Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Қателеспесем, сеньор идальго, әңгімеңіздің сыңайы кезбе рыцарьлар өмірде ешқашан болмаған, рыцарьлық роман атаулының бәрі — бастан-аяқ ойдан шығарылған өтірік, ал мемлекет үшін бұлардың түк пайдасы жоқ, тіпті зиянды да, бұларды оқығаным — ағаттық, бұларда айтылғанға сенгенім одан да асқан өрескелдік, ал жетегіне еріп, соларға еліктеп кезбе рыцарлықтың тар соқпағына түскенім тіптен сорақылық дегенге сайып тұр ғой деймін, сөйтіп, өз ойыңызша, дүниеде ешқандай Амадистер де, Галльский де, Греческий де, сондай-ақ осынау туындылар толы басқа да рыцарьлар болмаған дегенге көзімді жеткізгіңіз келетін секілді.

— Айтайын дегенімді мейлінше анық түсініпсіз, — деді бұған жауап ретінде каноник.

Ал, Дон Кихот сөзін әрмен жалғады:

— Бұған қоса, бұл романдардың маған айтарлықтай зиян тигізгені, өйткені, солардың қырсығынан ақыл-есімді жоғалтып, торға тап болғаным жайында, енді маған жөнделу қажеттігін, сөйтіп басқа сыпаттағы кітаптарды, аналардан гөрі шыншыл, ләззатқа молырақ кенелтетін және тәрбие-тағылымы көп кітаптарды оқуға кірісуім керегі жайында да айттыңыз.

— Солай, — деп мақұлдады каноник.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий