж болған.

— Керісінше болғаны, яғни, аса таяғы — басында, тәжі — қолында

болғаны жақсы еді, — деп құлаққағыс етті саяхатшы. — Және олар, менің ойымша, масқарапаз біреулер ғана шығар, себебі олардың асай-мүсейлері арасынан тәж бен аса таяқты жиі кезіктіруге болады, оған қоса мына бекет тым шағын, ар жақтан ешқандай дабыр-дұбыр естілмейді, сондықтан бұған тәж киіп, аса таяқ ұстауға лайық тұлғалардың тоқтай қоюы екіталай.

— Кезбе рыцарьлардың қандай жағдайларға жолығып жататынынан хабарың болмаса, өмірден де білген-түйгенің көп емес шығар, — деді наразы Дон Кихот.

Бұл берекесіз ит-ырғылжың Дон Кихотпен тіл қатысып тұрған салт аттының серіктерін жалықтырып жіберді де, олар қақпаны қайтадан бар күшпен тарсылдатып қаға бастады, нәтижесінде бекетте қонып жатқандардың бәрі түгел ұйқысынан оянды, ал бекетші кім мазалап жатқанын білмекке қақпаға қарай беттеді. Дәл осы мезгілде жаңадан келгендердің астындағы аттардың бірі Росинантты иіскелеуге ынтық бола қалды, ал ана қайғылы да қамкөңіл, құлағы салбырап, сұлқ тұрған бейшара аспан мен жердің арасында салақтаған қожайынын өз денесімен демеп тұрған-ды; бірақ, ағаш ат секілді көрінгенімен, қанша дегенмен, кеудесінде жаны бар тірі хайуан болғандықтан ол да қарыздар қалғысы келмеді — өзіне ықылас білдірген атты ол да иіскелеуге кірісті; сөйтіп, бұның сәл ғана қозғалуы мұң екен, Дон Кихоттың аяғы керіліп сала берді де, ерден сырғып кетті, егер қолы байлаулы болмағанда гүрс етіп жерге құлауы да ықтимал еді; сонымен бірге, ол құдды біреу қолын білезігінен кесіп жатқандай немесе иығын шығарып жіберуге тырысып жатқандай денесінің жан шыдатпай ауырғанын сезді, — тым төмен салбырап қалғаны сонша, башпайлары жерге тиер-тиместей боп тұрған, бірақ бұл оның жағдайын одан әрмен ауырлата түскен еді, себебі тағы кішкене тырмысса табанымен жер басатынын сезіп, аяғын жерге тіреу үшін битін салып жатқан-ды, — жазалау құралына блок таңдалған, дар ағашына өте төмен асылған қылмыскерлер тап осылайша өз азабын өзі ұлғайта түсетін: тағы да шамалы талпынса табаны жерге тірелердей көріп, бойын барынша созып бағуға тырысатын.

ХLІҮ тарау

Бұл тарауда бекеттегі құлақ естіп, көз көрмеген оқиғалар жайындағы әңгіме әрмен жалғасады

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий