Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Құдіреті күшті құдай-ай! — деп шыңғырып жіберді Санчо. — Апырай, тақсыр, соншалықты топас және соншалықты кеще ме едіңіз, айтып тұрған сөзімнің шындық екенін, тұтқынға алынуыңыз бен тақсірет тартуыңызға сиқырлықтан гөрі аярлық кінәлі екенін қалай ғана түсінбейсіз? Жә, жарайды, жадыланған дәнеңеңіз жоқтығын қазір-ақ соқырға таяқ ұстатқандай ғып дәлелдейін сізге. Сөйтіп, енді сұрағыма жауап беріңізші, жаратқан иеміз жарылқап, өзіңізді бұл қырсықтан құтқара көрсін-дағы, сөйтіп ақыры бір сәтті күні сеньора Дульсинеяның құшағынан табылғайсыз-дағы!

— Жә, болар, тілене бермей, — деді Дон Кихот, — одан да өзіңе не керегін сұра, айттым ғой саған, жауаптан жалтармаймын деп.

— Өзім де осыны өтінгелі тұр едім, — деп құлаққағыс етті Санчо, —жаныңыздан ештеңе қоспай, ештеңені бүгіп те қалмай ақ-адал шыныңызды айтсаңыз деп ем, өйткені, мына өзіңіз секілді, тақсыр, әскери жолды таңдаған, сөйтіп кезбе рыцарь атағына ие болған жандардың бәрі де солай айтуға тиісті ғой және солай айтады да ғой...

— Ау, саған не дедім, жалған сөйлемеймін дегем жоқпын ба, — деді Дон Кихот. — Сұрасаңшы енді сұрайтыныңды, — шыным сол, Санчо, жалбарынуыңмен, жағаттауыңмен және оңды-солды орағытуыңмен әбден жынымды келтіріп тұрсың.

— Мырзамның адалдығы мен шыншылдығына зәредей шүбәм жоқ. Жә, енді сөздің реті келіп қалған екен, сізден сұрайын дегенім, ұлы сөзде ұят жоқ деген, өзіңізді торға әкеп қамаған кезден бері, ал, өз түсінігіңізше, жадылаған кезден бері, сізде, тақсыр, үлкен немесе кіші мұқтаждықты өтеуге деген ынта-ықылас пайда болған жоқ па?

— Мұқтаждықты өтеу дегеніңнің не екенін түсінбей тұрмын, Санчо. Тура жауап бергенімді қаласаң, күлбілтелемей ашып айт.

— Апырай, кіші және үлкен мұқтаждықтың не екенін шынымен-ақ түсінбей тұрсыз ба? Ау, оны бесіктегі бала да біледі ғой. Қысқасы, айтайын дегенім, тындырмауға болмайтын тығыз шаруаға зауқыңыз соққан жоқ па?

— Ә, түсіндім, Санчо! Талай мәрте соққан, осы қазір де соғып тұр. Қамқорлық жасап, көмектесіп жібергін, әйтпесе мына араны бүлдіріп қоятын сыңайым бар.

ХLІХ тарау

Бұл тарауда Санчо Панса мен қожайыны Дон Кихоттың арасындағы аса бір мәнді әңгіме жайында айтылады

— Солай ма еді! — деп дауыстап жіберді Санчо. — Түстіңіз-ау ақыры бір қолға, білгім келгені де осы болатын және қалай арман еттім десеңізші мұны. Ал, айтыңызшы, сеньор, адам сырқаттанып қалғанда ол жайында әдетте: “Бұған не болғанын білмеймін, құдды біреу дуалап тастағандай тамақ та жемейді, су да ішпейді, ұйқтамайды, сандырақтап сөйлейді”, дейтін сөздің айтылатыны да өтірік пе сонда? Ендеше, жадыланғандар тап сол тамақ жемейтін, су ішпейтін, ұйқтамайтын және әлгінде өзім айтып өткен табиғи қажеттігін өтемейтін жандар ғана боп тұр ғой, әсте де өзіңіз секілді су берсең ішетін, тамақ тауып берсең жейтін және кез-келген сұраққа жауап беретіндер емес.

— Сөзіңнің жаны бар, Санчо, — деді Дон Кихот. — Бірақ, өзіңе құлаққағыс еткенімдей, дуалаудың сан қилы тәсілі бар, сол себепті уақыт өте келе бір түрі екіншісін алмастырып, жадыланғандар бұрын өздері айналыспаған нәрсемен айналысатын, қазір өзім не істеп жүрсем соның бәрін істейтін сиқырлау амалы қолданыла бастауы мүмкін. Сондықтан, уақыт ағымына қарсы шығудың қажеті жоқ, сондай-ақ бұл жайында бәлендей бір байлам жасауға да болмайды. Дуаланғанымды өзім анық білем және осы пікірімнен қайтпаймын, сол себепті де көңілім тыныш, ал егер өзімді дуалаудан аман, тек жалқаулық пен қорқақтықтан ғана торға тығылып отырғандай көрсем, соның салдарынан дәл осы шақта көмегіме айрықша зәру қыруар жоқ-жітік пен жәбір-жапа шеккендерді қамқорлығымнан тыс қалдырғандай сезінсем, онда жанымды қоярға жер таппаған болар ем.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий