Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Священник оны зор ықыласпен тыңдап, каноникті парасат-пайымы мол адам деп, ал әлгі айтқандарының бәрін ақиқат шындық деп тапты, сөйткен соң өзінің де осы пікірді ұстанатынын, рыцарьлық романдарды мейлінше жек көретіндіктен Дон Кихоттың осындай есепсіз көп кітабының бәрін отқа жаққанын жария етті. Сол арада ол каноникке бұл кітаптарды қалай тексеруден өткізгенін, қайсысын отқа тастағанын, қайсысына кеңпейілдік жасағанын айтып берді. Каноник ішек-сілесі қатып күліп алды, сосын әлгінде атап көрсетілгендей кемшіліктерімен қатар рыцарьлық романдардың бір ұтықты қасиеті барын, шығарма тақырыбының өзі-ақ кемеліне келген ақыл-парасатқа мүмкіндігін толық танытуға қолайлы жағдай жасайтынын айтты; өйткені, мұндай шығармалар оған қаламын көсілте сілтеуге болатын кең байтақ кеңістік ашып береді, яғни, оның: кеме апаттары мен дүлей дауылдарды, айқастар мен шайқастарды сипаттауға; бойынан бар жақсы қасиеттің бәрі табылатын: жаудың айла-шарғысын алдын-ала аңғару қажет болғанда — байқампаздық, сарбаздарды сендіру немесе көндіру қажет болғанда — ділмарлық, кеңес бергенде — кемеңгерлік, шешім қабылдағанда — шапшаңдық, шабуылға шыққандағы секілді қорғаныста да — өжеттік танытатын айбынды қолбасшыны бейнелеуге; бірде қайғылы да қасіретті жайларды, енді бірде күтпеген жерден болған қуанышты оқиғаларды тілге тиек етуіне, бірде ізгі қасиеттер иесі боп табылатын, ақылды да аңғарымпаз, асқан сұлу ханымды, енді бірде ер жүрек те сыпайы христиан-рыцарьды, бірде ар-ұяттан ада, әдепсіз бөспені, енді бірде айбатты да инабатты патшаны сипаттауға; вассалдардың ізеттілігі мен адалдығын, сеньорлардың айбары мен ақпейілін жеріне жеткізе суреттеуге барлық мүмкіндігі бар. Шығармашы өзінің астрологияны білетінін де, керемет жақсы космограф екенін де, музыкант екенін де, мемлекеттік істердің жайын жақсы меңгергенін де көрсетуге құқылы, егер көңілі соқса жын-шайтан жәрдемімен жадылау жайын зерделегенін де аңғартып өтуіне бір сылтау табылмай қалмайды. Ол Одиссейдің оралымдылығын, Энейдің діндарлығын, Ахиллдің жүректілігін, Гектордың бақытсыздығын, Синонның сатқындығын, Эвриалдың достыққа адалдығын, Александр Македонскийдің жомарттығын, Цезарьдың айбаттылығын, Траянның мейірімділігі мен шыншылдығын, Зопирдің тұрақтылығын, Катонның кемеңгерлігін — қысқасы, есімі мәлім ерлерді кемеліне келтіріп, даңқын асырған қасиеттердің барлығын да бейнелеуге ерікті, сондай-ақ осы қасиеттердің бәрін бір кейіпкерінің басына үйіп-төгуге де, болмаса бірнешеуіне бөліп беруге де ықтиярлы. Ал, егер осыған сөз саптау көркемдігі мен шындыққа мейлінше жақын болуды көздеген ой-қиял өміршеңдігі қосылса, онда оның түрлі түсті және тәуір жіптерден тоқылған кездеме әзірлеп шығаратынында сөз жоқ және әбден даяр болған кезінде мұның көркем де келісті дүние деп таныларына да дау жоқ, міне, осылайша ол шығармашылықтың ең ұлы мақсатына қол жеткізбек, анығырақ айтқанда, әлгінде құлаққағыс етілгендей, бір мезгілде әрі жөн-жоба көрсетпек, әрі жанға рақат таптырмақ. Тағы бір айтпағым, рыцарьлық романдағы баяндау тәсілінің еркіндігі автордың эпик, лирик, трагик және комик ретінде көрінуіне, сондай-ақ аса сүйкімді де тартымды екі ғылымның: поэзия мен риториканың барлық бейнелеу құралын пайдалануына мүмкіндік береді, — себебі эпикалық шығармаларды прозада қалай жазуға болса, жыр жолдары арқылы да солай туындатуға болатыны белгілі ғой.

ХLҮІІІ тарау

Бұл тарауда каноник рыцарьлық романдар жайындағы, сондай-ақ өзін толғандырып жүрген басқа да нәрселер жөніндегі ой-пікірлерін одан әрі жалғастырады

— Тауып айттыңыз, сеньор каноник, — деді священник, — рыцарьлық романдар авторларының арнайы айыптауға лайық болатыны — олар ақыл-парасат өлшемдерімен есептесіп жатпайды және өнер қағидаларына құлақ аспайды, ал егер осыларды басшылыққа алса, онда грек және латын поэзияларының қос алыбы өлең жазуда қандай зор даңққа ие болса, олар да прозада сондай даңққа бөленер еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий