Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Дон Кихот оның ишарат-белгілері мен дауысына басын бұрып, дәл осы сәтте сәулесін әсіресе мол шашырата бастаған айдың жарығында сарай ішінен әлдекімнің өзін шақырып тұрғанын көрді; сонымен бірге, бұл ойық оған терезе секілді және жай әншейін терезе емес, сән-салтанаты мол қамал-сарайдың алтын жалатқан тор көзді қақпағы бар терезесі секілді елестеп кетті, өйткені өзі бекетті осындай қамал-сарай ретінде қабылдап жүрген болатын; сол сәт оның қиюы қашқан ой-қиялына қамал-сарай иесінің үлбіреген сұлу қызы қазір де тап сол өткен жолғыдай құштарлық сезімін тыншытар дәрмен таппай, бұған тағы есі кете ынтығып тұрғандай көрініп кетті; осы байламға бекігеннен кейін, өзі жайында жақсылықты білмейтін тәкаппар адам деген ой тумасын деп тізгінді қағып қалды да, ойыққа таман жақындап, ар жағындағы екі қызға былай деп үн қатты:

— Махаббат қызығына бату жөніндегі арман-қиялыңыз бойыңыздағы бар жақсы қасиеттер мен мейірім-қайырымыңызға сай дәрежеде жауап қайтару мүмкіндігінен ада болған адамға бағышталғанына зор өкініш білдіріп тұрмын, сүйкімді сеньора, — және ол үшін бейшара кезбе рыцарьды айыптауыңыздың ешбір реті жоқ, өйткені Амур оған көз қиығы түскен сәтте-ақ жүрегінің әміршісіне айналған жаннан басқа ешкімнің ықтиярында болуға рұқсат етпейді. Кешіріңіз мені, аса құрметті сеньора, отауыңызға оралыңыз, маған сүйіспеншілік сезіміңізді білдірмей-ақ қойыңыз, өйткені сіздің алдыңызда тағы жаманатты болғым келмейді. Ал, әгәрәки, өзіңіз мені осыншалықты сүйе тұрып, маған әлденендей бір, әлбетте, махаббатқа қатысы жоқ, нәрсеге байланысты қызмет көрсету жөнінде өтініш айтқыңыз келсе, айта беріңіз — қазір бұл арада болмай тұрған еркетотай аяшымның атымен ант етейін, не тілесеңіз соны, тіпті Медузаның бір уыс шашын болсын мейлі, — ал бұл өзі шын мәнінде шаш емес, жыландар ғой, — немесе тіпті күннің әйнек құтыға қамалған сәулесін болсын мейлі, кірпік қағымда-ақ тауып берем.

— Мейірбан ханымым мұндайдың ешқайсысына мұқтаж емес, сеньор рыцарь, — деп жауап қатты бұған Мариторнес.

— Сонда мейірбан ханымыңыз не нәрсеге мұқтаж, данагөй дуэнья? — деп сұрады Дон Кихот.

— Тек сіздің шарапатты қолыңызға ғана, — деп жауап қатты Мариторнес, — осы терезеге өзін алып келген құштарлықтың отын өшіру үшін қолыңызды созыңыз, ал оның бұл құштарлығы ар-ұятын айрандай төгуі де ғажап емес, өйткені әкесі көріп қойса жонынан таспа тілері кәміл.

— Е, оны көріп алармыз! — деп дауыстап жіберді Дон Кихот. — Байқасын, махаббат отына өртеніп жүрген балауса қызына қол жұмсауға дәті барғаны үшін жер-дүниедегі бірде-бір әке бастан кешіп көрмегендей ақиретке ұшырағысы келмесе, абайласын.

Дон Кихоттың қолын созбай қоймайтынына көзі жеткен Мариторнес қандай әрекет жасау керегін түсіне қойды, сөйтті де құстай ұшып ат қораға барып, Санчо Панса есегінің ноқтасын алды да, ойықтың қасына кеп тұра қалды; ал Дон Кихот болса, дәл осы кезде, өз түсінігінше, ар жақ бетінде махаббат буына балқыған бикеш отыр деп ойлаған темір тор тұтылған терезеге, ер үстінен еңкейіп қолын сұғып, бәсең үнмен былай деп тіл қатты:

— Міне, мынау, сеньора, сізге ұсынып тұрған қолым, немесе, дұрысын айтқанда, дүниедегі күллі қара ниеттінің қатері. Міне, мынау сізге ұсынып тұрған қолым, деймін сізге, осы күнге шейін оған ешбір әйел затының қолы жанасқан емес, тіпті өзімнің бүткіл болмысымды басы-бүтін баурап алған арудың да қолы жуықтаған емес оған. Мен оны сізге сүю үшін емес, тек сіңірлерінің тарамын, бұлшық еттерінің жымдасуын, тарамыстарының ұзындығы мен жалпақтығын жақсылап көріп алуыңыз үшін ғана ұсынып тұрмын, осыған қарап-ақ қолдың басы мұндай болғанда, қолдың өзі қандай қуатты болатынын өзіңіз де жобалай аласыз.

— Оны қазір көреміз, — деді Мариторнес, соны айтып ноқтаның бір ұшын тұзақтап жіберді де, оны Дон Кихоттың білезігіне кигізіп, мықтап бекітіп, екінші ұшын жүгіріп барып сарай қақпасының ысырмасына тас қып байлап тастады. Қайыстың қолына батқанын сезген Дон Кихот былай деді:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий