Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Дон Кихот қамал-сарайда тұратын әйелдермен әңгіме-дүкен құрып жатқан кезде, священник пен шаштараз дон Фернандомен және оның серіктерімен, капитанмен және оның ағасымен, сондай-ақ тағдырына дән риза барлық ханыммен, соның ішінде әсіресе Лусиндамен және Доротеямен қоштасты. Бәрі бір-бірімен құшақтасып, хабар алысып тұруға уәде етісті, ал дон Фернандо священникке хатты өзіне қайда жазуға болатынын хабарлап, Дон Кихоттың кейінгі тағдыры жайында хабарлауын өтінді, бұл өзін өте қызықтыратынына сендірді, сондай-ақ, өз тарапынан, священникке қызықты көрінуі мүмкін жайлар туралы: өзінің үйлену тойы, Зораиданы шоқындыру, дон Луистің тағдыры және Лусинданың ата-анасының үйіне қайтып оралуы жайында егжей-тегжейлі хабарлайтынын айтты. Священник оның өтінішін бұлжытпай орындауға уәде етті. Бәрі де қайтадан құшақтасып, қайтадан үйіп-төгіп уәде берісті. Сол арада бекетші священникке келіп, оған әлденендей бір қағаздарды табыс етіп тұрып, бұларды Пәруайсыз әуестік жайындағы хикаят жатқан сандықша астарынан тауып алғанын хабарлады, иесі ақыры төбе көрсетпегендіктен, мұны священниктің алуына болатынын айтты, өйткені өзім бәрібір оқи алмаймын, сондықтан мұның маған қажеті жоқ, деді. Священник алғыс жаудырып, сол бойда-ақ қолжазбаны ашып жіберіп: Ринконета мен Кортадильо жайындағы хикаят деген тақырыбын оқып шықты, осыған қарап шамалағанда мұнда тағы бір хикаяттың бары анық болды; сөйтіп, Пәруайсыз әуестік секілді бұл да біршама тәуір дүние боп шығар, өйткені, айқын аңғарылып тұрғанындай, екеуінің де авторы бір адам екен деп түйген ол, оңтайы келген бойда-ақ оқып шықпақ боп қолжазбаны қоржынына салып қойды.

Одан соң шаштараз досы екеуі атқа қонды да, арбаның артынан ерді — екеуінің де бетінде перде бар-ды, өйткені Дон Кихот өздерін танып қоймасын деген. Шеру мынадай тәртіппен қозғалып келе жатты: ең алда — иесі айдап келе жатқан өгіз арба; оның қос қапталында — әлгінде айтылғандай, мушкет асынған жасауылдар; арбаның соңында — есегіне мініп, Росинантты жетекке алған Санчо, ал ең артында — әлгінде баян етілгендей, бетперде киген, паң да маңғаз пошымға енген, қашырларының алғыр аяңын өгіздердің сылбыр жүрісінен оздырмауға тырысып тізгін тартып, священник пен шаштараз келе жатты. Ал, тордың ішінде аяғын созып жіберіп, торға арқасын сүйеп, қолы байлаулы Дон Кихот отырды, жуас-қоңыр, момақан түріне қарап, оны тірі адам емес, бейне бір тастан қашап жасалған мүсін бе деп қалуға болатындай-ақ еді. Осылайша үн-түнсіз, жай басып алға жылжыған олар екі мильдей жерді артта қалдырғаннан кейін бір жасыл алқапқа жақындады, бұл ара арбакешке демалуға және өгіздерін оттатып алуға өте оңтайлы көрінген-ді, бірақ священникпен кеңесіп алған шаштараз тағы да шамалы жүре түскендері дұрыс екенін, өйткені әудем жерден көрініп тұрған жотаның арғы жағында шалғыны бұдан да қалың, арбакеш тоқтауға ниет еткен мына арадан әлдеқайда тәуір шабындық барын білетінін айтты. Шаштараздың пікірі үстем болып, саяхатшылар жүрісін жалғады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий