Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Құдай сақтасын, мен тіптен басқа нәрсе жайында айтып тұрмын! — деп дауыстап жіберді Санчо. — Микомиконский ұлы корольдігінің королевасымын деп жүрген мына сеньораның, марқұм шешем қандай королева болса мұның да сондай адам екені мен үшін — дау тудырмайтын ақиқат, өйткені королева арамыздағы бір жігітпен әлсін-әлі және әр нәрсені бір сылтауратып сүйісе бермес еді.

Бұл сөзді естіген Доротеяның беті ду ете қалды, — шындығында да, жұбайы дон Фернандо жұрттың көзін ала беріп сезіміне әбден тиесілі сыйлықтың бір бөлегін ала қою мақсатында әлденеше рет оны ернінен өпкен болатын, ал Санчо оны көріп қойып, мұндай жеңілтектік осыншама ұлы корольдіктің королевасынан гөрі құшаққұмар бикештерге ғана лайықты нәрсе деп ұйғарған-ды, міне сондықтан да Доротея Санчоға қарсы дау айтарлықтай дәнеңе таппаған, қияпатсыз сөзін де бөліп жібере алмаған, ал анау болса бұл кезде сөзін әрмен жалғап жатты:

— Мұны айтып тұрған себебім мынау, сеньор: екеуіміз жер-дүниені шарлап жол кеземіз, соншама мазасыз түндер мен одан да мазасыз күндерді бастан өткереміз, сөйткен барлық еңбегіміздің жемісін ойда жоқта осы арада, жолаушылар бекетінде, мына қыздың қытығын тапқан жігіт жинап алады, ол қалай? Ендеше, Росинантты да, есекті де, жорғаны да ерттеуге асығып нем бар, одан да осында тырп етпей отырған жақсы: жезөкшеге ойнаған рақат, ал бізге тойлаған рақат, деген бар емес пе.

Құдай басқа бермесін, атқосшысының сөлекет сөзі ашуын келтірген Дон Кихот жарылып кете жаздады! Қатты ашынғаны сонша, бойын діріл билеп, демігіп, көзінен от шашырап, былай деп дауыстап жіберді:

— Беу, дарақы диқан, көргенсіз, кісәпір, надан, тілін тістеген міскін, ауызы лас азғын, өсекші және жалақор! Менің алдымда, сондай-ақ мына айтулы ханымдардың алдында мынадай сөзді айтуға қалай дәтің барады сенің, сондай-ақ, осындай арсыз да анайы ойларды мына милау басыңа қалай мықтап орнықтырғансың сен? Жоғал, көзіме көрінбе, жаратылыстың жексұрыны, өтіріктің ордасы, жалғандықтың жиынтығы, пасықтықтың қоймасы, қаскөйліктің ұйытқысы, өсек-аяң таратушы, король тұқымынан шыққандарға ешқандай құрмет көрсетпейтін мұндар! Жоғал, ашу үстінде әкеңді танытқанымды қаламасаң, көзіме көрінуші болма!

Ызадан іші қыж-қыж қайнаған ол қабағын қарс түйіп алды, беті долырып сала берді, көзі ойнақшып кетті, ақыр соңында оң аяғымен жерді бар күшпен бір тепті. Осындай сөздерді естіген, осындай ашулы мінезді көрген Санчоның зәресі зәр түбіне кетіп қорыққаны сонша, егер қарсы алдынан жер қақ айрылып, өзі соның жарығына түсіп кетсе, бұған ол тек қуанбаса ренжімеген болар еді, сондықтан сеньорына жедел жон арқасын беріп, жан шыдатпас ашуынан дереу бас сауғалағанды жөн көрді. Алайда, Дон Кихоттың мінезі өзіне таңсық болудан қалған, тапқыр Доротея оны сабасына түсіруді көздеп, былай деді:

— Сеньор, Қайғылы Бейне Рыцары, әдепсіздің әңгімесін айтқаны үшін ақпейіл атқосшыңызға ренжімей-ақ қойыңыз: кім біледі, бәлкім, сөзінің жаны бар шығар? Зерделі адам әрі шынайы христиан екені мәлім болуы себепті, оның біреуге жала жабуы мүмкін-ау деп күмән келтірудің өзі бекер, сондықтан да шүбә-сезік атаулының бәрін былай серпіп тастап, мына өзіңіздің, сеньор рыцарь, айтуыңызша, бұл қамал-сарайдағы оқиғалардың бәрі жадылау мен сиқырлау арқылы жүзеге асып жатады деп жобалайтын болсақ, онда деймін-ау, Санчо өз көзіммен көрдім деп сендіріп тұрған, менің ар-намысыма нұқсан келтіретін нәрсенің бәрі жай әншейін жын-шайтанның алдап-арбауы боп шығуы да мүмкін ғой.

— Құдіретті құдайдың атымен ант етем, дәл таптыңыз, жоғары мәртебелім! — деп дауыстап жіберді Дон Кихот. — Көз байлау арқылы ғана көруге болатын нәрсені мына күнәкар Санчоның көруіне әлдебір сайтан септік жасағаны кәміл, бұл бейбақтың адалдығы мен бетке айтатын туралығы өзіме жақсы мәлім, ол біреуге күйе жағу дегенді білмейтін жан.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий