Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Соны айтып, көп ойланып тұрмастан, Доротеяның алдында тізесін бүкті де, өзінің кезбелік-рыцарьлық тілінде мәртебелі ханымға мына қамал-сарайдың төтенше қасіретке тап болған иесіне жедел түрде жәрдем көрсетуіне кеңшілік жасап, пұрсат беру жөнінде өтініш білдірді. Принцесса қуана-қуана келісім берді де, Дон Кихот қалқанын бетке ұстап, семсерін суырып алып, қақпаға қарай тұра жүгірді, ол жерде екі мейман бекетшіге әліге шейін асықпай әлімжеттік жасап жатқан болатын; бірақ Дон Кихот оларға жақындай бере қалт тұрып қалды, Мариторнес пен бекетшінің әйелі кідірмеуін, бірі қожайынын, екіншісі күйеуін жедел құтқарып алуын сұрап айқайлағандарымен, былқ етпеді.

— Мен асықпайын деп тұрмын, — деді Дон Кихот, — өйткені, қарапайым қызметшілерге қарсы семсер суыруға қақым жоқ. Атқосшым Санчоны шақырыңдар, өйткені бұндайлардан арашалау мен кек қайтару соның үлесіндегі шаруа.

Бұл әңгіме бекеттің қақпасы жанында айтылып жатқан-ды, ал ол жерде айтуға тұрарлықтай дәрежеде дөп тиіп, дәл соғылған жұдырықтар сол бұрынғыша жаңбырдай жауып, бекетшіге әжептәуір мөлшерде зиян әкеліп, Мариторнестің, әйелі мен қызының жанын қоярға жер таптырмай тұрған, Дон Кихоттың қоянжүректігі, сондай-ақ бірінің қожайыны, екіншісінің жұбайы, үшіншісінің әкесі тап болған мына қасірет оларды қатты күйзелтіп жіберген.

Әйтсе де, бекетшіні аз уақытқа жайына қалдыра тұрайық, өйткені оны арашалап алатындардың табылары анық, ал табылмаса — әлі келмейтін іске тәуекел етіп әлек болғаны үшін шыдасын, қыңқ еткен дыбыс шығармасын, сөйтейік те, елу қадамдай кейін жүріп дон Луистің аудиторға не деп жатқанына құлақ түрейік: біз олардан аудитор бозбаладан неліктен жаяу келе жатқанын, не себепті үстіне соншалықты жұпыны киім кигенін тәптіштеп сұрап жатқан кезде қол үзіп едік қой. Сол арада бозбала бейне жүрегі қайғыдан қарс айрылып тұрғанының белгісіндей оның қолын қатты қысып ұстап алған күйі және көзінің жасын көлдетіп тұрып былай деді:

— Мархабатты мырза! Сізге айтарым тек біреу ғана: мейірбан ханымым донья Клараны көруіме құдіретті күш оң қабақ білдірген сәтте-ақ, бұған өзіңізбен көршілігіміздің де септігі тигені рас, сол бір қас қағымда-ақ сіздің қызыңыз, ал менің мейірбан ханымым, жүрегімнің қожасына айналған болатын, егерде сіздің жүрегіңіз, шын мәніндегі әміршім әрі әкем, бұған қарсылық білдірмесе, онда ол тап бүгін менің зайыбыма айналады. Тек сол үшін ғана мен туып-өскен үйімді тастап шықтым, тек сол үшін ғана мынадай киімді кидім, сөйтіп нысанаға қарай атылған оқ секілді, компастың жетегіне ерген теңізші секілді ол қайда барса сонда бармаққа соңынан қалмай ілесіп келем. Өзіне деген сезімім жайында ол тек көзімнен сорғалаған жастан байқағанынан басқа ештеңе де білмейді, оның өзін де тек бірнеше рет алыстан ғана көрген болатын. Сізге, сеньор, ата-анамның дәулетті әрі ақсүйек әулеттен шыққан адамдар екені мәлім шығар, мен олардың жалғыз ғана мұрагер ұлымын, егер тілегімді толық қанағаттандыру жөнінде шешім қабылдауыңызға осының өзі жеткілікті деп ойласаңыз, онда мені тап осы қазір ұлым деп атаңызшы. Егер де әкем, басқаша бір өзіндік ой-жоспарын орындамақ боп, іздеп тапқан қазынамды дұрыс бағаламайтын болса, онда күйрету мен өзгерту жағына келгенде уақыт шіркіннің адам мүддесінен әлдеқайда әлдірек болатыны белгілі ғой.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий