Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Әңгіме былай, сеньорлар: ұнай ма, ұнамай ма, оны білмеймін, бірақ өздеріңіз қаншалықты жадыланған болсаңыздар менің мырзам Дон Кихот та соншалықты жадыланған, — ақыл-есі сап-сау, басқалар секілді ол да, күні кеше, әлі торға қамалмаған кездегідей, тамақ ішеді және табиғи қажеттігін өтейді. Ендеше, оның жадыланғанын маған немен дәлелдей аласыздар? Себебі, жұрттан естуімше, жадыланғандар тамақ та ішпейтін көрінеді, ұйқтамайтын да, сөйлемейтін де көрінеді, ал менің мырзам, егер тоқтатпай сөйлете берсең, бір өзі соттың отыз қызметшісінен артық сөйлеп береді.

Одан соң ол священникке қарап сөзін жалғады:

— Аһ, сеньор священник, сеньор священник! Апырай, мархабатты мырзам-ай, мені өзіңізді танымайды деп және мына жаңа сиқыршылықтың нендей мақсатты көздейтінін түсінбейді деп қалай ғана ойладыңыз екен? Біліп қойғаныңыз артық болмас, бетперде астына қанша жасырынсаңыз да, бәрібір, өзіңізді танып тұрмын, біліп қойғаныңыз артық болмас, айла-шарғыларыңызды қанша қымтасаңыз да, бәрібір, түсініп тұрмын. Бір сөзбен айтқанда, қызғаныш патшалық құрған жерде ізгілікке орын жоқ, жомарттық пен сараңдық ешқашан сиыспайды. Әттең! Егер сіз, діндар әкей, бөгет жасамағаныңызда мырзам инфанта Микомиконаға әлдеқашан-ақ үйленген болар еді, ал мен кем дегенде граф атағын алған болар ем, — оған Қайғылы Бейнемнің қайырымдылығы, сондай-ақ көрсеткен қызметімнің маңыздылығы кепіл! Жұрттың: Фортуна доңғалағы диірмен доңғалағынан жылдамырақ қозғалады және кеше біреу аспандап тұрса бүгін жер табандап жатады, дейтін сөзінің жаны бар екеніне көзім әбден жетіп тұр. Әйелім мен балаларымды қатты аяп тұрмын, өйткені әкелері үйіне аралдың губернаторы немесе әлденендей бір корольдіктің — қалай еді әлгі? — бөспе-королі43 боп оралады деп ойлауға толық қақылы еді ғой олар, ал оның орнына ол атшы боп оралмақ. Мұның бәрін, сеньор священник, өзіңізге айтып тұрғандағы жалғыз ғана мақсатым, сізге, жоғары мәртебелі діндар әкей, мырзама көрсеткен жәбір-жапаңыз үшін өкініш білдіріп, райдан қайтуыңыз керегін ескерту ғана, өйтпеген жағдайда, байқаңыз, оны қамап тастағаныңыз үшін ана дүниеге барғанда құдай қатты реніш білдіріп жүрмесін, тұтқынға қамалған уақыты текке кетіп, осы уақыттың ішінде бірде бір ізгі іс тындырмағаны үшін және ешкімге көмектеспегені үшін жазғырып жүрмесін сізді.

— Қалай-қалай сайрайды мынау! — деп шаштараз сөйлеп кетті. — Байқаймын, Санчо, мырзаң екеуің егіз қозы секілдісіңдер. Құдай ақы, сені де анаған серік қып торға бірге отырғызып қою керек-ау, онымен бірге сенің де жадыланғандар жағдайында болғаның жөн-ау деген ой келіп тұр маған, өйткені оның қылду-сылдуы мен рыцарьшылдығы саған да жұғыпты. Берген уәделерімен сені ол онша бір оңды мақсатта қызықтырмаған, өзің арман ететін әлгі арал да сені оңды мұратқа жетелеп тұрған жоқ.

— Қызықтыруға болатындай мен қыз емеспін, — деп қарсылық білдірді Санчо, — мені әлі ешкім қызықтыра алған жоқ, тіпті корольдің өзі де; жарлы-жақыбай болғаныммен шын берілген христианмын және ешкімге ештеңе қарыз емеспін. Арал жайында арман ететінім де рас, ал басқа біреулер одан да нашар нәрсені армандайды, бәрі де адамның өзіне байланысты, ендеше, мен адам екенмін, аралдың губернаторы түгіл папа да бола алам, ал арал дегеннің мырзам біреуін емес, мыңын жаулап ала алады, тіпті таратып беретін адам да табылмай қалуы мүмкін. Не деп тұрғаныңыз жайында ойланып көріңіз, сеньор шаштараз, бұл сізге сақал қыру емес, жұрттың бәрін бір өлшеммен өлшеуге болмайды. Мұны айтып тұрған себебім, бір-біріміздің сырымызды жақсы білеміз, сондықтан басымды босқа қатырмаңыз. Ал, мырзамның жадыланғанына келсек, құдай ақиқатын көріп тұр, сондықтан әзірше үндемей қоя тұрайық, себебі бұл жағын қозғамай-ақ қойған абзал.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий