Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Бұған таңырқамай-ақ қой, достым Санчо, — деп қарсылық білдірді Дон Кихот. — Шайтандардың шамадан тыс тақыс келетіні есіңде болсын: олар жүрек айнытатын жаман иіс таратады, бірақ өз бойынан ешқандай иіс бөлмейді, өйткені олар — жын-жыбырлар, ал егер иіс шығара қалса, жағымды иіс шығармайды, қолқаны қабатын сасық иіс мүңкітеді. Мұның себебі, олар қашан да тозақтың топанына тоғытылып жүреді және азап-ақиреттеріне жеңілдік алудан ада-күде қол үзген, ал жақсы иістің жанды жай таптырып, рақатқа бөлейтіні белгілі, сондықтан бұлар ешқашан жақсы иіс шығара алмайды. Ал, егер өзің айтқан жын-жыбыр амбра иісін таратып тұрса, онда не сенің алданып қалғаның, не шайтан екенін біліп қоймауың үшін оның сені алдап жібергені.

Мырзасы мен малайының арасындағы әңгіменің сиқы осындай еді; ал дон Фернандо мен Карденьо болса, ойға алған істерінің сырын Санчо аяғына дейін аңғарып қоймасы үшін, — ол біраз жайды жобалап та қалған-ды, — тезірек жүріп кеткенді жөн көрді, сол үшін бекетшіні оңашаға шақырып, Росинант пен Санчоның есегін ерттеуге әмір етті, анау мұны аса бір әбжілдікпен орындады. Сол аралықта священник жасауылдармен сөйлесіп үлгерген, олар Дон Кихотты барар жеріне дейін шығарып салуға келісті, бұл үшін оларға қанша тәулік жол жүргендеріне қарай ақы төленетін болды. Карденьо Росинант ерінің қасына бергі жағынан қалқанды, арғы жағынан сақал қыратын легенді іліп, ым-ишарат арқылы Санчоға есегіне қонып, Росинантты жетекке алуды, ал мушкет асынған екі жасауылға: бірі — оң жағынан, екіншісі — сол жағынан арбамен қапталдаса жүріп отыруды бұйырды. Алайда, арба орнынан қозғалмас бұрын бекетшінің жұбайы, оның қызы және Мариторнес үшеуі құдды бір Дон Кихоттың басына түскен бақытсыздыққа қатты қайғырған жандардай кейіп танытып, онымен қоштасуға келді. Дон Кихот болса, оларға былай деді:

— Жыламаңыздар, мейірбан сеньораларым, — мұндай қысталаң жайлар өзім таңдаған салада қарекет жасап жүргендер үшін үйреншікті нәрсе, егер осындай теперішке тап болмасам, онда өзімді айбынды кезбе рыцарь қатарына қоспаған болар ем, өйткені көпшілікке танылмаған және ерекше істерімен аты шықпаған рыцарьлар мұндай шытырман оқиғаларды ешқашан бастан кешпейді, сол себепті олар ешкімнің есінде қалмайды, ал айбынды рыцарьлардың жөні бір басқа, өйткені патшалар мен рыцарьлардың көпшілігі бұлардың ізгі қасиеттері мен жүрек жұтқан батырлығын көре алмайды, сөйтіп түрлі зымиян айла-шарғы арқылы олардың көзін құртуға тырысады. Алайда, ізгілік қуатының сарқылмас молдығы сонша, алғаш ойлап тауып іске асырған Зороастрдың күллі қара ниет сиқыршылығына қасақана, қандай өткелектен де қиналмай өтіп, жер бетіне күндей күліп шуақ шашып тұратын болады. Егер өздеріңізге әлденендей бір жәбір жасасам, — ондай жәбірді, әлбетте, еркімнен тыс түрде жасаған шығармын, өйткені ешкімді ешқашан әдейі де арнайы жәбірлеп көрген емеспін, — кешіре көріңіздер мені, сүйкімді ханымдар, сонсоң өзімді беймәлім арамза сиқыршы әкеп қамап тастаған мына қапастан құтқаруын сұрап құдайға құлшылық етіңіздер. Егер еркіндікке шыға қалсам, өзіме осынау қамал-сарайда жасалған жақсылықтар мәңгі бақи есімде жүретін болады, сөйтіп өздеріңізге осыған лайық құрмет-қошемет, сый-сыяпат көрсететін болам.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий